Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың ғылыми- əдістемелік негіздері мен күтілетін нəтижелері

0

Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген педагогқа ақпараттық білім негіздерін  игерту, ақпараттық- коммуникациялық технология (АКТ) құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен оның мүмкіндіктерін кəсіби қызметтеріне  танымдық  жəне дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажеттігі туындайды.

Сондықтан  əрбір педагог ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың  мүмкіндіктерін базалық тұрғыдан игеруі мен оны оқу- тəрбие үдерісіне тиімді қолдана білуі, Интернет желісін, ғаламдық  ақпарат жүйесін  кəсіби  деңгейде  пайдалана алуымен  сипатталады.  Аталған талаптарды  іске асыру  педагогтардың кəсіби   құзырлылығына  қойылған міндеттердің бірі ретінде жүктеледі.

Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың  ақпараттық- коммуникациялық  құзырлылығын қалыптастыру дағдыларын мына түрде жіктей аламыз:

  • ақпараттарды сұрыптау дағдысы; кез келген ақпараттық үдерістер (ақпараттарды жинау, кодтау, жіберу, сақтау, өңдеу, түрлендіру) мен жоғары деңгейдегі технологиялар құрамына енетін элементарлық  ақпараттық- коммуникациялық технологиялар;
  • орта деңгейдегі технологиялардың қызметін атқаруды іске асыратын жəне белгілі бір салалар бойынша технологияларды (мəтіндік процессор, кестелік процессор, деректер қоры, эксперттік жүйелер, гипермəтіндер, модельдеу жүйелері) қолдануға бағытталған базалық   ақпараттық- коммуникациялық технологиялар;
  • АКТ арқылы алған білімін практикамен байланыстыра білу дағдысы;
  • өздігінен білім алудың ақпараттық ортасын құра білу дағдысы;
  • онлайн режиміндегі интерактивтік сабақтарды талдай алу дағдысы;
  • кəсіби іс-əрекетіне   АКТ құралдарын сұрыптап, пайдалана алу дағдысы;
  • интерактивтік қарым-қатынастар жасау арқылы тəжірибелерін ортаға салу дағдысы;
  • цифрлық білімдік ресурстармен жұмыс жасай алу жəне олардың сапасын анықтау мен жасау дағдысы;
  • Интернет-технология, мультимедиа, ақпараттық- басқарушы  жүйелер  сияқты базалық    жəне               элементарлық ақпараттық  технологиялардан құралған қызметтерді іске асыруға негізделген                                                        жинақталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Аталған жіктемелер бойынша біліктілікті   арттыру жүйесінде педагогтардың  ақпараттық- коммуникациялық  құзырлылығын қалыптастыру технологияларын мына түрде топтауға болатындығы анықталды:

  • ақпараттарды өңдеу мен сақтауға негізделген технологиялар;
  • ақпараттар қорымен жұмыс жасауға негізделген технологиялар;
  • құбылыстар мен үдерістерді модельдеуге негізделген технологиялар;
  • эксперттік жүйелер технологиясы;
  • мультимедиа технологиясы;
  • Интернет-технология.

Электронды кітапхана ақпараттық білім беру ортасының тиімді жұмыс істеуінде маңызды рөл ойнайды жəне  білім беру үдірісінің контентті негізін қалыптастырады. Оқытушының жəне оқушының персоналды қатынасын қысқарту жағдайында, оқушылардың электрондық білім беру ресурстарының өзіндік жұмысы оқу үдірісі мүмкін болмайтын құрал болып табылады.

Интернет-дүкен  виртуалды өкілділікті технологиялық тиімді түрде білім беру сипатында сатуды қамтамасыз ететін бірден бір құрал болып табылады.

Кəсіби қарым-қатынас амалы жəне тəжірбие алмасу, индивидуалды қатынас мүмкіндіктері                                                           виртуалды конференциялар, форумдар, дискуссиялық дөңгелек   столдар  ұйымдастыру мүмкіндіктері жатады.

Ақпараттық- анықтамалық қолдау маңызды рөл ойнайды, оған электронды кітапхананың нормативті акттері жəне білім беру аймағындағы əдістемелік материалдар жатады.

Электронды  оқулықтар ақпараттық білім беру ортасының негізі болып табылады, ол оқуға қажетті материал болып табылады. Электрондық оқулықтың негізгі ерекшелігі болып оның толықтығы жəне материалды айту үзіліссіздігі, жаңа дидактикалық схемаларды жаңа ақпараттық амалдарды, кешенді  мультимедеялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру жатады.

Тестілеу жүйесі. Оқушының білім сапасын дағды, шеберлік, білімді бақылауды бағдарламалық амалдар арқылы  білім беруді қолданады.

Ақпараттық- іздеу ақпараттық жүйесі оқушылардың өзіндік жұмысын қолдауға бағытталған. Оқу мүмкіндіктерін үнемі толықтырып отырады жəне материалдардың жалғастылығы жүреді, негізгі сөздерді іздеп қажетті материалдар тапсырыстарға сəйкес жүреді.

Кешенді оқыту бағдарламасы алдында айтылған типтердің біріне жатады. Мысалы, физика жүйесінде оқушы  электронды  оқулықты,  модулдер жиынын, тақырып  бойынша экспериментті,  ақпараттық- анықтамалық жүйені, білімін тексеру үшін тестілеу жүйесін қоса алады.

Педагогтардың АКҚ арттыру деңгейлері

Электронды білім беру ортасын оқытушы мен оқушының  біріккен əрекетін  моделдеу  үдірісі  болып табылады.

Электронды білім беру ресурстарын талдау арқылы оқу үдірісін моделдеу жəне автоматизациялау қазір ғана басталды.

Осылайша, оқу-əдістемелік жұмыс объективті түрде артынан алып жүреді, оқытушыға жоғары талап жəне оның рөлінің өзгеруіне талап, оның индивидуалды ерекшеліктерін оқу мекемесінің рөлі өзгереді жəне  ақпараттық ресурстар көлемі үлкейеді. Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар білімді қабылдау жəне тарату, оқу үдірісінде  оқытушылардың оқу əдісінің мазмұнын жаңарту жүргізуге мүмкіндік береді. ( үнемі жүретін диалог, ақпаратты білімге жəне түсінуге айналдыру).

Педагогтардың  ақпараттық құзіреттілігін дамытудағы басты бағыттар.

АКТ-ны тəжірибеде қолдану үшін педагогтарға тəн болу керек:

  • жалпы педагогикалық дағдысы;
  • ақпараттық жəне телекоммуникациялық технология құралдарын меңгеру дағдысы;

  • оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу барысында ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияны қолдану дағдысы;

Педагогикалық  зерттеулердің мəліметтерін ескере отырып, білім беру АКТ құралдарының потенциалын тиімді меңгеру, мұғалімдердің төмендегі жағдайларға  сүйенетін  сəйкес дайындығын ұсынады:

  • компьютерлік қондырғылармен жұмыс істеуге үйрету білім берудің бір бөлігі болып табылады;
  •  тернет- технологиямен жұмыс. Интерактивтік тақтада Флипчарттар жасау əдістері. Ашық программалық қолданбалы программалар, сайттар, порталдар, мультимедиялық электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы жəне т б  оқытудағы қолданылатын АКТ құралдар тек  проблеманы  шешу құралдары ғана, оны қолдану өзіндік мақсатқа  айналмауы керек.
  • оқытудағы компьютерлік құралдарды қолдану оқу жəне кəсіби міндеттерді шешу барысында адамзаттың ойлау мүмкіндігін ұлғайтады;
  • АКТ құралдармен жұмыс істеуге үйрету ой-өрісін қалыптастырудағы əдістердің бірі болып табылады.

Күтілетін нəтижелер:

  • Білім беру  ортасынының қоғамның   ағымдағы  сұранысына бейімделуі;

  • Үздіксіз білім беру жүйесін қолдау;
  • Білім беру процесінің тиімділігін арттыру;
  • Мұғалімдер мен мектеп əкімшілігі үшін    компьютерлік технологияны қолдану арқылы ақпаратты сақтау жəне өңдеу жұмысының тиімділігінің артуы;
  • Оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз   пəні   саласында  білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі əдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;

  • Педагогтар мен оқушылардың 21 ғасырдың ақпараттық технологиясына инновациялық жəне базалық дайын болуы.
  • Оқушылардың оқу материалын көрнекі мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы жақсы меңгеруі;
  • Ақпарат ресуртарына локальді желі немесе Интернет арқылы шығуы 21 ғасырдың медиасауаттылық, сын жəне жүйелі ойлау, шығармашылық міндеттерді шешуге қабілеттілігі, командада жұмыс жасай білу, дербестік, терең ойлай білу, азаматтық сананың болуы сияқты қасиеттерден тұратын сапасы мен білігінің даму деңгейі
  • əлемдік білім беру кеңістігінде кіріктірілу
  • орта қатысушылары арасында мəліметтермен ауысудың стандартталған механизмдері
  • халықтың оқу мекемелері ұсынған білім беру қызметінің кешенімен қамтамасыз етілуі
  • педагогтер мен оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының, оқу əдістемелік кешенмен жəне т.б. еркін таңдауының қамтамасыз етілуі
  • оқытушылар мен оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекет мотивациясының, қарым-қатынас мотивациясының, қол жеткізу мотивациясының жоғары деңгейі.

Сонымен, біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың өзінің кəсіби- педагогикалық   қажеттілігін  заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде сапалы, əрі белсенді түрде қамтамасыз  ететіндей олардың  ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын  қалыптастыру  олардың кəсіби тұрғыдан шыңдалуына көп көмегін тигізері даусыз.

 

 

Әдебиеттер

  1. Захарова И. Г. Информационные технологии е образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия,
  2. Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб
  3. «Ақпараттық технология жəне қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
  4. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
  5. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
  6. 6.Мұхамбетжанова С. Т. «Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың ақпараттық- коммуникациялық құзырлылығын    қалыптастырудың  ғылыми-əдістемелік   негіздері».Автореферат. 2010

Автордың аты-жөні, тегі: Даумов Н. Ғ.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз