Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көкке өрлеген көңілімнің Күні едіңіз….) » ZHARAR

0

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көкке өрлеген көңілімнің Күні едіңіз....) казакша Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көкке өрлеген көңілімнің Күні едіңіз....) на казахском языке

Көкке өрлеген көңілімнің Күні едіңіз.
Жерге түсіп не еттіңіз?
Мүмкін бұл да жылап жазған
жырларымның киесі?
Өксік толы өміріме сәуле болып ендіңіз де,
кеттіңіз.
Менің асқақ арманым мен мұңдарымның иесі.

Шыққа оранған жапырақ ем,
Атырапты мөлдір-мөлдір тамшылары әлдилер.
Тірлік мәнін танымақ ем,
Жүрегімді бір алапат ән билеп.
Жаралғанмын, Жаратқанның қолында
Сізді ғана сүю болып үмбетім.
Қарамадым оңым менен солыма,
Сорымның да сол боларын білмеппін.

Өзім үздім өз мұңымның моншағын,
Жанарымнан, бәлкім, содан тамды мұң?
Таңдайымда дәмі қалды сол шақтың,
Маңдайыма жазылмаған тағдырым…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com