Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қостанайға сәлем) » ZHARAR

0

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қостанайға сәлем) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қостанайға сәлем) на казахском языке

Ар ма елі алқапты Қостанайдың,
намысымды жануға қосқан айбын?!
Топырағыңа табаным тірелгенде,
Ахмет бабам бастаған көш қарайды.

Есен бе екен мекені Ыбырайдың,
ала алмаған сынын да сұмырай күн?!
Көкірегімді кернеген жұпарыңнан,
сырларындай Сырбайдың зымыраймын.

Бейімбетті тудырған ерлігіңнен,
Кеңшіліктің жырындай кеңдігіңнен,
Беу, Қостанай, қосыңнан хош көремін,
Ғафекеңді шалқытқан елдігіңнен.

Бүгіп белің, маңдайдан үгіп терің,
тынып па едің үкілеп үміттерің?!
Қонақтайды Көкбөрі-Жүрегіме,
жанарыңнан көшкенде Түрік тегің.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com