Аллергия, парестезия, тіс протездік жарақат, гальвонизм, токсикалық әсерлер слайд,презентация

0

Аллергия, парестезия, тіс протездік жарақат, гальвонизм, токсикалық әсерлер слайд,презентация 

 

 

Протездік стоматопатия деп протез әсерінен пайда болған ауыз қуысының ауруларын айтады.
Диагностика мен этиологиясы:
Протездік стоматопатия ауыз қуысының шырышты қабығының жеке аймақтарының өзгеруіне немесе үлкен көлемді қамтып жатуы мүмкін. Төмендегілермен сипатталады:
Эритема
Шырышты қабық аймағында күйдіру(тіл, ұрт, ерін)
Ауру(шектелген беткей немесе терең иррадиациялы)
Дәмнің бұзылуы (металл немесе пластмасса дәмі)
Бұл симптомдар субъективті және объективті байқауға болады. Субъективті сұрау барысында білуге болады. Объективті пациентті қарау барысында байқалады, 
Конструкциялық материалдардың улылығы мен оларға аллергиясы
Механикалық қоздырғыштар (протездің үшкір қырлары, қысым түсуі)
Микробтық қоздырғыштар (бактериялар, саңырауқұлақтар)
Иммунитеттің төмендеуі (пациент жасы, стресстер, ВИЧ-инфекция)
Психогенді факторлар
Протез материалының анализін рентгеномикроаналитикалық әдіспен және атомоабсорбционды спектроскопия әдістерімен шырышты қабық күйін анықтайды. Рентгенологиялық зерттеулермен протездің құрылымының өзгерістерін көруге болады. 
Растрэлектронмикроскопиялық анализбен ауыз қуысының протезге әсерін зерттеуге болады(қақ басуын).  
Микробтық әсер ету байқалса, ауыз қуысы шырышты қабығынан мазок алынады. Көбәне Staphylococcus aureus бактериясымен зақымдалады. Иммунитет төмендегенде терапевт дәрігерге қаралу керек. 
Протездеу кезінде адам ағзасы мен қолданылатын материалдың арасында байланыс болады. Адам ағзасы бұндай материалдарға соматикалық және психогенді тұрғыда жауап қайтарады. Сонымен қоса ол науқастың жасына, жынысына, мінезіне, тіс қатарының ақауының ұзақтылығына, тіс және пародонт тіндерінің жағдайына байланысты.
Материалдардың адам ағзасына әсер ететін жағдайларын бірнеше топқа бөлінген: Механикалық Токсикалық Жалпы Жергілікті (тікелей және жанама) Аллергиялық (гиперсезімталдықтың тез және баяу әсері) 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!