Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан ) » ZHARAR
Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: 3-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
— аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрады, мазмұндама жазады;
— үлгі негізінде есте сақтап сөздерді сауатты жазады;
— кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі
негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
— көрсетілген бейнетаспа бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жаза алады;
— сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
— кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
— көрсетілген материал бойынша өздігінен жоспар құрады, көркем бейнелі сөздерді қолданып мазмұндама жазады
— сөз ішінде ц әрпі бар сөздерді сөйлемде сауатты жазады;
— кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) «Жақсылық тамшысы»
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
Содан соң мұғалім сабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын таныстырады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
І1. Негізгі бөлім
(МК, Т, Ө) Көркем жазу. Ц әрпін жазу:
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
Оқушылар топқа бөлініп «Мен саған, сен маған» әдісі бойынша Ц әрпіне байланысты сөздерді айтып, тақтаға жазады. 1-топ 2-топқа сөздер айтады. 2-топ 1-топқа сөздер айтып жазады. Сауатты, қатесіз жазған топ жеңімпаз атанады. Соңында барлық топ тақтадағы сөздерді дәптерлеріне қатесіз көшіріп жазып алады.
Мақсаты: ц әріптері бар сөздерді сауатты жазуға төселдіру.
Цемент, цилиндр, цех, цистерна, цирк, циклон, центнер
Оқушылар диктантты жеке орындайды. Уақыт шектеліп беріледі.
Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға құрамында ц әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.
Бағалау дескрипторы:
— құрамында ц әріптері бар сөздерді сауатты жазады;
— бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін
сақтап көлбеу, үзбей, көркем жазады.
3.3.3.1 (Т, Ж.) Тыңдалым. «Кеңпейілділік» атты әңгімені бейнетаспадан қарау. Бірлесіп жоспар құрып, мазмұндама жазуға дайындалу.
Оқушылар топқа бөлініп, бейнетаспадан көргендері бойынша ой қорыту жасап, тапсырмаларды бірге ақылдасып, шешеді. «Кейіпкерлер әлемі» әдісі бойынша әр топ бір-біріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Содан соң «Кейіпкер» әдісі бойынша сызба толтырады.
Шығарманың атауы Кейіп
кері Қасиет
тері қалай сурет
телген Кейіп
керге беріле
тін баға Ой- тұжы
рым, мақал-мәтел, даналық
сөздер
«Кейіпкерлерге мінездеме» әдісі бойынша әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме береді.
Әңгіме кейіпкерлері Мінездеме
Ойланып, шешім қабылдаған соң әр топ өз жұмыстарын шығып қорғайды. Бейнетаспадағы әңгіменің мазмұнына сай жоспар құрылады. Берілген жоспарға сүйеніп, мазмұндама жазу керектігі айтылады. Қажет жағдайда бейнетаспа қайтадан көрсетіледі.
Жоспар
1. Ағайынды жандардың кәсібі
2. Ағасы мен інісінің түнгі әрекеті мен ойы
3. Мәди мен Мейірдің бауырмалдығы
1-деңгей: Көрсетілген сюжет бойынша сөйлемдер жазады.
2-деңгей: Оқиғалардың желісі бойынша тірек сөздерге сүйене отырып, мазмұндама жазады.
3-деңгей: Бейнетаспадағы оқиға бойынша өз бетінше мазмұндама жазады.
Берілетін тірек сөздер:егіншілік, жерге, отбасы, жаны ашып, бауырмал, түнде, астық, тасу, кеңпейілділік.
Бағалау дескрипторы:
— мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы)
сақтайды;
— жоспар бойынша жұмыс жасай алады;
— оқиғаның желісін сақтап, ретімен жазады;
— көрсетілім бойынша шағын мазмұндама құрап жазады;
— тірек сөздерді орынды қолданады;
— сөйлемдегі сөздерді байланыстыра, орын тәртібін сақтап,
жазады;
— бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап
көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазады;……
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com