Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету » ZHARAR

0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету на казахском языке

КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады. Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады. Метод – грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда оқушының ақыл-ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады. Оқушылардың үйрену әдісі дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері. Оқу процесін жүргізу жұмысында басшылық рөлді мұғалім атқарады. Сол себепті мұғалімнен білімділік және әдіс-тәсілдерге төселген шеберлік талап етіледі. Ал, оқушылыр болса оқу еңбегіне саналы әрі белсенді түрде қатысу дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет. Осындай екі жақты белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген педагогикалық мақсаттарға жете алады. Оқытудың тиімді методикасының дидактикалық шарттарының бірі оқыту әдістерін дұрыс таңдап ала білу. Бұл ыңғайда мұғалім информациялық және ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Бірінші әдіс бойынша мұғалім бағдарламалық жаңа материалдарды баяндап түсіндіреді. Екінші әдіс арқылы оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне жағдай жасайды. Сөйтіп оқыту мен оқу методтары өзара үйлесімді байланысқа түседі. Яғни информация методы оқушылардың түсінуі мен білім меңгеруіне жағдай жасайды да ұйымдастыру әдісі оқушылардың білімді меңгеру үстінде ізденіске талпынуын тудырады.
Егер оқушы өздеріне ұсынылған белгілі бір әдіс пен таным қызметінің тәсілдерін пайдалану материалды мұғалімнің баяндап түсіндірген күйінде ғана оқып үйренсе, ол еске түсіру қызметі болады. Ал, материалды мұғалім түсіндіргендегіден әлдеқайда кең, терең оқып үйреніп, тиісті тіл заңдылықтарының тақырып аясындағы « жаңалықтарын » меңгерсе, мәселені шешу жолында жаңа әдістер қолданса, онда бұл шығармашылық таным қызметінің көрінісі болады. Еске түсіру мен шығармашылық жұмыс өзара байланысты болғандықтан, оқыту процесінде бұл әдістердің бірін қолданғанда, екіншісінің де элементтері бой көрсетіп отырады.
Оқу материалының мазмұны мен оқыту әдісінің арасында өзекті байланыс болуы – оқыту ісі тиімділігінің бір шарты. Мұғалім материалды мазмұнына, сипатына қарай оны меңгертудің ең қолайлы деген әдістерін таңдайды.
Оқыту әдіс-тәсілдерін таңдағанда мұғалім оқушылардың жеке және типтік ерекшеліктерін, қазақ тілі материалын меңгертуге деген дайындық деңгейін, әрбір оқушының психологиялық ерекшелігін ескереді. Мектепте оқыту жұмысының алдына қойылатын түпкі мақсат – оқушыларға саналы білім, берік практикалық дағды беру және оларға білімді өздігінен меңгеру жолын, сол білімді практикада кәдеге асыра алатындай іскерлікті дарыту. Бұл игі мақсат оқу-тәсілдерін, білімді меңгеру процесінде оқушының өздігінен жұмыс жасауына себебін тигізетін әдістерді қолдану жолымен жүзеге асады. Осыған байланысты бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту ісінде өзін практикада ақтаған әдіс-тәсілдерді анықтау мақсатында «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері» деген тақырып таңдап алдық.
Диплом жұмысының міндеті:
Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне, ғалым-әдіскерлердің еңбектеріне және жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, мұғалімнің қазақ тілі сабақтары барысында бірнеше әдістерді пайдалана отырып, оқу жүйесін тиімді де тартымды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну;
— бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытудың жолдарын ұсыну (атап айтқанда, қиялын, ойларын және қабылдауын);
— оқу процесін ұйымдастыру әдістері;
— оқушыларын үйренетін білім көздерінің әдістері;
— нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістерді атқаратын қызметіне қарай топтастыру.
Зерттеу объектісі: Шымкент қаласындағы № 7 Қ.сыпатаев атындағы, № 47 Т.Тәжібаев атындағы және № 51 Төле би атындағы орта мектептердің бастауыш сыныптарында жүргізілді.
Диплом жұмысын жазудағы мақсат:
Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету.Бастауыш сыныптарда қазақ тілі материалдарын меңгертуде пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдерді жүйеге түсіріп, мектеп мұғалімдеріне ұсыну.
Диплом жұмысын жазуда мынандай ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды:
— қазақ тілін оқытуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жасау және қорытындылау;
— озат ұстардың іс-тәжірибелерін жинақтау және талдау;
— бақылау, әңгімелесу, анкета және тест жүргізу;
— мектерде оқу экспериментін жүргізу.
Диплом жұмысының мақұлдануы:
Біздің зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі № 7 Қ.Сыпатаев, № 47 Т.Тәжібаев атындағы орта мектептерінің педагогикалық кеңестерінде, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студент жастар ғылыми конференциясында талқыланып, қолдау көрсетілді.
Диплом жұмысының құрылысы:
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің кіріспе бөлімінде диплом жұмысының тақырыбын таңдау себебін, оны жазудағы мақсат-міндеттер, зерттеу әдістері, зерттеу объектілері сөз етіледі. Негізгі бөлімінде бүгінгі таңда бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын әдіс-тәсілдер баяндалады. Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстар нәтижелеріне негіздей отырып, қазақ тілін меңгертудің ең тиімді әдіс-тәсілдері тұжырымдалады.
1. Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері
Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты қазақ тілін оқыту методикасының да ғылыми-зерттеу әдісі бар. Қазақ тілін оқыту методикасының алға қойған мақсаты — өзінің зерттейтін объектісін жан-жақты танып білу, заңдылықтарын ашып айқындау. Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегеніміз белгісізді тану, айқындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болмасын зерттелетін объектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші – қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші – жинақталған фпкті немесе метериалдарды талдау, салыстыру, үшінші – сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, объектіні ғылыми танып білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту методикасында да негізгі кезеңдер болып саналады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістерінің де белгілі бір жүйесі бар. Яғни, ол қазіргі тіл ғылымы жаңалықтарын, педагогика, психология пәндерінің өзара байланысын ескеріп отырады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылым ретіндегі дамуының басты шарты – методикалық зерттеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілерді қосу, методика ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, орыс тілін оқыту методикасындағы тәжірибелерді пайдалану, психологиялық әдістерге де көңіл бөлу. Сондай-ақ мектептегі оқыту жүйесі деңгейін зерттей отырып, бақылау жасаумен бірге, методика ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп, мұғалімнің жан-жақты методикалық ізденістерін дамыта отырып, шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қрастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады.
Сонымен, қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері мыналар: методикалық әдебиеттерді талдау, зерттеу, алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу, сабақ процесін көру, бақылау анкетасымен жұмыс жүргізу, жеке әңгімелесу әдісі, эксперимент әдісі.
Мұғалімнің педагогика, психология ғылымдары жаңалықтарын біліп отыруы аса қажет, онсыз оқу процесін сапалы ұйымдастыру мүмкін емес.
Енді сол ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталайық.
Методикалық әдебиеттерді талдау және зерттеу әдісі – мұғалімдердің күнделікті жұмыстарымен тығыз байланысты негізгі мәселелердің бірі. Мұғалімнің қазіргі методикадағы болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды психология, педагогика ғылымдарындағы жаңа ізденістер мен методиканың өткендегі мұраларын салыстырып пайдалануы қажет, онсыз оқу-тәрбие ісін ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазақ тілін оқыту методикасы жүйелі зерттелінбеген десек те, бұл мәселе 1940 жылдардан бастап қолға алынғанын айту жөн. Қазақ тілін оқыту методикасының негізгі мәселелері әр кезеңде зерттелінді. Мысалы, жеке мақалалар жазылып, методиканың кейбір салалары, атап айтқанда, фонетиканы оқыту, морфологияны оқыту, тіл дамыту жұмыстары, факультативтік сабақтарды оқыту, техникалық құралдарды пайдалану, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, орфографияны оқыту, пунктуация мәселелері жөнінде ғылыми әрі практикалық жағынан талай еңбектер жарық көрді.
Алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу әдісі – бұл әдіс те методиканы толықтырудың бір түрі. Өйткені тәжірибелі бір мұғалімнің немесе бірнеше мұғалімнің шығармашылығына талдау жасауға болады. Атап айтқанда, тәжірибелі мұғалімнің жұмыс жоспарын, сабақ жоспарын, дидактикалық немесе методикалық нұсқауларды, кесте, сабақ көрнекіліктерін пайдаланудағы іс-тәжірибелерімен танысу, олармен тәжірибе алмасу аса қажет. Сондай-ақ алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу, оны жалпы мектеп практикасына ендіру, ұсыну ғылыми-зерттеу жұмысында дұрыс тұжырымдар, қорытындылар жасауға, жаңа пікірлер ұсынуға мүмкіншілік жасайды.
Оқу процесін бақылау әдісі – бұл да методикада шешуші роль атқарады. Бұл метод арқылы мұғалімнің бүкіл сабақ жүйесінде қолданатын әдіс-тәсілдерінің дұрыс-бұрыстығы, оқушыларға ұсынылған жаттығулар мен грамматикалық тақырыптарға байланысты берілген мысалдардың оқушының жас ерекшелігіне лайықтылығы, дұрыстығы, егер дұрыс болмаса, оны қалай түзеу қажеттігін білуге пайдасы бар.
Сабақ процесін жүйелі, белгілі мақсатпен бақылау, байқау белгілі бір грамматикалық проблеманы дұрыс, жан-жақты, ғылыми талдау жасауға көмектеседі.Мысалы, зат есімді оқытумен байланысты қандай жұмыстар істелінді, нендей ғылыми тұжырым жасалынды деген мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіншілік болады.
Әңгімелесу әдісі арқылы мұғалім оқушының білімін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топ оқушымен де әңгімелесу арқылы да сабаққа қорытынды жасай алады.
Орта мектепте бұл әдістің тиімділігі оқушының қазақ тілінен алған білімі мен іскерлік дағдыларын тексеріп, қандай қателер жібергенін анықтап, онымен жұмыс істеудің жолдарын белгілейді.
Анкета бойынша сұрап-білу әдісі. Бұл әдіс бойынша бүкіл сынып немесе бірнеше сынып оқушыларының білім сапасын тексеруге болады. Ғылыми-зерттеу жұмысында анкета әдісі арқылы методикада ұсынылған кейбір әдіс-тәсілдердің тиімді деген жақтарының дұрыс-бұрыстығын тексеруге мүмкіншіліктер болады.
Эксперимент әдісі – бұл әдіс методикада мектеп тәжірибесіне байқау жасап, белгілі бір ұсынылған әдістің тиімділігіне әбден көз жеткізу мақсатында, соны тексеру үшін пайдалы.
Қазақ тілі сабақтарында эксперимент жұмысы сабақта қолданылған әдістердің тиімділігін байқау үшін қолданылады. Мұндай мақсатта эксперимент қатар сыныптарда жүргізіледі. Эксперимент және бақылау (тексеру) жасау сыныптарындағы нәтижелер салыстырылады, оның пайдалылығы жөнінде ұсыныстар жасалынады. Ол әдістің тиімділігі дәлелденеді.
Оқыту процесін тексеру үш түрлі жолмен іске асырылады:
а) Оқыту, бақылау (констатирующий) тексеру мәніндегі эксперимент бойынша оқытудың жалпы жайы, оқушылардың білімі, қабілеті, дағдысы алдын ала тексеріледі. Осындай мақсатта ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарының текстері, түрлі материалдар дайындалады.
ә) Оқыту мәніндегі эксперимент – эксперимент жүргізіліп жатқан сыныпта зерттеушінің ұсынып отырған мәселесінің тиімділігі, артықшылығы тексеріледі.
Мұнда ұзақ уақыт мұғалім мен зерттеуші оқу процесіндегі оқушылардың бүкіл ісіне бақылау жасайды.
б) Бақылау (тексеру) эксперименті арқылы зерттеушінің жұмысының ең соңғы рет дұрыс-бұрыстығы тексеріледі. Ол әрі эксперименттік, әрі тексеру эксперименті жүргізілген сыныпта өтіледі. Өйткені ұсынылып отырған мәселенің артықшылығы, тиімділігі, кемшілігі салыстырылады. Тиімді, өте пайдалы деп саналынған оқыту әдіс-тәсілдері кәсіпшілікке ұсынылады. Немесе белгілі бір мектеп тәжірибесіне ендіріледі. Сондықтан методиканың дамуына байланысты оның зерттеу әдістері де жетілдіріліп, дамып отырады. Қазір ғылым мен техниканың соңғы табыстарына байланысты ең таңдаулы деген сабақ үлгілері, немесе озат мұғалімнің іс-тәжірибесі телесабақ түрінде ұйымдастырылып, болмаса магнит ленталарына жазылып, кең зерттеу жасауға мүмкіншіліктер жасалып отыр.
Әрине, қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері жеке-дара күйлерінде пайдаланылмайды. Олар бір-бірімен байланысты , қатарласа жүргізіледі, демек бір-бірімен қарым-қатынаста ғана іске асырылады.
Оқыту әдістерін топтастыру
Оқыту әдістері қолданылу мақсаттарына қарай әрі олардың атқаратын қызметтері тұрғысынан бір-біріне принциптік ұқсастығы бойынша төмендегі үш түрге топтастырылады.
1. Оқу процесін ұйымдастыру әдістері.
2. Оқушылар үйренетін білім көздерінің әдістері.
3. Нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістер.
Оқу процесін ұйымдастыру әдістері. Бұл топқа мына әдіс енеді: 1) Мұғалімнің оқу материалын өзара байланысты түрде баяндау әдісі; 2) Мұғалімнің оқушылармен жүргізетін әңгіме әдісі; 3) Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс әдісі.
Осы әдістерді қолдана отырып сабақ материалы бойынша жұмыс жүргізгенде, мұғалім мен оқушылар арасындағы педагогикалық қарым-қатынас әрі кері байланыс амалдары ұштастырылады, сонымен бірге ұстаз бен шәкірттер арасындағы жұмыстардың бірлігі айқын көрініс береді. Аталған әдістердің маңыздылығы тап осында.
Оқу жұмысын ұйымдастыру методтары тобындағы әдістер қазіргі мектеп тәжірибесінде кең тараған. Сондықтан қай пәннің мұғалімі болсын және қай сыныпта сабақ жүргізсін, ол осы әдістерді қолданады. Мұғалім оқу процесінде оқушылардың жасына әрі даярлық дәрежесіне, сондай-ақ тақырып бойынша сыныппен жасалатын жұмыстың кезеңдеріне, сабақтың нақтылы міндеттеріне қарай бұл әдістердің ең тиімді дегендерін пайдаланып отырады.
Баяндау әдісімен сабақ түсіндіргенде мұғалім жоғары немесе орта буын сыныптарда оқушылардың таным қабілетінің даму деңгейінде оқу материалының мазмұнын белгілі шамада кеңейте баяндауы мүмкін. Мұны бастауыш сыныптарда істеуге болмайды, бұл олардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Әңгіме әдісі – бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістердің ең негізгі түрі. Бұл әдіспен сабақ жүргізгенде, мұғалімнің сұрағы мен оқушылар жауабы түрінде диалог пайда болады. Осы кезде оқу материалының мазмұны ашылады, оқушының түсіну дәрежесі айқындалады. Оның үстіне оқушыларды сабақта еркін сөйлеу процесіне қатыстыру арқылы тіл байлығын жетілдіру мақсаты жүзеге асырылады. Әңгіме әдісін қолданғанда мұғалім сұрақ қоюға ерекше көңіл бөледі. Сұрақ қысқа да түсінікті, қызғылықты және методикалық жағынан дұрыс құрылған болуы керек. Өйткені жете ойластырылмаған сұрақ балаларға қиындық келтіреді. Сондықтан сұрақ қоюға аса жауапкершілікпен қараған жөн. Әңгіменің тартылымдылығын арттыру жағы да ойластырылады.
Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен орындайтын практикалық жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі мән беріледі. Оқушылар өзіндік жұмысты орындау барысында жеткілікті дағды алуға тиіс. Әр оқушы өзінің қандай тапсырманы орындайтынын, нені тындыратынын және қандай тәсілдерді қолданатынын білгені дұрыс. Сонда ғана оқушының еңбегі нәтижелі болады. Оқушылардың өздігінен орындаған сынып жұмысы сол бойда-ақ тексеріліп, жіберілген қателер ұқыпты түрде түзетіледі әрі себептері түсіндіріледі. Оқушының өз бетімен орындаған жұмысының сапалы болуына мұғалімнің көмегі және оқушылардың өзін-өзі тексеру әрекеті елеулі ықпалын тигізеді.
Ескеретін бір методикалық мәселе – жоғарыдағы әдістердің біреуі сабақ процесінде басым роль атқаруы мүмкін. Солай екен деп әдіске ерекше артықшылық беріп, сабақтың басым, көп уақытын сол әдіс арқылы ұйымдастыру сабақ сапасына нұқсан келтіреді. Ондай сабақтан, әсіресе төменгі сыныптарда, тиімді нәтиже шығуы екіталай. Сабақтың бір сарынды жүргізілуі оқушыларды жалықтырады, енжарлық сезімге бөлейді.
Білім көздерінің әдістері. Оқыту әдістерін оқушылар алатын білімнің қайнар көздері бойынша топтастырғанда, оған сөздік әдісі, көрнекілік және практикалық жұмыс әдістері енеді. Ал, бұл әдістердің өз ішіндегі бастауыш сыныптардағы қазақ тілін оқыту сабақтарында пайдалануға ең қолайлы деген түрлері іріктеліп алынады. Әйтпесе, сөздік әдісінің бірі лекцияны төменгі сыныптарда қолдану жас балалардың ақыл-ойының даму деңгейіне : білім қорына, практикалық тәжірибесіне мүлде лайық келмейді, сол себепті бірінші – үшінші сыныптарда сөздік әдісінің ішінде мұғалімнің түсіндірмесі, оқулықпен жұмыс істеу түрлері ғана қолданылды.
Ал, көрнекілік әдіс түрлерін қолданғанда методикалық шеберлік керек. Мұнда көрнекіліктің көбіне заттық бейнелі түрін, қала берді символды көрнекіліктің ішінде таблицаны пайдаланған тиімді. Ондай таблица әрі ықшам, әрі негізгі тілдік деректерді тануға қолайлы етіліп өрнектеледі.
Мұғалім тақта бетінде сабақ материалын баяндап білім беруімен бірге, сол тақтаны ұқыпты пайдаланатын шеберлігімен, көзтартарлық көркем жазуымен оқушыларға үлгі-өнеге көрсетіп, оларды іскерлікке тәрбиелейді. Сонымен бірге тұтас сыныптың және әрбір оқушының көңіл-күйін қалт еткізбей, қадағалап отырады, дер кезінде көмек көрсетеді. Көрнекілік әдісімен бірге сөздік әдісін қолданып, оқушылардың оқып үйреніп отырған материалды дұрыс түсінуіне бағыт береді……….

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com