Қазақша өлең: Баубек Бердіжар Ералыұлы (Әжімнен туған ой)

0
81

Қазақша өлең: Баубек Бердіжар Ералыұлы (Әжімнен туған ой) казакша Қазақша өлең: Баубек Бердіжар Ералыұлы (Әжімнен туған ой) на казахском языке

Жанарыңнан айналдым әлі тұнық,
Уақыт сені жеңбепті «кәрі» қылып.
Сынағына сес бермей тұрғансың-ау?!
Мыңдайыңды кетіпті әжім сызып.
Көңіліңнен теңіздей тербетілген,
Тек мейірім көремін келбетіңнен.
Махаббатың жүрекке қалай сыйған?!…
Үлкен болып тұрса да жер бетінен…
Анашым-ай,
Қамқоршым, ақ бұлағым!
Болашаққа бастайтын таң шуағым,
Таулы, қырлы бәйгіге атой салып,
Ақ сүтіңнен нәр алып шапқыладым.
Ақша шашың өткеннің елесіндей,
Ақ орамал намыстың белгісіндей.
Ұл-қызыңа ақ тілек дұға етер,
Ақ көңілің адалдық кемесіндей.
Сәжде қылып Аллаға бүгіндері,
Намаз оқып құлшынған көңілдегі.
Неде болса,
Жәннатқа кір Анашым,
Құлшылығың қабыл боп өмірдегі.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!