Павлодар облысында мұғалім жарыс кезінде қайтыс болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тарих пәнінің мұғалімі Ильдар Вахитов 25 жаста болған. Ол спортпен айналысып, волейбол командасына жетекшілік еткен

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Қайғылы оқиға жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін волейбол жарысы кезінде болған.

Педагог жұмыс істеген мектептің директоры: «Ильдар Вахитов өзін жайсыз сезінгеннен кейін оны ауруханаға жеткізбек болдық», — дейді. Бірақ ол медициналық мекемеге жетпей, жолда көз жұмған.

«25 жастағы Ильдар Вахитов ойынға қатысты, бірақ біраз уақыттан кейін өзін жайсыз сезінді. Оның қан қысымы көтеріліп кеткендіктен қосалқы ойыншылар қатарына қосылды», — деді pavlodarnews.kz сайтына Жамбыл ауылы мектебінің директоры Қанат Сұлтанғазин.

Оқу орны басшысының айтуынша, турнирде кезекшілік еткен дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсеткен. Дегенмен оның халі күрт нашарлай бастаған. Ауылдан орталық аудандық ауруханаға дейін – 100 километр. Өкінішке қарай, Ильдар медициналық мекемеге жете алмай қалған.

Жарыс Павлодар облысы Аққулы ауданы Майқарағай ауылында өткен.

Өңірлік басылым хабарлауынша, Ильдардың артында жұбайы мен бір жасар ұлы қалды. Биыл 10 қарашада ол 26 жасқа толар еді.

Ильдар Вахитов Жамбыл ауылдық орта мектебінде жұмыс істеген.



sputniknews.kz