Қазақша мақал — мәтел: Талап

0

Қазақша мақал - мәтел: Талап казакша Қазақша мақал - мәтел: Талап на казахском языке

Талап — талмас қанат.


Талаптыға нұр жауар.


Талаптыға жол бер,
Өнерліге қол бер.


Талабы таудай.


Талаптың жолы тастан да ауыр.


Талаптымен таласпа.


Талабы жоқ жас ұлан,
Қанаты жоқ құс.


Талабы жоқ жас ұлың
Жалыны жоқ шоқпен тең.


Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Құсты қанат ұшырады,
Ерді талап ұшырады.
Жау жеңетін жігітті,
Жарағынан таниды.
Дау жеңетін жігітті
Талабынан таниды.


Ізденген шығатын ағашын да табады.
Іздеген инені де табады.
Іздеген мұратына жетер,
Жалқаудың өмірі босқа өтер.


Ізденбеген ілгерілемейді.


Іздеген табады, сұраған алады.
Көп іздеген көмбенің үстінен шығады.
Жоқ іздеген жоғалғанды табады.


Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.


Ынтасыз өрге баспас.


Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл.


Не ер болып шық,
Не жер болып шық.


Суыған күл от болмас.


Іздесең — табасың, алыссаң — аласың.


Берер Тәңірім талап қылсаң,
Түк таппайды қарап жатқан.
Талмай іздеген таппай қоймас.
Жауды күшті деме,
Ерлік етсең — жығасың.
Тауды биік деме,
Талап етсең — шығасың.


Анадан алтау туғанша,
Жалғыз туса не етеді?
Елге тұлға керек-ті.


Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге айыр бұтақ бітсе не етеді?
Құсқа тұғыр керек-ті.


Талапты ерге нұр жауар.


Талаптың тоқпағы тасқа шеге қағады.