Қазақ әдебиеті кіріспе
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 7 сынып
Тақырып : Кіріспе сабақ. Ежелгі дәуір әдебиеті.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік : оқушылардың 7 сыныпта өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу,
қалыптастыру, кеңейту,жан-жақты жетілдіру,бекіту, қазақ әдебиеті
тарихы бойынша білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін мәтінмен жұмыс істеу арқылы дамыту.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетінің шығармаларын мақтан тұтуға,әдептілікке,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: өткен тақырыптарға сүйене отырып, жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: ынталандыру әдісі,сұрақ-жауап,әңгімелеу,мәтін,қосымша әдебиетпен жұмыс.
Оқыту формалары: жеке,жұппен,өздік,топпен жұмыс,тірек сызбалар жасау.
Сабақтың көрнекілігі мен
техникалық жабдықтары: қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетінің шығармалары бойынша кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып кезекшісімен әңгімелесу, оқушыларды түгендеу, сабақ
тақырыбы мен мақсатын айту.
I.Сабаққа қызығушылық туғызу. Ой қозғау (побуждение).
1. Ежелгі дәуір әдебиеті дегенде ойымызға қандай ассоциация келеді ? – 1 топ.
2. Ежелгі дәуір әдебиетіне қандай шығармалар жатады? кластер арқылы көрсету – 2 топ.
Мұғалім: — Ежелгі дәуір мен орта ғасырлар әдебиеті ескерткіштерінен бізге жеткендері аз емес. Оларда елдік, ерлік, адамгершілік тақырыптарымен бірге білім алуға шақыру басты әңгіме болады. Көне дәуір мұраларының мағынасы тым терең, олардың авторы әрі ақын, әрі ойшыл болып танылады.
II. Мәнін түсіну (ұғу) – осмысление.
1. Өздік жұмыс – мәтінмен танысу. Оқулық бойынша 4 -5 бет. Кіріспе атты мәтінді өзара оқып
шығу. Жаңа сөздерді тауып,мазмұнын ашу, сөздіктерге жазу. Мәтіннің мазмұнын түсіну.
2. Жұппен жұмыс: Оғызнама дастаннан үзіндіні оқып, 8 б. сұрақтарға жауап беру.
III. Балардың ой-пікірлерін тыңдау, бағалау — рефлексия .
Инсерт стратегисы бойынша сабақта алған білімдерің көрсету.
бұрыннан білемін
бүгін сабақта білдім
білгім келеді
Үйге тапсырма: Оғызнама мәнерлеп оқу.
С А Б А Қ № 2
Тақырып : Кіріспе сабақ. Ежелгі дәуір әдебиеті. Әл- Фараби.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік : оқушыларға Әл- Фараби өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу;
2.Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін мәтінмен жұмыс істеу арқылы дамыту.
3.Тәрбиелік: Әл- Фараби шығармаларын мақтан тұтуға, әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: өткен тақырыптарға сүйене отырып, жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: ынталандыру әдісі,сұрақ-жауап,әңгімелеу,мәтін,қосымша әдебиетпен жұмыс.
Оқыту формалары: жеке, жұппен, өздік, топпен жұмыс, тірек сызбалар жасау.
Сабақтың көрнекілігі мен техникалық жабдықтары: қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетінің шығармалары бойынша кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып кезекшісімен әңгімелесу, оқушыларды түгендеу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Үй жұмысын тексеру: Оғызнама мәнерлеп оқу.
3. Жаңа сабақ:
I.Сабаққа қызығушылық туғызу. Ой қозғау (побуждение).
1. Бұрын Әл- Фараби туралы тақырыптарды өткендіктен,сынып оқушылары Инсерт стратегиясы арқылы білімдерін қайталайды, жүйелейді,толықтырады.
Білемін
Білдім бүгін сабақта
Білгім келеді
II. Мәнін түсіну (ұғу) – осмысление.
1. Өздік жұмыс – мәтінмен танысу. Оқулық бойынша 9 бет.
2. Жұппен жұмыс: 9-10 б. Өлеңдерін оқып шығу, сұрақтарға жауап беру.
III. Балардың ой-пікірлерін тыңдау, бағалау — рефлексия .
Сұрақ –жауап.
Үйге тапсырма: Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы атты реферат дайындау.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.