«Қазақ тілі» пәні мен мазмұны — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Бағдарлама «Біз пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген негізгі қағидаларды қарастырады. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.

    1-5 сыныптар 
№    Бөлім    Бөлімше
1    Тыңдалым    1.1 Хабарлама мазмұнын түсіну
        1.2 Лексикалық бірліктердің  мағынасын түсіну
        1.3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау 
        1.4 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну
        1.5 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну
2    Айтылым

    2.1 Лексикалық қорды меңгеру
        2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
        2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау 
        2.4 Тыңдалған мәтінді мазмұндау
        2.5  Аудиовизуалды материалдар бойынша  тіл дамыту
        2.6 Оқыған/тыңдаған  материал бойынша өзіндік көзқарасын білдіру 
3    Оқылым    3.1 Оқу түрлерін қолдану
        3.2 Мәтін мазмұнын түсіну
        3.3 Жанр түрлерін анықтау
        3.4 Сұрақтар қоя білу және жауап беру
        3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу
4     Жазылым    4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
        4.2 Тыңдаған/оқыған материал негізінде жазу 
        4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
        4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 
5.    Тілді қолдану    5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
        5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау

Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше  ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.1. кодында «1» — сынып, «2.1»  — екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» — оқу мақсатының реттік саны.
 

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!