Қазақша балалар өлеңі: Жаңа жыл, Аяз ата, Қыс Балаларға арналған жаңа жылдық әндер стишок на казахском про новый год

0

Қазақша балалар өлеңі: Жаңа жыл, Аяз ата, Қыс казакша Қазақша балалар өлеңі: Жаңа жыл, Аяз ата, Қыс на казахском языке

Аяз ата

Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.

Қайырмасы:
Ал балалар, тұрмайық
Би билейік, ойнайық
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық.

Кетті көңіл шалқып-ақ,
Жұлдыздардай қалтырап.
Аяз ата үстінде
Ақшақар тұр жалтырап.

Қайырмасы.

Көрдің бе аяз атаны
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.

Қайырмасы.


Қыс қызығы

Аппақ көше бар бала,
Аппақ ойлар, қыраттар.
Ақ шатырлы қырқалар
Ақ жамылып тұр бақтар.

Қайырмасы:
Шаңғы, шана сайла
Конькиіңді байла
Думандатып ойна
Қыс қызығын тойла.

Аулада ойнап, шулайды
Қар лақтырып балалар.
Сырғанақта зулайды
Шаңғылар мен шаналар.


Зырлайды шанамыз

Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.

Алғашқы ақшақар
Бетінде із қалды
Жүйткиді ақ шанам
Алға ұстап ызғарды.

Мейлі күн суысын
Зырлайды шанамыз
Аяз не біз үшін,
Шыныққан баламыз.


Аппақ, аппақ, жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.

Қайырмасы:
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.

Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О алақай Аяз ата
Келе жатыр алыстан

Қайырмасы.