қазантаспа 4 сынып
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
қазантаспа 4 сынып
Автор: Сағындықова Айгерім Жаңабергенқызы
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-17
Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиеттік оқу 4 сынып
Пән : Әдебиеттік оқу Мұғалім: Сағындықова А.Ж 15.01.2019ж
Сабақтың тақырыбы: Қазантаста
Сынып: 4 Б
Сабақтың мақсаты: Мәтіндегі әдеби кейіпкердің бейнесі туралы тарихи мағлұматтар беру арқылы оқушылардың білуге қызығушылығын арттыру.
1.Шаттық шеңбері.
Қонақтармен әр түрлі мемлекеттердің амандасу түрлерін көрсетейік.
Қазақтар қол алысады.
Италияда-құшақтасады
Бразилияда-бір-бірінің иығын қағады
Зимбабада-арқасымен
Македонияда-шынтақпен
Никарагуада-иықпен
Австралияда-шапалақпен
Жақсы. Енді үй тапсырмасын айтайық.
Үй тапсырмасы: Қазағым менің. Оқушы оқиды. Бағалау. Қазақ халқына тән қасиеттер. Бөлініп қалған қазақты
Кімдер де кімдер шаппаған? деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
Өлең шумағын мағынасына қарай толықтырып жаз.
Туған …-тағдырым,
… кетсем, сағындым.
Сен… жүректе
Таусылмайтын ән-… .
Дұрыс немесе Қате тұжырымдамасы атты ойын ойнамыз. Иә не жоқ деп жауап бересіңдер
10 сұрақ беріледі.
1.Толағай жолбарысты таяқ құрлы көрмей дөңгелетті. Иә
2.Толағайдың әкесінің аты-Санжар-2 жоқ
3. Бәбісек, атша көкек –бұл торғай . жоқ
4. Қобыландының қарындасының аты-Қарлығаш Иә
5. Қобыландының аты-Тарлан жоқ
6.Ер Тарғынның аты-Тайбурыл Жоқ
7. Басқан жері сықырлап келіп қалды. Авторы : Ы.Алтынсарин. жоқ
8.Бәйке мен Бикенің қорғаған қаласы- Гүрқала иә
9.Қонтайшы-жоңғар билеушісі Иә
10. Қалмақтар қиратқан қаланың орны –Егізқара жоқ
Жаңа сабақ
Суреттегі тасқа жазылған жазулар, таңбалы тастар сендерді қызықтыра ма? Ал олар қалай сөйлейтіні туралы қызық аңыз оқығыларың келе ме? Олай болса Қазантаста мәтіні не туралы болуы мүмкін? Слайд көрсету
Осы тас мүсін деп басталатын сөйлемге дейін оқып, мазмұнын білу.
…. осылай жатып өлемін сөйлеммен аяқтау.
Сол жатқаннан тырп етпейді.
Әр оқушы сол мәтіннің бөлігінің авторы деп есептеледі. 1-оқушы шығып, мазмұнынын әңгімелейді.Қалған оқушылар оған сұрақтарын қояды.Авторға сұрақтар қою.
-Мәтіндегі басты кейіпкер кім?
-Осы мәтінге ұқсас әңгіме оқыдыңдар ма?
Шығармалар кестесі.
Бағалау.
Үй тапсырмасы. Мазмұндау.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.