Перпендикуляр түзулер

0

Тік бұрыш (900 бұрыш) жасап қиылысатың түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады:


Перпендикуляр түзулер


Осы суреттегі a және b түзулері 900 градусты бұрыш жасап қиылысады. Суретте тек бір бұрыш қана 900 деп көрсетілген, бірақ қалған бұрыштар да 900 градусқа тең.


Себебі осы бұрышқа сыбайлас бұрыш (сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800 градуске тең) 180 — 90 = 900, ал осы бұрыштың вертикаль бұрышы оған тең болғандықтан, ол да 900 градуске тең.


Теорема


Түзуде жатқан әрбір нүкте арқылы перпендикуляр түзу жүргізуге болады, және бұндай түзу тек біреу ғана болады.


Бұл теореманың мағынасы мына суретте келтірілген:


Перпендикуляр түзулер жайындағы теорема


a түзуінде жатқан D нүктесі арқылы, осы түзуге перпендикуляр b түзуін жүргізуге болады, және бұндай түзу тек біреу ғана болады.


Перпендикуляр түзулерді белгілеу


Екі a және b түзулердің перпендикуляр болатыны символымен яғни a ⊥ b деп белгілейді. Өз бетінізбен кағазға бірнеше перпендикуляр түзулерді салыныз.

Пән: Геометрия