Петр Чех мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

0

Лондондық «Арсенал» командасында өнер көрсететін даңықты қақпашы Петр Чех маусым аяқталған соң мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Чехия футболының аңыздарының бірі мамыр айында 37 жасқа толады. Мансап жолында негізінен Англия Премьер лигасында доп тепті. Әсіресе лондондық тағы бір клуб «Челсидің» қақпасын табаны күректей он жылдан астам уақыт қорғады.

2015 жылы «Арсеналға» ауысқан. Енді мансабын дәл осы клубта аяқтағалы отыр. 

Үлкен футболға 20 жылын арнаған Чех толағай табыстарға қол жеткізген қақпашы.

 717 матч
313 құрғақ матч

5 мәрте Англия кубогын, 4 мәрте Англия Премьер-Лигасын, 4 мәрте Англия Суперкубогын, 3 мәрте Англия лига кубогын, 1 мәрте чемпиондар лигасын, 1 мәрте Еуропа лигасын жеңген. Бұдан бөлек, тағы 4 мәрте Англия Премьер лигасының үздік қақпашысы атанған.



prosports.kz