Қазақ мифтік әңгімелердегі ұлттық дүниетанымның көрінісі

0

Мақалада қазақ мифтік әңгімелеріндегі ұлттық дүниетанымның көрініс табуы жан­жақты талда­нады. Жалпы дүниетаным ұғымына нақты түсінік беріліп, философиялық, танымдық тұрғыдан са­раланады. Қазақ мифтерінің түрлі­түрлі қоғамдық­әлеуметтік даму сатылары, тарихи деңгейлері мен тақырыптық аясына сипаттама жасалады. Сонымен қатар, миф арқылы адамзат рухани дамуындағы басты ерекшелікті ашып көрсетіп, діни­мифологиялық әңгімелердің адам дүниетанымының дамуы­ на тигізген ықпалы зор болғандығын айқын танытады.

Біздің ата-бабаларымыз ежелден көшпелі ғұмыр кешкен. Табиғаттың қыр-сырын жанжақты тереңінен ұғыну, шеті мен шегі жоқ кеңістікте мал бағу, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қону – біздің ата-бабаларымызға тəн қасиет. Көшпелі өркениет, көшпелі өмір салты оларды айнала қоршаған ортаға өзгеше көзбен қарауға үйретті. Табиғаттың қатал сынына төтеп бере жүріп, өздеріне ғана тəн тіршілік қамын жасап, қиыншылықтарға қарсы тұруға машықтанды. Осыдан барып даналық таным, дүниетаным ұғымдары қалыптасады. Жалпы дүниетаным деген не? Ол туралы философиялық сөздіктерде мынадай анықтама берілген екен: «Дүниетаным – адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға моральдық нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі (бастапқы) сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Дүниетаным – адамдардың дүниені ақиқатпен теориялық жəне практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани тəсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат əлемі моделі сияқты мəдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан» [1, 21].

Дүниетаным бір күнгі немесе бір жылдың ғана жемісі емес, ол адамдардың ғасырлар бойы жасаған өмір тіршілігімен тығыз байланыста дамып, жетілетін өнер мен мəдениетке жақын көзқарастар жиынтығы екен. Олай болса, біз қазақ халқының ұлттық дүниетанымын оның сандаған жылдар бойында қалыптасқан дəстүрлер арқылы танытуымызға болады екен.

Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі – өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы əлеуметтік дүниені, табиғи əлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді. Осы негізде өзі белсенді іс-əрекетке араласады, мүдделерін, сұранымдарын қанағаттандырады. Сөйтіп, оның дүниені танып білуі нақты əлеуметтік сипатқа ие болады. Дүниені танып білудің негізінде құбылыстардың, адам санасында бейнеленуі жатады. Бейнелену теориясының мəні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер жəне олардың қасиеттері мен маңызды байланыстары танып-білуші субьектіден тəуелсіз өмір сүреді.

«Таным – сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. Таным барысында адам өзінің қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мəліметі ішкі мəнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа əрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады»[2, 2].

Демек, ұлттық дүниетаным дегеніміз – белгілі бір ұлттың дүниеге, қоршаған ортаға деген көзқарасы, таным-түсінігі.

Әрбір халық өз тілінің негізінде өзіне тəн дүниесезіммендүниетанымынқалыптастырады. Олай болса, жер бетінде өз тілінің негізінде қанша халық өмір сүріп жатса, соншалықты дүниесезім, дүниетаным, философия болады.

Көне гректердің айтқанындай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Ал оның өзі өмірдегі күнбе-күн кездесетін айқын да түсінікті құбылыстардан туындамайтыны баршаға мəлім. Таң қалатын құбылыс сиқырлығы мен көпқырлылығы, əсемділігі мен орасан зор күш-қуаты, я болмаса ерекше нəзіктігімен көрініп, адамның жан дүниесінде ерекше із қалдырады.

Философиялық деңгейге көтерілсек, бұл дүниеде мəңгілік адам таңғалатын екі-ақ құбылыс бар. Оның бірі – əлем, барлық өмір сүріп жатқан дүние болса, екіншісі – өзіндік санасезімі, ішкі рухани өмірі бар адам болмақ. Біріншісі құшаққа да ой елегінің ауқымына да сыймайтын шексіз де мəңгілік əлем. Дүние ғарыш болатын болса, екіншісі ғарыштағы құбылыстармен салыстырғанда атом сияқты, бірақ өзінің нəзік жан дүниесі бар адам. Адам – кіші əлем ретінде үлкен əлемге – ғарышқа тең. Бүкіл ғарыштың барлық сиқыры мен талпынысы адамның табиғатында жиналған. Сондықтан осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген белгісіз түрік бабамыз алдындағы жатқан дүниеге таңғалып, сол жөнінде алғаш рет ойланып, ондағы адамның орны қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде, сол сəтте отандық философия бұлағының көзі ашылды десекте болады. Қазақ халқының дүние сезімі мен дүниетанымының ерекшеліктері, əрине ол өмір сүрген табиғаттың, соған бейімделіп қалыптасқан шарушылық формалары, өмір салтының жүйелері мен тығыз байланысты болса керек. Жоғарыда айтылған тұрғыдан бұл мəселеге көз жіберсек онда біздің ата-бабаларымыз таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал өсіруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрісі кең, малдың соңында көшіп-қонуға мол мүмкіншілігі бар кеңістікте орналасқан болатын. Ал табиғаты жұмсақ, суы мол жерлерде (мысалы, Сырдария, Шу өзендерінің т.с. с бойларында) халық жерге тұрақтанып егіс егіп, қолөнерін дамытып, қалалар тұрғызды. Оған мысал ретінде «Жібек жолы» бойында орналасқан орта ғасырдағы қалаларды айтуға болады. (Отырар, Мерке, Құлан, Талғар, Алматы т.с. с)

Негізінен алғанда, жаңа дəуірге – машиналық индустрия пайда болғанға дейін қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы көшпенді мал шаруашылығы болды. Сондықтан біздің арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберінде осы шаруамен айналысты. Ол біріншіден, табиғатқа бас июді, оған табынуды талап етті, табиғатты өз еркіне сай етіп қайта өзгертуге тырыспады, табиғат заңдылықтарына бағынды. Сондықтан ежелден қазақ халқының, қазіргі тілмен айтқанда, экологиялық санасы биік деңгейде болды.

Екіншіден, біздің бабаларымыз көшпенді мал шаруашылығымен айналысып, еркін көшіпқонып жүргендіктен, еркіндік, бостандықты қатты бағалаған. Қазақ жерінде абақты ұғымы атымен болмаған.

Үшіншіден, негізінен алғанда көшпенділік теңдікті талап етеді, оған тəн саяси формалар

– соғыс демократиясы, əрі кеткенде алғашқы феодалдық қатынастар дамыған.

Төртіншіден, көшпенді халықтың арасындағы əлеуметтік айырмашылықтар аз болғандықтан, теңдікке негізделген əділеттілік жоғары бағаланған.

Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі, арнамысты жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шығатын құндылық.

Алтыншыдан, өне бойы көшіп-қону барысында сан түрлі қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол ерлікті, батырлықты, шыдамдылықты талап етті.

Мифтік əңгімелерге үңіле отырып, байырғы адам баласының санасы мен рухани дүниесі, ойлау дəрежесі, таным-түсінігі қандай болды дегенге жауап іздейміз. Қазақ халқының ежелгі тарихы да осы мифтердің ішінен орын алуға тиіс.Өйткені ата-бабаларымыздың өткен дəуірі мен ой-санасының айғағы боларлық мифтер мен мифтік аңыздары ауызша сөз мұрасынан елеулі орын алады. Олар қазақтың əн-күйлері, өлеңжырлары, аңызəңгімелері, т.б. бұл туындылар сан ғасырлық рухани азық болумен бірге дала тіршілігінің талап-талғамына лайық өңделіп, өзгеріп отырады. Сондықтан мифтер белгілі бір дəуірдің, адам дүниетанымының өткен бір кезеңінің нəтижесі.

Дүниежүзі халықтарының мифтері ғылыми зерттеулердің нысанасына алынып, тарихи салыстырмалы тұрғыдан қарастырылғалы бері

мифтердің де түрлі-түрлі қоғамдық-əлеуметтік даму сатылары, тарихи деңгейлері, түрлері мен тақырыптық аясы болатыны анықталды. Атап айтатын болсақ, аспан мен жердің жаратылысы туралы айтылатын мифтерді космогониялық мифтер деп атаса, адамдар оның жаратылуы туралы мифтер антропогондық мифтер деп аталынады.

Мұндай жұртшылық мойындаған бірқатар нəтижелерге табан тірей отырып, қазақ мифтерінің де қайсыбір ерекшеліктерін анықтау ұлтымыздың рухани мұрасын түгелдеуге септігін тигізері сөзсіз.

Салыстырмалы зерттеулердің нəтижелеріне қарағанда, ең қарапайым, əрі ең көне мифтердің қатарына аспан денелері – Күн, Ай, жұлдыздар мен планеталар туралы айтылатын мифтер жататын көрінеді, яғни космогониялық мифтер.

Космогониялық мифтер деп аталатын мұндай əңгімелердің түп-тамыры бізді қоршаған дүние қашан, қалай жаратылды, жаратқан кім?.. деген күрделі сауалдарға жауап іздеумен байланысты. Осы мифтердің əлем жұртшылығына кең таралғандығы жəне миф атаулының ішінде алатын орнының мəн-мазмұны олар бір кезде адам болды деген түсінікті айшықтап көрсетеді. Күн сəулесінің өткірлігін оның мінезінің тік , өжеттігіне, Ай сəулесінің əлсіздігін оның жұмсақ мінезіне байланысты түсіндіру де олардың адам кейпінде ұғынылғанын дəлелдейді. Миф бойынша Ай мен Күн асқан сұлу қыздар екен, бірбірінің сұлулығын қызғанып, Күн айдың бетін тырнап алыпты, содан Айдың бетінде дақ қалып,

бұдан кейін бір жүрмейтін болыпты… [3, 4]

Тағы бір мифте: жігіт бейнесіндегі Айға жердегі жетім қыз ғашық болып қалыпты. Өгей шешесі қызды түнде су əкелуге жұмсайды. Қыз суға барса, ғажайып бір сұлу жігітті көреді, сөйтсе ол су бетінде шағылысқан Айдың бейнесі екен. Қыз Айға жалынып, өзін алып кетуді өтінеді.Сөйтіп Айға барып қосылған, қолына шелек ұстап тұрған қыздың бейнесін Айдың бетінен көруге болады. Бұл мифтердің бəрінде де аспан денелерін адам ретінде түсіну айқын көрінеді.

Қазақ мифтерінің арасында аспан мен жердің, күн мен айдың, жұлдыздар мен планеталардың қалай пайда болғандығы, оларды кімдер жаратқаны туралы мифтер аз сақталған. Дегенмен, жұмыртқадай жерді көтеріп тұрған көк өгіздің мүйізі, бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырғанда жер сілкінеді, дүниежүзіне мəлім миф бойынша əлемді топан су басқаннан кейін

Нұх (Ной) кемесі тоқтаған жерде тіршілік басталған; аспан иесі (əрі Жаратушы) – Тəңір, кейбір түркі халықтарының мифтерінде жердің иесі əйел Құдай Ұмай, бəлкім байырғы ұғым бойынша Тəңір мен Ұмай ерлі-зайыпты; аспанды еркек, жерді əйел бейнесінде ұғыну дүниежүзінің көптеген халықтарына тараған. Жер бетіндегі тау-тас, өзен-көлдер бір кездегі алып адамдардың (Еділ, Жайық, Толағай, т.б) іс-əрекеттерінің нəтижесінде (секіргенде, жылағанда, айқайлап күңіренгенде, ұйықтағанда т.б) пайда болған дейтін түсініктердің арғы негізі олар қалай жаратылды, кімдер жаратты дейтін сауалдармен байланысты екені анық.

Демек, əр халықтың аспан денелері, қоршаған орта туралы айтатын мифтерінен олардың өзіне етене таныс, əрі нақтылы білетін өмір салты мен тұрмыс-тіршілігінің бейнесін көреміз.

Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ арасында сақталған мифтерде көшпелі өмір салтына негізделген көріністердің жалпы дүниеге, оның ішінде аспан денелерінің қасиеттері мен қимыл-қозғалысына да телінетіні табиғи жағдай. Көшіп-қонған ел (үнемі қозғалыс үстіндегі аспан денелері), төрт түлік мал, оны ит-құстан, ұрықарыдан қорғау (Жетіқарақшы, Ақбозат, Көкбозат, Арқанжұлдыздары), мысалы Жетіқарақшы мифтік əңгімеде:

…. «Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң, қылмысы басынан асқан жеті жеткізбей аспанға қашып шыққан. Бастаған алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Ана бүйірдегі екі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау көрінген қатар екі жұлдыз, Ақбозатпен Көкбозат – батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да, əне көрініп тұр. Аттар Темірқазықты айнала аттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп айналып жүреді. Ұрылар қайтсе де осы аттарды түсіріп алмақшы. Сақ күзетуші алдыңғысынан көз жазбайды. Сөйтіп жүргенде таң атады. Таң атысымен Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады»[3, 14]. Жылдың əр мезгілінде əр түрлі өзгешеліктерімен көрінетін аңдар мен жан-жануарлар (Үш Арқар, Қамбар, Үркер, т.б жұлдыздар) қосақтап сауған қойлар, (Кемпірқосақ), түнгі бақташының жөн сілтер, мезгілді анықтар бағдары (Темірқазық, Шолпан, Есекқыран, Сүмбіле, Құс жолы) ауа райының, жыл маусымының малға жайлыжайсыздығын болжау (Айдың қалай тууы, күннің батуы,жұлдыздардың түр-түсі,т.б.

Мифтердіңкелесібірсаласы–антропогондық мифтер. Жоғарыда айтылғандай, адамдар, оның жаратылуы жайында.

Қазақ танымында адамның жаратылысы, оның өмірі туралы мифтер өлім жəне о дүниедегі желісі бар өмір жайындағы ұғымдарға ұштасып отырған. Исламға дейінгі Тəңірлік дүниетаным бойынша əруақтарға сену,өлген адам іс жүзінде басқа бір дүниеде бізбен қатар тіршілік кешіп жатыр деген түсінік орын алған. Өлген адамның жыл толған асында ұлан-асыр той жасау оны ғажайып бір өмірге біржола шығарып салу дəстүрімен сабақтас. Мұндай ұғымға астар болған байырғы мифтік сенім екені даусыз. Айнала қоршаған дүниені адамдар кейпінде түсінумен қатар, қайтыс болған адамдар да солардың қатарына барып қосылатындығы, яғни адамның өзінің келген жеріне қайта қайтатыны – байырғы біртұтас, араға жік қоймайтын ұғымның сілемдері.

Бұл орайда дүниенің соңы «ақырзаман» деген түсінікті адамның туу, жаратылуы, өмір сүруі, өлу жəне о дүниеде қайта жасау сияқты белгілі бір жүйеге, циклды тəртіпке түскен тізбенің соңғы жəне қорытынды бөлімі деп қарауымызға болады.

Миф түптеп келгенде, о бастан-ақ сөз өнерінің айшықты бір жанры емес. Мифтің дүниетанымдық қызметі əлсірей бастағаннан кейін ғана ол сөз өнерінің өзге жанрлары мен (аңыз,əпсана,ертегі, т.б.) жақындасып, фольклорлық жанр аясына түсірілді. Ал шындығына келгенде, наным-сеніммен, əдетғұрыппен, салт-санамен бірге туып, бірге жасасқан мифтің қоғамдағы көрінісі алдымен оның сан-салалы дүниетанымдық қызметінде. Міне, бұлардың бəрі де дала тіршілігінің мифтік ұғымдарға астасып жатқан көріністері екені даусыз. Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ мифінің логикалық құрылымы мен жасалу жүйесі əлемдік үрдіспен сабақтас. Ал оның өзіндік ерекшеліктерін мифтік символдармен ұғымдарға өз өмірінің көріністерін көшіруінен көреміз.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Мəдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Раритет, 2004. – 21 б.
  2. 2 Кішібеков Д, Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. – Алматы, 2002. – 408 б.
  3. 3 Қазақтың мифтік əңгімелері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 320 б.

Автордың аты-жөні, тегі: Д.С. Ибраева