Отан туралы

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Отан туралы

Автор: Карбозова Карлыгаш

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 2 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-15


Материал туралы қысқаша түсінік

Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру




Сабақтың тақырыбы: Отан туралы Мұқағали Мақатаев Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру 2. Тілін,сөзік қорын дамыту 3. Туған жерді сүйюге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер. Сабақтың барысыI. Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындықII. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:а) Өлеңді жатқа сұрау ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау. III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:1) Мақалды оқып мағынасын түсінеді. IV. Мақсат қоюБүгінгі сабақтың мақсаты– Мұқағали Мақатаевтің өлеңімен танысу. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұқағали Мақатаев Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Қазақтың аса дарынды ақыны.Өзінің шынайы таланты, сырға толы тұнық та мөлдір жырлары арқылы жұртшылық жүрегіне жол тапқан Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр.2. Оқып, талдау.Өлеңді оқып, мазмұнын ашу, талдау. Сұрақтарға жауап алу.— Өлең не туралы айтылған?— Өлеңді қандай дауыспен оқу керек?Екі өлеңді салыстыру.(Ж.Смақов және М.Мақатаев)

Ақындар

Отанды неге теңейді? Екі өлеңдегі ұқсастықтар. Екі өлеңдегі ерекшеліктер
Ж.Смақов Аспанға, тауға, гүлге Отан туралы Отанды ұнататынын айтады.
М.Мақатаев Ағынды өзенге, асқар тауға,гүлге Отан туралы Отанды мәнгілікке сү- йіп өтетінін айтады.

3. Сергіту сәті. VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап, тізбектей.2. Дәптермен жұмыс. Ақын қолданған өзенге,тауға, тілге, үнге қатысты сөздерді дәптерге жазып алады.Ағынды өзен қасиетті тілАсқар тау құдіретті үн3. Қорыту. Сабақта не жайлы әңгімеледік?VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалауVIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап келу.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.