Қазақша анекдот: Абай көшесінде….

0

Қазақша анекдот: Абай көшесінде.... казакша Қазақша анекдот: Абай көшесінде.... на казахском языке

Абай көшесінде бір адам өліп қалыпты. Оны бір тұтықпа сақау жігіт көріп полицияға хабарлапты.
– А-а-а-а-ло, а-а-а-а-а-дам ө-ө-ө-ө-ө-ө-ліп қ-а-а-а-а-лыпты! – депті.
Полиция:
– Қай көшеде, көшесін айтшы?! – депті.
Сақау:
– А-а-а-а-а-а-а-а-б-б-б-б…, – десе, полиция:
– Абылайханда ма? – депті.
Ол:
– Жоқ. А-а-а-а-а-а-б-б-б-б-б…
Полиция дұрыс түсіне алмай:
– Неге ойнап тұрсыңдар?! – деп телефонды лақтырып тастапты.
Сақау қайта қоңырау шалып:
– А-а-а-а-дам ө-ө-ө-ө-ліп қал-ы-ы-ы-пты, – десе, полиция:
– Көшесін айтшы?! – деп айқайлапты.
Сақау тағы:
– А-а-а-а-а-а-б-б-б-б-б-б…, – депті.
Полиция:
– Абылайханда ма, әлде ойнап тұрған біреусің ба? – деп жынданып телефонды тағы лақтырып тастапты.
Содан 5-6 сағаттан кейін сақау тағы телефон соғып:
– А-а-а-а-а-дам өліп қалды, – десе, полиция:
– Абылайхан көшесінде ма? – деп айқайлапты.
Сонда сақау:
– Иә, а-а-а-а-а-йтып тұ-ұ-ұ-ұрған кө-ө-ө-өшеге сүйреп әкеліп қойдым! – депті.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз