Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Сөздердің айтылуы мен жазылуы (3 сынып, II тоқсан ) » ZHARAR

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 3-сабақ. Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Оқу мақсаты: 3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
– мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
– сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту керектігін біледі;
– үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
– кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.
Оқушылардың көбі:
– мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
– сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;
– сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
– кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
– мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
– кейбір сөздердегі қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігін сақтап айтады;
– болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады;
– кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
«Шын-жалған» ойыны. Оқушылар таратылған парақшада шын немесе жалған екенін ☺ белгілейді.
шын жалған
1 Мен бүгін таңертең сағат 10-да тұрдым
2 Мен екінші сабаққа келдім
3 Кеше мен туған күнге бардым
4 2 жыл бұрын мен 7 жаста болдым
5 5-10 минуттан соң сабақ аяқталады
3.1.7.1 «Ойлан-жұптас-бөліс»
Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жазу.
Қоныспек-Қонысбек, Тынысбек-Тыныспек, тас бер- тас пер, Жаңақорған-Жаңағорған, кім гелді-кім келді, Жампейіс-Жанпейіс, Ермағанбет-Ермағамбет, ашшы-асшы, жасса-жазса, тұс сал-тұз сал, Божжігіт-Бозжігіт, Дошшан-Досжан, Жаңғожа-Жанқожа.
Үлгі:
Жазылуы Айтылуы
Қонысбек Қоныспек
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

3.2.3.1 (Ж) Сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.
Кім қай күндері барады?
Аян Әлібек Дана Димаш
Дүйсенбі Бассейн Музыка мектебі Тоғызқұмалақ
Сейсенбі Шахман үйірмесі Музыка мектебі
Сәрсенбі Бассейн Тоғызқұмалақ
Бейсенбі Тоғызқұмалақ
Жұма Шахмат үйірмесі Бассейн Музыка мектебі
Сенбі Театр Теннис
Жексенбі Театр Саябақ Саяжай
Үлгі: Аян сейсенбі, жұма күндері шахмат үйірмесіне барады. Сенбі, жексенбі күндері театрға барады.
Әлібек _______________________________
Дана__________________________________
Димаш _________________________________
Сен қай күндері не істейтініңді жалғастырып жаз. Жұбыңмен бөліс.
Мен дүйсенбі күндері_____________________
Мен сейсенбі күндері____________________
Мен сәрсенбі күндері___________________
Мен бейсенбі күндері__________________
Мен жұма күндері____________________
Мен сенбі күндері_____________________
Мен жексенбі күндері____________________
Жұбыңмен бірге аптаның барлық күндерінде бір іспен айналысудың маңыздылығы туралы ой бөліс.
Сергіту сәті
Дүйсенбіде доп ойнадық далада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде сурет салдық әдемі,
Бейсенбіде би биледік әдемі,
Жұма күні жидек тердік даладан,
Сенбі күні кино көрдік клубтан,
Жексенбіде бір ұйықтадық демалдык,
Осылайша өтіп кетті бір апта.
Мәтінмен жұмыс
Нарынқолда тұратын қос құрбы Амангүл мен Жанбике демалысты асыға күтеді. Өйткені, сенбі, жексенбі күндері сабақ жоқ, екеуі де армансыз ойнайды. Екеуі де бір үйдің жалғыздары, ата-аналарының еркелері. Апта сайын кезекпен бірде Амангүлдің, бірде Жанбикенің үйінде сән үйінің модельерлері болып ойнайды. Аналарының киімдерін киіп алып, сән үлгілерін көрсетеді. Бірде сынып жетекшісі келесі аптада «Алтын күз» кеші болатынын ескертті. Кеш барысында сән үлгілерін көрсету қажеттілігін айтты. Екі құрбы апта бойы сән үлгілерін дайындаумен болды. Екеуін қағаздан, керексіз заттардан жасаған сән үлгілері бәріне ұнады. Амангүл мен Жанбике болашақта модельер боламыз деп шешті.
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:
– Уақытқа қатысты қандай сөздер кездеседі?
– Уақытты тиімді өткізу үшін немен айналысу керек?
– Болашағыңызға қазіргі әрекеттеріңіздің қандай әсері бар?
– Қай сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес? Себебін түсіндір?
Хабарлама (жарнама) дайындау
Тірек сөздер: 20 қарашада сағат 14.00-де; сынып оқушылары; Хабарландыру; жас шахматшылар.
________________________________________
Сәйкес жалғауларды орнына қойып жаз.
Бір апта_________
Екі күн_________
Үш жыл________
Бір ғасыр_______
Төрт сағат______
Екі тәулік_______
Жалғаулар: -дан, -ден, -тан, -тен, -нен. Соң (кейін).
(Ұ, Ж). Диалогтің сұрақтары мен жауаптарын реттеп жаз. Сен жексенбі күні не істедің? Сол туралы досыңа SMS жаз.
– Сәлем, Димаш!
– Димаш, демалыста қайда болдың? Телефонға жауап бермедің.
– Ағаммен Алматыға бардым. Алматыдан кеше келдім.
– Астанада алдыңғы күні күн өте жылы болған еді, бүрсігүні жаңбыр жауады екен.
– Сен демалыста не істедің?
– Алдыңғы күні жаңбыр жауды. Өте салқын екен.
– Жақсы. Сау бол!
– Иә, мен демалыста қалада болған жоқпын. Ата-анаммен саябақта болдым.
– Сау бол!
– Сәлем, Мақсат!
3.3.2.1 (Ұ, Ө) Сәуленің күнделігін оқыңдар.
Сәуленің күнделігі
01.09.2014
Менің атым – Сәуле, фамилиям – Рамазанова. Мен бүгін бірінші күн жаңа мектепке бардым. Біз бұрын Тараз қаласында тұрдық. Ата-анам Алматыға жұмысқа байланысты көшіп келді.
Әрине, маған Алматы ұнайды. Бірақ мен Тараздағы достарымды сағынып жүрмін. Жаңа сыныбым да жақсы сияқты. Маған сынып жетекшім ұнады. Оның аты – Жанна Мейірбекқызы. Өте мейірімді адам. Мені сыныпқа ертіп келді. Оқушыларға біздің сыныпқа жаңа оқушы келді деп мені таныстырды. Сынып оқушылары әрқайсысы келіп менімен танысты. Бәрінің есімдері есімде қалған жоқ. Мариямдеген оқушы математикадан есепті жақсы шығарады екен. Мінезі салмақты. Ол маған ұнады. Ал енді ұйықтаймын. Ертең ерте тұруым керек.
Сендердің жеке күнделіктерің бар ма? Болмаса, бүгіннен бастап төмендегі үлгіге қарап, жазып көріңдер.
1. Күн қалай басталды?
2. Бұл күні ерекше не болды?
3. Саған не әсер етті?
4. Бір күніңе есеп бер.
3.3.6.1 (Ө, Ж). Темірланның хатын жаз.
Кімге:_____________
Кімнен:_____________
Сәлем, Нұрбол. «____________» фильмі «_____________» кинотеатрында болып жатыр. 12.00 _____________ болады. Барасың ба?
(Ө,Ж) Темірлан мен Нұрбол екеуі көрген фильмі бойынша өз әсерлерін күнделікке түсіреді.
1. Бұл кино немен қызықты болды?____________________
2. Фильмдегі қандай сәттер саған әсер етті?_______________________________________________
3. Фильмдегі қай кеіпкерлерге ұқсағын келеді?____________________________________________…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...