Өзіңді таны балабақшадағы ертеңгіліктер
Тақырыбы : «Өзіңді таны»
Мақсаты : Балаларға өз дене құрылысын білуді, адамның бір-бірінен айырмашылығын салыстыру, ажырата білуге көмектесу, адамның дене мүшелерінің құрылысымен таныстыру, олардың өз атауы бар екенін білу, айтып ажыратуға үйрету. Балаларды жастайынан өз денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеаналық талаптарды орындауға тәрбиелеу, жас ұрпақтың дұрыс өсіп-жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету.
Көрнекілігі : Адамның денесі және жеке дене мүшелері салынған плакаттар (адам денесі салынған конверттер, дидактикалық ойын: «Адам денесін құрастыру»). «Валеология» елінің картасы.
Пән аралық: Көркем әдебиет, тіл дамыту, дене тәрбиесі, құрастыру.
Барысы :
Тәрбиеші : Қуан, шаттан! Алақай,
Қуанатын келеді күн.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Балалар қонақтармен амандасайық! Балалар амандасады.
Тәрбиеші : Балалар , біз бүгін «Валеология» елі картасының «Өзіңді танып біл» бөліміне саяхат жасаймыз.
Есік қарғылады. Ішке дәрігер мен Дымбілмес кіреді. Балалармен амандасады.
Дәрігер : Балалар сіздер саяхатқа барады дегенді естіп, мен мына Дымбілместі ертіп келдім, өткені ол серуен кезінде ойнап жүріп, денесінің бір жерін ауыртып алған сияқты, денесінің қай жері екенін білмейді. Сіздермен бірге «Валеология»елінің «Өзіңді танып біл» бөліміне барса , ол денесі туралы көп мағұлматалады деп сенемін сіздерге.
Тәрбиеші : Онда жоғары шығып төрлетіңдер! Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар адамның көңілді болуы неге байланысты?
Балалар : Дені сау адам, көңілді бақытты болады.
Тәрбиеші : Дұрыс, балалар адам баласының дұрыс өсіп жетілуіне табиғат та, соның ішінде күн, ауа, және судың адам үшін маңызды екенін біз білеміз. Ендеше балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, тыңдыңыздар! Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім?
Балалар : «Адам»
Тәрбиеші : Адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адам өз өмірін сақтау керек, сондықтанда ол өзін танып білуге міндетті. Олай болса мен сіздерге қызықты ертегі айтып береейін тыңдаңыздар.
1. Бас бірінші болып былай дейді:
«Мен бәріне баспын менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлейде алмайды, тіпті аштан өлер еді.»
2. «Егер мен болмасам сені арлы-берлі жан-жаққа бұрар еді»- деп мойын да дауласа кетеді.
3. Осы кезде «Достар білесіңдер ме, егер де біз болмасақ жүкті әрлі-бері тасу , тамақ дайындау, ішу, кірді жуу, жазу, сурет салу, ойнау да өте қиын болар еді»-дейді қол.
4. Көп ойланып кеуденің де шыдамы кетті: «Мен, мен ше?! Егер мен болмасам адам болар ма еді.»
«Егер мен болмасам не істер еді адам. Сіздер ешқайсысыңыз аяқсыө ешқайда да бара алмайсыңдар, күні бойы біз сіздерді бақшаға , дүкенге , жұмысқа апарамыз. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рахмет алмаймыз»- дейді аяқтар. Бұл айтыс дау ұзаққа созылар еді, ұйықтап жатқан Арман өз түсінен өзі шошынып, оянып кетті.
Тәрбиеші : Ал, балалар сендер қалай ойлайсыңдар адамға ең керегі басы, мойыны, қолдары, денесі немесе аяқтары ма?
Балалар : Барлығы да бізге керек.
Тәрбиеші : Ендеше тақтадағы суретке қарап , адам дене мүшелерінатап көрсетейік.
Балалар суретке қарап отырып адам денесінің қандай бөліктерден тұратынын айтады.
Тәрбиеші : Дұрыс балалар, ал қазір барлығымыз орнымыздан тұрып, «Күн шуағы» деген ойын ойнайық. Күн шуағы сіздердің көздеріңе қарайды, көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды, алақандарыңмен сипаңдаршы , ол әрі қарай мұрыныңа , аузыңа , бетіңнің ұшына түсті. Алақандарыңмен күн шуағының жолдарын сипаңдар, мойынына, кеудеңе, қолыңа, аяғыңа дейін барды. Күн шуағы бізді жылытады, сен оған күліп қарап , мейіріміңді шуақты жүрегіңе түй.
Сергіту сәті. «Сұр қоян жуынып жатыр»
Бармақ болып тоғайға,
Сұры көжек жуынды.
Басын жуды, көзін жуды,
Құлағын жуды, беті-қолын жуды.
Аяғын да жуды, құрығында жуды,
Сілкінді, сүртінді
Тап-таза боп бір тынды.
Тәрбиеші : Біздің денеміз әдемі де, әдем болып өсу үшін не қажет? Балалар : Дәрумендер
Тәрбиеші : Олай болса дәрумендер жайлы біздің балалар не айтар екен. А дәрумені: Мен болмасам егерде
Көзің жақсы көре ме?
Жеткізбеген ағзаңда
Бойы биік өсер ме?
В дәрумені: Менсіз жүйке шаршайды
Ашуланып саларсың кеп айқайды
Қан азайып , әлсірейді жүрегің
Асқазаның ас қорыта алмайды.
С дәрумені: Мен болмасам егер де
Тісің дұрыс өспейді.
Ішкен асың бойыңа
Жөнімен тарап сіңбейді.
Дәрумен бар жемісте де шөпте де,
Дәрумен бар таза ауа мен суда да.
Дәруменді өлшеуі жоқ, көп деме,
Дәрумен ғой, суды төгіп былға ма!
Тәрбиеші : Ойын «Өз досыңды таны»
Тәрбиеші балаларға бір-біріне қарап қандай айырмашылықтарын және ұқсастықтарын бар екенін айтуды ұсынады. Балалар шашыңның түсі, көзі, мұрын пішіні, бойы, түсі жағынынан айырмашылықтарын бар екенін айтады.
Балалар : Менің көзім кішкентай , менің шашым сары, менің құлағым үлкен, менің бойым ұзын, т.б.
Тәрбиеші : Отыра қойыңдар балалар , өте дұрыс ал, енді «Не жалғыз?» Өте жақсы. Енді біздің балалар қандай денсаулық жайлы мақал-мәтел біледі екен.
Балалар : 1. Денсаулық-зор байлық.
2.Дені саудың –жаны сау.
3. Сау дене азат, ақыл, адал көңіл. Үшеуімен бақытты болады өмір.
Тәрбиеші : Енді дидактикалық ойын: «Адам денесін құрастыр.» алдарыңызда тұрған тарелкадан адам денесінің бөліктерін алып, құрастыру керек.
(бас, мойын, кеуде, оң аяқ және сол аяқ) . Балалар қиылған дене бөліктерін әрқайыссысы өз еркімен құрастырады.
Тәрбиеші : Өте жақсы балалар, бүгінгі «Валеология» елі картасы бойынша Адам денесіне жасаған саяхатты біз өзіміздің дене мүшелерімізбен танысып, оларды атап, құрастырып та көрдік.
Адам- табиғаттың ең керемет бөлігі, адам өз өмірін сақтау керек, сондықтан ол өзін-өзі танып білуге міндетті . Барлығымыз орынымыөздан тұрып, «НЕ ЖАЛҒЫЗ; НЕ ЕКЕУ?» ойынын ойнаймыз.
Балалар : Ауыз жалғыз, бас жалғыз, кеуде, мұрын, ерін, мойын. Көз екеу, қас-қабақ, қол-аяқ, құлақ.
Тәрбиеші: Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Жүйке, тамыр жүйесі,
Денсаулық ол күлудің.
Көңіл күйің жадырай,
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Осымен , «Валеология» елі картасы бойынша «Өзіңді таны» бөліміне саяхатымыз аяқталды.