Қайтарымды ресурстарды пайдалану | туралы қазақша

0

Интенсивті дамушы экономиканың басты белгісі ресурс үнемдейтін ұдайы өндіріске көшу, ресурс игеруді артгырудан гөрі, оларды тиімді пайдалануға өту, халық шаруашылығы қажеттілігінің (шикізатқа, материалға, отынға, энергияға және т.б.) артуын негізінен үнемдеу есебінен қанағаттандыру. Бүгінгі күні қоғамдық еңбекті, ресурстарды үнемдеуге бағытталған әрекеттер табиғатты қорғау, табиғи жүйелердің теңдестігін сақтау талаптарымен диалектикалық байланыста. Үнемдеушілік экологиялық қауіпсіздік талаптарымен объективті байланыста, өйткені шаруашьшыққа қойылатын экономикалық және экологиялық талаптар бір бағытта. Қоғам жалпы табиғатты пайдаланудың экологиялық-экономикалық тиімді жолын табу керек, өйткені экологиялық жүйелердің өздігінен қалпына келуі жағдайында ғана табиғи ортада тіршілікті, қоғамдық өндірістің тиімділігін қамтамасыз етуге болады.

Қарапайым тұрақты өндіру жағдайында табиғатты тиімді пайдаланудың белгісі — табиғи ортадан ұдайы затгар, қуат алынғанда, оған үдайы әсер етілгенде экологиялық жүйелердің табиғи қалпының бұзылмай сақталуы. Экстенсивті ұдайы ұлғаймалы өндіріс жағдайында табиғатты пайдалану және оған әсер ету артып отырғанда, табиғи ортаның сыйымдылығы шектеулі болғандықтан ұлғаймалы дамудың интенсивті түріне көшу керек болады. Дамудың бүл түрінің қолайлылығын бағалау белгісі — экологиялық жүйелер мен ұлғаймалы шаруашылық эрекеттердің динамикалық теңдестігі.

Адамзат қоғамы дамуының әр кезеңінде табиғат пен қоғамның дамуын үйлестіру қажеттілігі әр түрлі деңгейде болады және оның мүмкіндігі де бірдей болған емес. Бұл жерде мәселе тек қана техниканы, технологияны жетілдіру емес, табиғатты қорғауға қаншалықгы еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын бөлу мүмкіншілігінде, үдайы үлғаймалы дамудың интенсивті түріне көшіп, табиғат пен қоғамның даму үйлесімділігіне жету үшін экология талаптарын саналы жүзеге асыруда. Бұл, қоғам бұрын экология талаптарын сезінбеді деген сөз емес. Ондай сезінушілік әрқашан да болды. Бірақ, табиғи ортаның мүмкіншілігі экстенсивті дамуға жол беретін еді. Табиғи ресурстар жеткілікті болғанда қоғам таза табысын табиғатты қорғауға, ресурс үнемдейтін технологияларды игеруге, бөлуге онша мәжбүр болмайды. Оның үстіне барлық елдер бақталастықпен баюға, біреуі біреуінен үстем болуға тырысты.

Қоғамның даму тарихы биосфераны экстенсивті игеру болып табылады. Мұндай бағытты тек қана табиғи ресурстардың сарқылуы, азаюы тоқтатады. Табиғи ортаның шектен тыс ластануы, ресурстардың сарқылуы, өндірісте қолданьшатын отын мен шикізаттың артуы және табиғи ортаға ластаушы зат қалдықтарының шығарылуы артып, табиғи теңдестіктер бүзыла бастағанда интенсивті дамуға көшу қажеттілігі барынша айқын сезіледі. Мысалы, өткен ғасырдың 50-жылдары елімізде мұнай өндіру 20 есе, темір кені 8 есе, газ 200 есе артқан. Сонымен қатар, ҒТЖ өндірісте пайдаланылатын табиғи ресурстардың қолданылуын кеңейтіп, жаңа ресурс түрлерін пайдалануды мүмкін етті. Бұрын көп қолданылмайтын уран, титан қолданыла бастады. Осыған байланысты бұрынғы қалдық түрлері артып, табиғи ортаға жаңа қалдық түрлері шығарыла бастады. Бұл оларды залалсыздандыру және пайдаланумен байланысты жаңа мәселе туғызды.

Болашақта жердегі тіршілікті сақтау үшін табиғатты пайдалануды түбегейлі жақсарту нәтижесінде және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, табиғи ресурстарды қоғамдық өндірісте қолдану қарқынын баяулатып, өндірістің табиғи ортаға зиянды әсерін едәуір азайту керек. Жыл сайын өсіп отырған қоғамның қажеттілігін табиғатты пайдалануды экологиялық тиімді жолмен жүзеге асырғанда ғана қанағаттандыруға болады.

Экономикалық интенсивті даму — өндірісте қолданылатын табиғи ресурстардың шамасын арттырмай-ақ өндіріс өнімдерін молайту. Ол қайтарымды ресурстарды қайта пайдалану нәтижесінде немесе алғашқы ресурсты қалдықсыз кешенді пайдалану нәтижесінде мүмкін болады. Бұл жерде қалдықтарды қайта пайдалану тек қана ресурс үнемдеуші емес, еңбек және еңбек құралдарының өнімділігін арттырушы фактор болып, нақты және өткен еңбекті үнемдейді.

Әйткенмен, қазіргі кезде экологиялық шығындардың артуы өндірісті тежеуші факторға айналуда. Оны табиғи ресурстарды үнемдеумен байланысты қарап көрсек мынаны аңғарамыз. Қоғамдық өндірістің өнімділігі көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, оның ішінде табиғат жағдайы да бар. Қоғамдық қатынастарға байланысты еңбек өнімділігінің өзгеруі жылдамырақ болатын болса, табиғат жағдайына байланысты өзгерістер баяу жүреді. Белгілі дәрежеде қайшылық болады. Табиғи орта сапасының нашарлауы табиғат өнімділігін тежеуші негізгі факторларға айналды. Соңғы жылдары шикізат, отын-энергетика ресурстарын барлау, өндіру, өңдеу шығындары едэуір артты. Сонымен қоса өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру шығындары да өсуде.

Қазіргі өндіріс табиғи ресурстарды дайын күйінде табиғи ортадан ала алмайды. Оларды өсіруге немесе өздігінен өсуіне, қорғауға шығындар жұмсау керек. Табиғи ортаға қайта шығарылатын қалдықтарды тазалау, залалсыздандыру қосымша шығындарға мәжбүр етеді. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалану, оның ресурстарын өсіру, қалпына келтіру шығындарын экологиялық шығындар деп айтады. Экологиялық шығындардың барған сайын артып отыруы қоғам мен табиғат арақатынасындағы негізгі заңдылықтардың бірі ретінде мойындалады. Әйткенмен, экологиялық шығындардың өсуін тежеуге, баяулатуға болды. Біз қарастырып отырған ресурс үнемдеу, қалдықтарды қайта пайдалану, олардың табиғи ортаға зиянды әсерін азайту осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.

Экологиялық шығындардың арту заңдылығын табиғат заңдылықтарының дәрежесінде көтеруге болады. Ол көп жағдайда қоғамдық өндіріспен байланысты. Өндірістің табиғатпен үйлесімділігін арттырудың екі негізгі бағыты айқын көріне бастады. Біріншісінде өндіріс қалдықтарын залалсыздандыруға, олардың табиғи ортаға сыйымдылығын арттыруға баса назар аударылады. Бұл жол өндірістің артуымен байланысты экологиялық шығындардың да өсуіне әкеп соғады. Екінші бағыт экологиялық таза, қалдықсыз өндіріс қүру. Бұл жерде қалдықтары қайта пайдаланылатын өндірісті қалдықсыз өндіріске жатқызамыз.

Қалдықсыз, аз қалдықты технология табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін қосымша шығын жүмсамай шеше алады. Бірақ табиғат пен қоғамдық өндірістің үйлесімділігін қалыптастыруға бұл жеткіліксіз. Қалдықсыз өндірістің өзінде табиғаттан ресурс алу шегінен артқанда, немесе табиғи ортаға сыйымсыз өнімдер шыгарылғанда табиғат пен қоғам дамуы арақатынасының үйлесімділігі бұзылады.

Қалдықсыз өндіріс табиғатта бар нәрсені үлгі ретінде алуы керек. Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты, бір организмнің қалдығын екінші организм пайдаланады, үздіксіз зат айналасы болып тұрады. Осы тұйық жүйені қазіргі өндіріс қалдықтары, әсіресе синтетикалық өнімдердің қалдықтары бұзады.

Табиғат пен қоғам дамуының үйлесімділігіне жету үшін, табиғатқа зиянды әсерлерді азайта отырып, ұдайы ұлғаймалы дамуды қамтамасыз ету үшін шаруашылық әрекеттерде мыналарды жүзеге асыру керек:

  • өндірісті дамытудың интенсивті түрін қолдау саясатын жүргізу;
  • табиғи ресурстарды үнемдеп, қайтарымды ресурстарды қайта пайдалануды ынталандыру;
  • қалдықсыз, аз қалдықты технологияны қолдануды қолдау;
  • қайтарымды ресурстарды пайдалануды түбегейлі жақсартуға қажетті нарықтық инфрақұрылымдарды жетілдіру.

#Қайтарымды #ресурстарды #пайдалану

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз