Қан пластинкасы (тромбоцит) дегеніміз не туралы қазақша

0

Қан пластинкасы (тромбоцит). Қандағы тромбоциттың саны бір текше миллиметрде 300 мың болады. Көлемінің үлкендігі 1 /1000 — 3/ 1000 миллиметр. Тромбоциттың формасы дөңгелек немесе кішкене сопақтау болып келеді. Тромбоциттың жүрісі лейкоцитке карағанда бәсеңдеу. болады. Тромбоцит қан тамырының сыртына шықпайды және де тез бұзылғыш келеді. Тромбоцит бұзылғанда бұлар бір-бірімен жабысып, түйіртпектенеді.

Тромбоцит қанды ұйытуға әсер етеді, өйткені ол бұзылғанда арнаулы фермент, организмдегі химиялық реакцияға көмектесетін органикалық заттар — тромбокиназа шығарады. Адамның денесінен қан аққанда қанның қоюланып, өзінен өзі тыйылып, тоқтайтын себептері тромбокиизаның қасиетіне байланысты. Үлкен қан тамырлары қиылғанда қанның тыйылуы мүмкін емес, ол кезде қосымша медициналық көмек қажет.

Ересек адамдардың ұсақ тамырларынан қан аққанда қанның ағуы 1,5 — 3 минуттан кейін тыйылады. Егер жас балалардың тамырынан қан аға қалса, ол 3 минуттан артық уақытқа созылады. Кейбір науқасы бар адамның денесінен қан аққанда оны тоқтату қиынға соғады. Қан тамырлары зақымданып қиылғанда ішкі қабы ішіне қарай бүгіліп қайырылады, бұл қанның тез тыйылуына себеп болады. Аққан қан өзінен өзі тыйылмаған жағдайда қан немесе плазма (қан лимфасының сұйық бөлегі) құю керек. Жаңадан құйылған қан тромбаның тез құрылуына көмек етеді. Тромба қанның тез жүруін бәсеңдетіп, аққан қанды тыяды. Аққан қанды тоқтатуда да нерв жүйесі үлкен роль атқарады. Тромбамен тығындалған тамырлардың көлемі нервтің әсерімен кеңейіп, не таралып өзгеріп отырады. Қейбір жағдайда қан тромбалары өзінен-езі еріп, тарайтын кездері де болады. Егер тромба (қан тығындары) қан арқылы өкпенің немесе жүректің тамырларында пайда болса, адам бірден өліп те кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда хирург тез операция жасап, тромбаны алып тастайды. Тромбаның қай тамырда тоқталғанын білу және оны табу оңай емес, сондықтан мұндай ауруларды жазу қиынға түседі. Қазіргі кезде қан тамырын бір-бірімен жалғау мәселесі біздің елімізде әбден шешілді деп мақтанышпен айтуымызға болады, Инженер Гудов дәрігерлермен қосыла отырып, қан тамырларын жылдам тігетін аппарат ойлап шығарды. Бұл аппарат қазіргі кезде көптеген ауруханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қан тамырын жалғау жөнінде орыс ғалымы хирург Н. И. Пирогов: «Егерде қан тамырын жалғай білсе, хирургтерге жаңа ғасыр туған болар еді» деген болатын. Совет хирургтері қазіргі кезде жүрекке, күре тамырға, өкпенің тамырларына және өкпеге операция жасау ісін дамытып келе жатыр.

Қанның тыйылуы қандағы химиялық реакцияларға байланысты болады. Қанда еритін белоктарды фибриноген деп атайды. Сонымен бірге онда фермент, тромбин болады. Фермент, тромбин фибриногенмен қосылғанда фибринге айналады. Тромбин мен фибриногеннің арасында реакция болу үшін қанда кальций тұзы мен К витамин болу керек. Қальций тұзы қандағы фибриннің түсуін жылдамдатады. К витамин асқабақта және гүлді капустада көп болады. Қаны тез тоқтамайтын ауру адамдарға осыларды жеу керек.

#Қан #пластинкасы #тромбоцит #дегеніміз #не