Теміртауда іс-түссіз жоғалғандардың тізімінде болған ер адам асулы күйінде табылды

0
454

Мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Теміртауда бұрын іс-түссіз жоғалғандардың тізімінде болған ер адам ағашқа асулы күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25-ші ақпан күні полицияға Теміртау қаласының 30-жастағы тұрғыны хабарласып, Нижняя көшесіндегі ағаш екпелерінде белгісіз азаматтың мәйіті тұрғаны туралы хабарлаған. Жедел-тергеу тобымен азаматтың тұлғасы анықталып, бұрын іс-түссіз жоғалғандардың тізімінде болған 29-жастағы қала тұрғыны екендігі белгілі болды»,- деп хабарлап отыр полиция өкілдері.

ПД таратқан ақпаратқа сәйкес, мәйітті қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz