Нұрлан Сейтімов ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды — Ел жаңалықтары

0

Нұрлан Сейтімов ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды», — делінген хабарламада. 

Нұрлан Сейтімов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 

2016 жылы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Дипломатиялық рангы: II санатты төтенше әрі өкілетті елші.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz