Подагра қазақша слайд,презентация — Биология

0

Подагра қазақша слайд,презентация

 

 

 

Подагра ( грек. podos-аяқ, agra-қармау, яғни “қармаудағы аяқ”)   қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен оның натрийлік тұзының тіндерде жиналуынан дамитын созылмалы ауру.Дерт дамуының басты механизімі — зәр қышқылы метаболизмінің бұзылысынан болатын гиперурикемия. 
Зәр қышқылы микрокристалдарының қан сарысуында жоғарылауымен және олардың буын, бүйрек, қан тамыр қабырғасына, сирек жағдайда көз бен жүрекке шығуымен сипатталатын метоболизмдік бұзылыс ауруы. 
Біріншілік подагра туа пайда болған ферментопатия нәтижесінде зәр қышқылының гиперпродукциясымен немесе олардың бүйрекпен экскрециясының бұзылуымен  сипатталады.
Екіншілік түрі адамды ұзақ уақыт цитостатиктермен емдегенде қан жасушаларының массивті ыдырауы нәтижесінде олардан пуриндік негіздер көптеп бөлінеді; бүйректің азот бөлуші функциясының бұзылысы нәтижесінде; созылмалы қорғасындық улану нәтижесінде дамиды. Пуриндік қосылыстарға бай тағамдар болып табылады. Яғни, ет, бауыр, бүйрек, балық, саңырауқұлақтар, арахис, шпинат, шоколад; көмірсуға және майға бай тағамдар, алкоголь, чай, кофе, артық тамақтану мен физикалық белсенділіктің төмендеуі

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!