Home Білім АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ

АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ

0
472

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
1.1 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің түсінігі
1.2 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің маңызы
1.3 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің міндеттері

2 ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ӘРЕКЕТТЕРІ
2.1 Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер
2.2 Істі соттың талқысына тағайындау
2.3 Сот хабарлаулары мен шақырулары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3

6
6
7
11

17
17
21
26

30
33

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бап 2-тармағына сәйкес, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы [1.7 б.].
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды орган болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Соттардың тәжірибесінде азаматтық істер көпшілігінде берілген талап арыздар негізінде қозғалады, яғни материалдық (мүліктік немесе мүліктік емес) даулы ұмтылыстардың сотта қаралуының кең таралған әмбебап түрі – талап қою бойынша іс жүргізу (талап қою өндірісі) деуге болады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жыл тамыз айының 17-ші жұлдызында шығарылған жарлығы бойынша ҚР құқық қорғау органдарын жетілдіру қажеттігі айтылып, соның ішінде сот органдарының алатын орны ерекшелігіне аса көңіл бөлінген.
Азаматтық істі соттың бірінші инстанциясында қарау азаматтық процестің негізгі сатысы ретінде соттардың республика саясатын өмірге келтіруінің негізгі құралы болып табылады.
Азаматтық процесс толығымен әділеттілік міндеттерін атқаруға бағытталған, дегенмен осы міндеттерді сот тікелей сот талқылауы кезінде жүзеге асырылады. Сот талқылауы дәрежесіне, оның толықтылығы мен обьективтілігіне азаматтық істер бойынша қазақ сотының беделі, соттың жұмысының сапасы байланысты болады. Құқық нормалары мен дәл сәйкестікке әртүрлі азаматтық істерді қарап және шеше отырып, сот мемлекеттін өзінің негізгі функцияларын жүзеге асыруына үлкен үлес қосады, осымен, ақыр аяғында, азаматтық процестегі сот талқылауының маңыздылығы анықталады.
Сот талқылауы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша қарайды, обьективтік шындықты анықтайды және мемлекет атынан іс бойынша шешім шығарады.
Сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар.
Сот азаматтарға азаматтық іс бойынша дұрыс және сенімді шешім шығарумен ғана емес, сонымен қатар, сот талқылауының процедурасының өзімен де тәрбиелік әсер етеді. Істі қараудың қатаң және нақты процессуалдық тәртібі, процесте соттың заңдылықты дәл, нақты сақтауы, соттың тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін барлық шараларымен қорғау тек шешімнің сенімділігін, заңдылығын және негізділігін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, азаматтарға үлкен тәрбиелік әсер етеді.
Сот талқылауы сатысында азаматтық процестін барлық қағидалары – бұл ең алдымен сот талқылауының қағидалары.
Азаматтық процестің сатысы ретінде сот талқылауы процестің осы сатысында сот азаматтық істі мәні бойынша шешетіндігі – іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттейді және іс үшін маңызы бар фактілерді анықтайды, тараптар арасындағы құқықтық қатынасты тараптардың шынайы құқықтар мен міндеттерін анықтайды, тараптар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қолдана отырып іс бойынша мемлекет атынан шешім шығаратындығымен сипатталады.
Азаматтық процестегі сот талқылауы азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген азаматтық істі сот отырысында мәні бойынша қарау кезінде қатысатын процестің басқа да қатысушыларының қызметі.
Азаматтық істердін сот талқылауына көптеген монографиялық еңбектер, жария жұмыстар арналған. Бұл сот талқылауының маңыздылығы мен мәнділігіне байланысты болып отыр.
Бұл жұмыста азаматтық істірдің сот талқылауының түсінігі, мәні мен маңызы, сот талқылауының бөлімдері, шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау, апелляциялық және қадағалау сатыларында сот талқылауының ерекшеліктері туралы баяндалған.
Азаматтық Кодекстің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықты қорғау сот арқылы жүзеге асады. Белгілі бір жағдайларда бұрмаланған азаматтық құқық
басқа да тәсілдермен қорғала алады. Заңда көзделген ретте мұндай қорғау әкімшілік тарапынан жүзеге асуы мүмкін. (АК- тің 9 бабы 2 тармағы).
Азаматтық кодекске дәстүрлі қорғау шараларына басқа қорғаудың жаңа да, арнайы тәсілдері енгізілген. Арнайы заң құжаттарында көзделген жаздайда нақты және заңды әрекеттер мен тікелей құқығы бұзылған адамның
құқығын қорғауға (өзін-өзі қорғау ) заң жол береді. Өзін-өзі қорғау ұғымы қылмыстық құқықтың аясына жатады, бірақ өзін-өзі қорғау жазалауға жатпаса, онда ол занды әрекет болып табылады.
Сот органдарының алдындағы міндеті азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және қорғалатын мүделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңддарында белгіленген ережелер бойынша тек сот жүзеге асырады.
Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.
Әрбір адамның бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін АІЖК – те белгіленген тәртіппен сотқа жүгінүге болады.
Мемлекет органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар зағда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгілі бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінүге құқылы.
Қазақстан Республикасы АІЖК бекітілген азаматтық істі сот талқылауына дайындау тәртібі мен ерекшеліктері осы жұмыс барысында толық қамтылған.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізу түсінігін дұрыс талқылау қажет.
Курстық жұмыстың объектісі – азаматтық істі сот талқылауына дайындау және олардың конституциялық негіздері.
Курстық жұмыс тақырыбының пәні – азаматтық істі сот талқылауына дайындаудың заңи нормалары, ҚР-ның Конституциясы.
Курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық істі сот талқылауына дайындау түсінігін талқылау.
Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 30 бетті құрайды.

1 АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
1.1 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің түсінігі

Мемлекеттік тіл мәселесіне заң тұрғысынан қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңы елімізде тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттік тілді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгіледі. Аталған заңға сәйкес Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс, қажет болған жағдайда ғана, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданатындығы көрсетілген. Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі мемлекет аймағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін, іс қағаздарын жүргізу тілі екенін айқындау жолында іс-шаралар жүзеге асуда.
Кез келген азаматтың іс бойынпіа сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рӛл атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.
Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақтылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты – істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында кӛрсетілген міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады. Азаматтық істерді әзірдеудің міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап ӛз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеудің міндеттері туралы мемлекеттік тілде ой қозғасақ.
Сотқа белгілі бір талап арызбен жүгінген азаматтың не заңды тұлғаның арызын қабылдап, азаматтық істі қозғағаннан кейін, судья істі уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен, әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Сотқа жүгінген кез келген азамат не заңды тұлға өкілі өзінің құқы немесе заңды мүддесінің бұзылғанын талап арыз деп атап көрсеткенімен, көбіне әңгіме түрінде жазбаша жақсы жазып бергенімен, дау бойынша анықталатын мән-жайлар, тараптардың қатынасы, оның дәлелдемелері, қандай заңға негізделгенін анық көрсетпейді, сондықтан істі сот отырысында қарағанға дейін әзірлік жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу соттың іс бойынша жасайтын іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жанжақты және объективті түрде зерттеп, заңды әрі негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады. Істі сот қарауына әзірлеудің маңыздылығын ескере келіп, азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу мәселелерін реттейтін іс жүргізу заңнамасының нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы отырысында 2001 жылы 13 желтоқсанда Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы арнайы нормативтік қаулы қабылдады.
АІЖК-нің 166-бабына сай, қабылданған әрбір іс бойынша міндетті түрде төмендегі әзірлік жұмыстары жүргізілуі тиіс.
1 істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2 тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
3 іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4 әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
АІЖК-нің 167-бабында азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап, жеті күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануына келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайда, сондай-ақ, асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін делінген.

1.2 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің маңызы

Әр іс бойынша АІЖК-нің 168-бабы бойынша істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығарылып, даудың санатын ескере отырып, істің уақытылы және дұрыс шешілуіне қажетті болып табылатын нақты әрекеттердің орындалуы көрсетілуі керек. Егер іс бойынша шығарылған сот актісі апелляциялық немесе қадағалау алқасында бұзылып, іс бірінші саты сотына қайта қарауға жіберілген жағдайда да, істі сот қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығарылуы тиіс. Алайда, көп жағдайда бірінші саты соттары бұл талапты орындамайды. Сондықтан да болар, апелляциялық не қадағалау алқасы көрсеткен кемшіліктер жойылмай, нұсқаулар орындалмай, яғни, тиісті әзірлеу іс-әрекеттері жүргізілмегендіктен, кейбір азаматтық даулардың шешілуі ұзаққа созылып кетеді.
Көпшілігінде бірінші саты судьялары істі сот қарауына әзірлеудің міндетін істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарымды үстірт жазып, жауапкерге талап арыз көшірмесін АІЖК-нің 169-бабын бұзып, талап арызға тіркелген дәлелдемелерді жібермейді де жіберумен, 47-бапта көрсетілген тараптардың құқықтары мен міндеттерін көрсетумен, заңда көрсетілген 7 күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілгенді есепке алып, тараптар шақырылған деп, көрсетумен шектеліп, іс қарайтын күнді белгілей салады. Әрине, іс құжаттары сот отырысында қарауға толық әзірліктен өтпегендіктен, тараптар даудың мән-жайы бойынша толық хабардар болмағандықтан, себеп-салдарсыз сот отырысы бір емес, бірнеше рет кейінге қалдырылып, соңында заңмен берілген екі ай да аз болып, не істің мән-жайы толық зерттелмеген сот актісі қабылданады, не іс қараудың процессуальдық мерзімі бұзылады.
Химжанова қарызға берген 225 000 теңгені Серкебаевадан өндіріп беру туралы талап арызбен аудандық сотқа жүгінген. Талап арыздың негізі әрі дәлелі ретінде жауапкердің өз қолымен жазған бірнеше қолхатын тіркеген. Істі сотта қарауға әзірлеу мақсатында тараптар 21 шілде күні шақырылып, осы күні жауапкер талап арыз көшірмесін алған. Судья жауапкерден істің мән-жайын, қолхаттардың жазылу себеп-салдарын, талап арызды мойындайтынын, мойындамайтынын сұрап анықтамаған. Осы күні істі сотта қарауға тағайындап, 2 қыркүйекте жауапкердің талап арызды мойындауы негізінде, шешім шығарылды.
Т. азаматы өткен жылдың 2 шілдесінде сот шешімімен некесі бұзылған жолдасынан кәмелетке жетпеген баласына алимент өндіру туралы өтінішпен аудандық сотқа жүгінген. Сот 7 шілдеде азаматтық іс қозғап, істі сотқа әзірлеу туралы ұйғарым шығарып, 14 шілдеде істі сотта 15 шілдеде қарауға тағайындаған. Сол күні Т. талап арызын қараусыз қалдыру жөнінде арыз берген, сондықтан соттың 15 шілдедегі ұйғарымымен АІЖК-нің 249-бабының 9-тармақшасымен талап арыз қараусыз қалдырылған.
АІЖК-нің 170-бабында судьяның істі сотта қарауға әзірлеуде қандай іс-әрекеттер жүргізетіні көрсетілген.
1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Менімше, осы тексте жауапкерді қажет болған жағдайда шақырып алады деген сөйлем дұрыс емес. Азамат не заңды тұлға нақты азаматтық іс бойынша жауапкер болып талап арызда көрсетілген соң, ол осы іс аяқталғанға дейін қажет. Қабылданған талап арыз бойынша жауапкердің наразылығы, дәлелдемелері қабылданып, тараптардың тең құқықтылығы принципі бойынша іс құжаттары зерделенеді. Мүмкін істі сотта қарауға әзірлеу барысында жауапкер бітімгершілік келісімге келер немесе қарсы талап арыз беретін болар. Әр істе екі жақ: талапкер мен жауапкер болатындықтан, әр істің уақытылы, жан-жақты зерделенуіне олардың мүдделі болуына байланысты, тараптардың істі әзірлеуде сот жүргізетін іс-әрекеттерге қатысуы міндет деп есептеймін. Осы баптың 4,7-тармақшаларында тараптардың, яғни, жауапкердің де құқығы мен міндеттері айтылған, яғни, 2-тармақшаның бастапқы сөйлемі қарама-қайшылық тудырады. Егер азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында тараптардың өкілі қатысса, онда АІЖК-нің 61-бабына сай оның әр процессуальдық әрекетті жасауға өкілеттілігін дәлелдейтін сенімхатын судья тексеруге міндетті.
АІЖК-нің 55-бабына сәйкес прокурордың азаматтық іс қарауға қатысуы тек заңмен көзделген немесе судья қажет деп тапқан жағдайларда ғана міндетті болып табылады, сондықтан прокурордың іске қатысуы қажеттілігін айқындап, ұйғарымда көрсетуі – судьяның істі сот қарауына әзірлеудегі міндетінің бірі болып табылады.
3) Іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ, тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді; АІЖК-нің 52-бабына сай даудың мәні бойынша дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар істі соттың қарауына әзірлеу сатысында тараптардың не судьяның бастамасы бойынша іске қатыса алмайды. Мұндай адамдар, егер оны қажет деп тапса, өз бастамасы бойынша талапкерге не жауапкерге талап арыз беру арқылы іске қатысуға құқылы.
4) Тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарларын түсіндіреді.
5) Оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды.
6) Куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді. Осы тармақшаның қолдануы жөнінде айта кеткен дұрыс болар. Әрине, АІЖК-сі бойынша іс дәлелдемелерінің бірі куәлердің айғақтары 79-бап болғандықтан, куәлер сот отырысына шақырылуға тиіс. Дегенмен, куәлердің айғақтары шын мәнінде іс бойынша мән-жайды анықтауға септігін тигізе ме? Мысалы, некесі сот шешімімен бұзылған ерлі-зайыптылардың үй мүлкін бөлісу туралы азамттық іс қаралып, талапкер әйелдің құрбысы 25 жыл бұрын болған үйлену тойына дейін, талапкерге кімнің қандай алтын, хрусталь, мүлік сыйлағанын, тіпті оның бағасына дейін нақтылап айтып беруі немесе заңды тұлғаның шарттар бойынша жасаған іс-әрекетін, сонда істейтін қарапайым жұмыскердің көрдім, білдім, қатыстым деуі дәлелдеме деуге келіңкіремейді. Сот тәжірибесінде көрінеу жалған айғақ берген куәгердің АІЖК-нің 80-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы да сирек құбылыс. Сондықтан, судьялар істі сотта қарауға әзірлеу барысында, тараптардың куәлерді шақыру өтінішін анықтап, ол куәгердің айғақтары қаншалықты негізді, дәледеме болатынын мұқият зерделеп, куәгерді сот отырысына шақыру қажет пе, жоқ па соны айқындау керек. Сөйтіп, істі қарау барысында, тіпті сот отырысының соңғы күнінде керекті-керексіз куәгер шақыру жөніндегі тараптар өтініштерін қанағаттандырусыз қалдыру керек деп ойлаймын.
7) Тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ, іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді. Заңның осы тармақшасының істі сотта қарауға әзірлеуде маңызы зор бола тұра, судьялар жалпы көңіл бөлмейді. Әйтпесе, жол апатынан, даулы үйді бағалаудан, келтірілген зиянды төлеуден, құрылыс шарттарынан туындайтын шығындарды өндіру туралы азамттық істер бойынша көп жағдайда сараптама тағайындалатындықтан, осы мәселені судья істі әзірлеу барысында шешсе, сотта істі қарау мерзімі ұзаққа созылмас еді.
О. деген азамат 2009 жылы 7 шілдеде пәтерін су басудан келген зиянды көршісі Қ-дан өндіру туралы талап арызбен сотқа шағымданған. Аталған санаттағы істің мән-жайын анықтау әрқашан белгілі бір қиындықтар туғызатындықтан, істі сот отырысына әзірлеу барысында тараптардың пікірін тыңдап, сараптама тағайындаған дұрыс болар еді. Сот үстірт әзірлеу жүргізіп, 2009 жылдың 4 тамызында сырттай шешіммен талапкер пайдасына жауапкерден 184 446 теңге өндірген. Жауапкердің арызы бойынша сырттай шешім бұзылып, іс қайта қаралып, жауапкер өкілі іс бойынша сарапшы шақыру туралы өтініш білдірген. Сот отырысында сарапшы зиян шығынының көлемі туралы нақты түсініктеме бермеген. Алайда, 23 қыркүйекте талапкер талап арызынан бас тартып, сол күнгі сот ұйғарымымен АІЖК-нің 247-бабы негізінде іс өндірісі қысқартылған. Сонымен, істі сотта қарауға әзірліктің жеткілікті болмауы салдарынан, көрші кінәсінен су ағып, үй заттары бүлінгенін дәлелдейтін құжаттары бола тұра, О. өзіне келтірілген зиянын толық болмаса да, жартылай өндіре алмады деп есептеймін.
8) Тараптардың өтінімі бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді.
9) Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді.
10) Сот тапсырмаларын жібереді.
11) Талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі және басқа да заң актілерінде қарастырылған жауапкердің борышкердің сот актілерін мәжбүрлеп орындатуды қиындатуы немесе болдырмауы мүмкін әрекеттерінің жолын кесу шараларын қаралған іс бойынша қабылданар сот актісінің орындалуын қамтамасыз ететін шара деп түсіну керек. Сондықтан талап арызда көрсетілген талап қоюды қамтамасыз ету шараларын көп жағдайда талапкерлер жеке арыз жазбай, талап арызында көрсетеді істі әзірлеу барысында қабылдау керек, өйтпеген жағдайда, даулы мүлік сотта іс қаралып біткенше, үшінші не төртінші адамның, заңды тұлғаның меншігіне кетіп, келесі даудың тууына немесе талап қоюды қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырмаған судьяның іс-әрекетіне арыз жазылуына әкеледі.
12) Талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады.
13) Өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
Судья істі әзірлеу барысында АІЖК-нің 171-бабына сай бірнеше талап арызды біріктіріп немесе ажыратып қарау тәртібін белгілеуге құқылы. Осы жерде айтатын бір жай – судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әртүрлі жауапкерге немесе әртүрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарауға құқылы делінген. Осы тәртіппен сот құзырына түскен талап арыздардың бар екенін судья емес, сот төрағасы біліп, бөлетіндіктен, осы істер бойынша сот тәжірибесін орнатып, шағым болған жағдайда да бірнеше емес, бір ғана шешімге шағым болуы мүмкін екенін ескеріп, сот төрағасы аталмыш істерді бір судьяға бергені жөн сияқты.
Істі қарауға әзірлік тиянақты жүргізілген жағдайда, тараптардың бар-жоғы адамдардың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта құрылуы, таратылуы, бітімшілік келісімге келуі, іс бойынша сараптама тағайындалуы, іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауы, талап қоюшы талап арызынан бас тартуы, т.б. АІЖК-нің 242, 243- баптарында, 247-бабының 1-5- тармақшаларында және 249-бабының 1-5,8,9 тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған жағдайда оны сотта қарауға әзірлеу кезінде іс бойынша іс жүргізудің тоқтатылуы, қысқартылуы немесе қараусыз қалдырылуы мүмкін. Судья тараптарға мұндай іс жүргізу әрекеттерінің себеп-салдарын түсіндіруі тиіс.
Судья істі сотта қарау әзірлігі аяқталған соң, істі сот отырысында қарауға тағайындап, ұйғарым шығарып, тараптарға істің қарау уақыты мен орынын хабарлайды.
Сонымен, істі сотта қарауға әзірлеудің мәнісі зор. Қаралар азаматтық істің мән-жайларын анықтап, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екендігін, дәлелдемелердің қатыстылығын, мемлекетік немесе басқа ұйымдардан дәлелдемелерді талап етудің керектілігін немесе керек еместігін анықтап, істі сот қарауына әзірлеуде судьяның үлкен жауапкершілікпен нақты іс-әрекеттер жүргізуі – іс бойынша заңды әрі негізді шешім қабылдаудың кепілі болып табылады.

1.3 Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеудің міндеттері

Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарға міндетті түрде хабардар ете отырып сот отырысында жүргізіледі. Жоғарыда аталып кеткен мәселелердің барлығы ескеріліп азаматтық істерді қарау қатаң түрде , заңмен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Осы азаматтық іс жүргізу барысындағы ең маңызды сатысына, яғни істі қарау сатысын ондағы қаралатын істердің көлеміне қарай бірнеше бөліп қарастыру қалыптасқан:
1. Сот мәжілісінің дайындық бөлімі .
2. Істі мәні бойынша қарау немесе дәлелдемелерді істің мән-жайы бойынша зерттеу бөлімі.
3. Соттағы жарыссөздер және прокурордың қорытындысы.
4. Соттың шешімін шығару және шешімді жариялау.
Әрбір бөлімнің ісін жүргізудегі маңызы ерекше. Әрбір бөлім тағдырының немесе қорғалмай қалуына әсер етеді.
Ондағы іс-әрекеттер, әрбір бөлімнің заңға сәйкес, нақты, дәлелді шешілуі соттың мәртебесін, сот сенімділігін ұлғайтуға немесе төмендетуге әкелуі мүмкін.
Сонымен бірге әрбір бөлімнің өзіне тән ерекшелігі бар. Сот ісінің жүргізу тәртібі, оның тәрбиелік әдептілік жағы әрбір адамның дұрыс және нақты түсінуіне мүмкіндік беруі керек. әрбір бөлім бойынша сот қызметкерлері өзіне берілген іс барысында неғұрлым білікті, сенімді, дұрыс анықтауы керек.
Соның бірі сарапшы, маман, аудармашы істің негізгі бөлімдерінің толық ашылуына өзінің біліктілігін мен іскерлігін келуі қажет. Өздеріне тапсырылған зерттеу жұмыстарын толық жан-жақты анықталуы қажет.
Сотта іс қараудың дайындық сатысы ол істі мәні бойынша қарау мүмкіндігін тудыру үшін бағытталған процесуалдық әрекеттердің жүйесі болып табылады.Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады.
Істі қарау үшін белгіленгін уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтың ісі қаралуға тиіс екенін жария етеді. (180 бап,АІЖК).
Судьяның рұқсатымен сот отырысының хатшысы кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды. Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдармен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.
Олардың аты-жөнін, жұмыс орнын, туған жылын, тұрғылықты жерін анықтау, кейбір істер бойынша олардың әлеуметтік жағдайын анықтауы керек болады, мысалы алимент өндіріп алу бойынша,т.б.
Лауазымды тұлғалар немесе өкілдердің өкілеттіктері және олардың қатысуын болдырмайтын мән-жайлар анықталады.
Егер мәселе эксперт туралы болып тұрса, сот оның кәсіби өкілдігін тексереді, яғни оның білімі, лауазымы және жұмысы стажын тексереді. Куәгердің іске қатыстылығын, олар жайлы мән-жайлар нақты олардан жауап алар алдында жүргізіледі.
Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады, әлі айғақ бермеген куәгер істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды.
Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру жене міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі он сегіз жасқа толған азаматтарда жене ұйымдарда толық көлемде болады.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілетті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
Істе төрағалық етуші іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Олардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді жазып алуға, көшірме түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелер табыс етуге, оларды зерттеуге қатысуға, іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға, өтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға, сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге, сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге, іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге, сот жарыс сөздеріне қатысуға, сот отырысының хаттамасымен танысуға, оған жазбаша ескертпе беруге, соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға, азаматтық сот ісіне жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар.
Процеске қатысушылар судьяға түрегеп тұрып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады. Осы ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.
Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады.
Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін.
Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.
Қажет болған жағдайда сот оны немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.
Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау анықталғанға дейін сот отырысы залында қалады.
Төрағалық етуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуіне шаралар қолданады.
Бұл шараны қолданудың маңызы үлкен. Себебі, азаматтық істі нақты, әділ, жан-жақты толық зерттеліп, дәлелденуі үшін куәлардың айғақ беру кезіңінде бір-бірін көрмей түсініктеме беруі қажет. Менің ойымша бұл, сот ісінің тез шешілуіне, тараптардың нақты іс бойынша шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ол соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алуда сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады.Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады.
Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатың ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залына іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуі тиіс.
Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп танылған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залына шығарылады.
Аудармашы іске қатысқан ретте төрағалық етуші оған АІЖК 182 бабымен белгіленген міндеттерін түсіндіреді және көрнеу дұрыс аударма жасамағаны үшін ҚР ҚК көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді.
Оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсініктемелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ол бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақ, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді.
Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасымен қоса тіркеледі.
Аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін атқарудан бас тартқан жағдайда оған әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін. Заң шығарушымен осы іс-әрекеттерді істеуді сот мәжілісінің ең бірінші орынға қоюы, заң жүргізіліп отырған тілді білмегендіктен туындайтын салдарын болдырмаудың көздегендігін байқауға болады.
Бұл мәселе әділдік пен адамгершілік жағынан толық қабылданады.
Куәлар шығарылғаннан кейін төрағалық етуші сот құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кімдердің қатысатының хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді.
Судьялар, прокурор, сот хатшысы, сарапшы, аудармашы,сот орындаушысы, сот приставы егер олардың қауыпсіздігіне (іске қатысты) күмән келтірілсе, істің шешілуіне тікелей немесе жанама мүдделі тараптарға олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса, қызмет бойынша немесе өзгедей тәуелділікте болып келсе, оларға (өздеріне өзі) қарсылық білдіруге немесе өздігінен бас тартулары керек. (42 бап,АІЖК).
Сонымен бірге АІЖК 39 бабына сәйкес бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға сондай-ақ оның қатысумен қабылданған шешім күшін жоюған жағдайда бірінші сатыдағғы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Аппеляциядағы сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайда. Аппеляциялық немесе қадағалау сатысында да заң бойынша қатыса алмайды.
Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімденуі тиіс.
Істі қарау барысында өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі.
Істі жеке дара қараушы судья мәлімдеген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа судьясы, олар болмаған жағдайда жоғары тұрған судьясы қарайды. Істі соттың алқалы құрамында қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен бас тартуды мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және егер ол түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірген судьяның пікірін тыңдайды. Бұл мәселені оның қатысуынсыз шешеді. Егер судьялардың дауысы тең болса, қарсылық беретін болып есептеледі.
Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімдеген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай көпшілік дауысымен шешеді.
Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік туралы дәлелдер аппеляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге енгізілуі мүмкін.
Келесі жүргізілетін іс-әрекет ол АІЖК 185 бабына сәйкес, судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жүргізу құқықтарын мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды шешу үін аралық сотқа жүгіну құқығын және осындай әрекеттің салдарын түсіндіреді.
Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің істі қарауға байланысты мәселелер жөніндегі өтініштері іске қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешеді.
Тараптардың ісі бойынша үшінші жақтарды, жауапкерлерді, қосымша куәгерді шақыру жазбаша дәлелдемелерді іске тіркеу мәселелері судьямен сол орында шешіледі, ал сараптама тағайындау туралы, қарсылық білдіру туралы сұрақтар кеңесу бөлмесіне қарастыруға жатады.
АІЖК 187 бабында іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдары қарастырылған.
Іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарлағаны жөнінде мәліметтер жоқ болса,істі қарау кейінге қалдырылады.
Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда сот іс қарауды кейінге қалдырады. Осы екі жағдайда ғана істі қарауды кейінге қалдырады.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері турулы мәліметтер жоқ болса, немесе сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп таныса, немесе жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.

2 ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ӘРЕКЕТТЕРІ
2.1 Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы [1, 25 б.].
Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады [2].
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: қазіргі кездегі азаматтық істерді сотқа әзірлеудің мәселелерін көрсету. Сонымен істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты ─ істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Ал ғылыми жұмыстың міндеттері: азаматтық іс жүргізу кодексін зерттей отырып, азаматтық істерді әзірлеуе байланысты туындайтын мәселелерді анықтап, оларды жоюдың шешу жолдарын көрсету.
Азаматтық істерді әзірлеу кезіндегі негізгі мәселе: азаматтық істі сотқа әзірлеудің міндеттері, мерзімдері, талап арызға пікір мәселесінің заңда толық емес белгіленуі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-бабының 2-тармағында, сот билігі Республика Конституциясының, зандарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылды деп көрсетілген. Сонымен қатар аталған баптың 3-тармағына сай соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. [3]
Елімізде жүргізіліп жатқан сот − құқықтык, реформалардың дұрыстығын және өміршендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері сот саласында айтарлықтай ілгерілеушіліктер болғаны бәрімізге де анық. Атап айтсақ, соттарды мамандандыру, қылмыстық істерді алқабилердің қатысуларымен қарау, сондай-ақ қамауға алуды санкциялауды соттардың құзырына беру мәселелері оңтайлы шешіліп, сол арқылы еліміздің сот саласы халықаралық стандарттарға қарай қарыштап қадам басты.
Осындай сәтті жүргізілген Конституциялық реформаның нәтижесінде жеке және занды тұлғалар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сотқа көптеп жүгіне бастады. Осыған орай судьялардың іс қарау жүктемелері де едәуір артып отыр.
Соттарды мамандандыру жұмыстарының дамытылуы осындай жүктемелерді азайтуға өз септігін тигізуде.
Енді азаматтық іс жүргізу нормаларын одан әрі жетілдіре түсу мәселесінің кейбір түрлеріне тоқталып көрейік.
Қазақстан Республикасы Президентінің 28.08.2009 ж. № 858 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының (бұдан әрі қарай тұжырымдама) 2.7. тармағында азаматтық іс жүргізу құқығы сот төрелігінің қолжетімділігін, азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыруды қамтамасыз етуге, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерін уақтылы қорғау және қалпына келтіруге арналған, ─ деп атап көрсетілген.
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы.
Азаматтық істерді қарағанда әзірлік жүргізеді, оның мақсаты – істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды
1) талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтар мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz