Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Бір тұтас әлем)

0
27
Advertisement

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Бір тұтас әлем) казакша Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Бір тұтас әлем) на казахском языке

Қабағы ағарған қатулы қарт дала көп көрген,
Біз білер және де білмейтін ерліктер өткерген.
Тарихтың әр сәті төсіне қашалып жазылып,
Сыры бар,
Бәріміз баратын…
Ар жаққа көтерген…
Мәңгі ел – Қазақтың,
Өткен мен бүгінін сақтаған.
Қол жайып тұрғандай,
Құшақта ақ қардай ақ арман.
Қырандай қоныстап,
Киелі қарт дала төсінде.
Ұлы ел – Қазағым,
Бабалар үмітін ақтаған.
Бағым да,
Ерлігім,
Пешенем бұл жерге байланған.
Тірлігі от болып қазанда бақ-сорым қайнаған,
Бұл дала көңілім.
Бұл халық еңселі жүрегім,
Тар жолда кең жүріп,
Адалдық арынан таймаған.
Әр қазақ жалғызым,
Әр өлке жанымның гүлісің.
Біртұтас әлемдей,
Бөлінбес біртұтас жырымсың.
Біртұтас әлемді жан беріп ерлікпен қорғамай,
Жан бағып қор болып өтетін,
Өмірің құрысын!…


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз