Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Еділ, Жайық – екі өзен)

0

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Еділ, Жайық - екі өзен) казакша Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Еділ, Жайық - екі өзен) на казахском языке

Еділ, Жайық – екі өзен,
Талсыз болар деймісің.
Көкшетаудың көп көлі
Елсіз болар деймісің.
Бота көзді бойжеткен
Жарсыз болар деймісің.
Абылай қонған кең қоныс
Елсіз болар деймісің.
Еркін жайлап қонған соң,
Малсыз болар деймісің.
Тұлпар туған құлыншақ
Ерсіз болар деймісің.
Тебінген тепкі тиген соң,
Терсіз болар деймісің,
Алқынған арын баспайтын
Өрсіз болар деймісің.
Орын тапқан ер жігіт
Жерсіз болар деймісің.
Орда тігіп орнаса,
Торсіз болар деймісің!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз