Өт қуығында тас пайда болу ауруы туралы қазақша

0

Өт қуығында тас пайда болу ауруы (ӨҚТПА), немесе холелитиаз,  бүгінгі таңда жер шары еддерінің тұрғындары арасында, солардың ішінде біздің елде де, кең тараған сырқат болып өтыp және жылдан жылға аталмыш ауруға шалдыққан адамдар санының көбейуі анық байқалып келеді. Бұл дерек 1978 ж. Мадрид қаласында өткен гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік Конгрессінде ресми түрде жарияланған болатын. Ал оның нақ дәлелі ретінде әдебиет көздерінде жарияланған мәліметгерге көңіл аударайық. Россия ғалымдары Б.А.Петров (1970), Ю.М.Лубенский (1971) т.б. бұрынғы Одақ көлемінде әрбір он жылда ӨҚТПА екі есе көбейіп отырғанын анықтап, оны арнайы әдебиет көздеріндегі мақалаларында жәриялады. Сол сияқты деректер Батыс Европа ғалымдарының еңбектерінде де көрсетілген. Мысалы В. Niderle (1970), К. Dittle (1978) салыстырмалы зерттеу нәтижелеріне көңіл аударсақ, Батыс Европа елдерінде ӨҚТПА-ның жиілігі 1940 ж. 10%-ды құрса, 1970 жылдары бұл корсеткіш 20%-ға жеткен. Тіпті ӨҚТПА өте сирек кездесетін Жапонияда бұл сырқат 1-3%-дан (1950), 8-9%-ға (1976) дейін өскен (Nakayama F., 1970, Kameda Н., 1976). АҚШ тұрғындарының арасында холелитиаз 20% құрайды және жылына осы сырқат себебінен 7000 000 холецистэктомия операциясы жасалынады (Минушкин О.Н., Бурдина Е.Г., 1990, Sher К. et al., 1987). Осы және басқа себептерден бүгінгі танда ӨҚТПА проблемасы, денсаулық мәселелерімен бірге әлеуметтік проблемалар қатарынан орьн алуда.

ӨҚТПА проблемаларын шешуде біздің өтандас ғалымдарымыздың қосқан үлесі де айтарлықтай. Олардың қатарларында академиктер Р.М.Әлиев пен Н.Ізімбергенов, профессорлер А.Усманов, М.А.Сейсембаев, Б.Б. Баймаханов, А.Ж.Нұрмақов, Ә.Оспанов, доцент Н.С.Сүлейменов т.б. атап өтуге болады.

Сонымен, ӨҚТПА деп қандай сырқатгы айтамыз және оның негізіңде қандай құбылыстар жатыр?

ӨҚТПА, ғалымдардың айтуынша, адам организмінде зат алмасу процесінің (әсіресе липидгердің, холестериннің) бұзылуынан туатын жалпы аурудың жергілікті көрінісі ретінде өт қуығында тастардың түзілуі.

Өт қуығында тастар ерлер мен әйелдерде және адамның кез келген жас кезеңдерінде пайда бола беруі мүмкін. Дегенмен, балаларда, жастарда бұл ауру сирек кездеседі, ал әйел жынысты адамдарда, еркектермен салыстыра қарағанда, ӨҚТПА 4-6 рет жиі кездеседі. Ал ауру адамдардьщ жас кезеңіне келсек, бұл сырқатқа жастары 40-н асқан пациентгер жиі шалдығады. Сонымен қатар, арнайы әдебиет көздерінде кейінгі кездерде жарияланған мәліметтерден ӨҚТПА жастарда, тіпті балаларда да кездесе бастағанын аңғаруға болады (Гвоздин Н.Н., 1985, Кривиц-кий Д. И., 1986, Имамбаев, СИ. ж. басқ.)

Өт тастарының түрлері химиялық құрамына, көлеміне, сыртқы пішініне, жалпы санына қарай әртүрлі болып кездесе береді. Мысалы, тастардың құрамына қарай холестеринді, пигментгі, известі (әкті) тастар деп бөледі, ал осы аталған заттардың бәрі бір тастың құрамында табылса оны қосылған (қоспа) тас деп атайды. Өт қуығындағы тастар көлемдері мен сандарына қарай да әртүрлі болып кездеседі. Мысалы, олар өте ұсақ (құм тәрізді), орта көлемді (1-1,5) немесе ірі (дм 2-3 см) өте ірі (4-5 см жоғары) болады. Біз өз тәжірибемізде пациенттердің өтқуықтарынан тауық жұмыртқасының көлеміндей тас алдық, яғни тастардың өте ірі көлемді болатынына көзіміз жетті.

Сыртқы пішіні жағынан тастар үш, немесе төртбүрышты, дөңгелек, сопақ, трапеция тәрізді т.б. болып келуі мүмкін, ал енді тастардың санына келетін болсақ, өт қуығында тастар жалғыз немесе көптеген болуы мүмкін. С.П.Федоров (1934) бір пациенттің өт қуығынан 2000-нан астам тастар тапқанын жариялады. Біз, өз тәжірибемізде, бір пациенттің өт қуығынан, әр көлемді, 1086 тас алғанымызды әдебиет көзінде жариялаған болатынбыз (Нұрмақов А.Ж., 1988).

Холестериндік тастар ақ-сарғыш түсті, aл салмағы жеңіл болады, сондықтан суға батпайды. Бұндай тастардың рентген сәулесіне деген контрасты өте темен. Осы себептен оларды анықтау үшін контрасты ренттенологиялық зерттеу қажет. Рентген суретінде бұндай тастар, көбінесе, өт қуығында қалқып жүреді. («қалқымалы тастар»).

Пигменттік тастардың құрамында билирубиннің көлемі басымырақ болады, ал олардың түстері қоңыр-қара, құрылысы аморфты больш келеді.

Известік (әкті) тастардың құрамында көмірқышқылды известь (әк) көп болғандықтан оладың түстері ақ-сүр, ал салмақтары, жоғарыда аталған тастардан, біршама ауырлау болады. Известік тастар рентгенконтрасты болады, сондықтан рентген сәулесімен зерттеудің жалпы шолу түрінде жақсы көрінеді.

Арнайы тәсілдермен (биохимиялық, спектрографиялық т.б.) зерттеу барысында өт қуығындағы кез келген тастардың құрамында аталған құрамалардың бәрі табылатыны анықталған. Ал жоғарыда аталған түрлерге болу тек сол құрайтын құрамалардың әрбіреуінің көлемі, басқаларына қарағанда, басым болуына негізделген. Егер олар тастардың құрамында тең көлемде кездессе, ондай тастарды, жоғарыда айтылғандай, қоспа тастар деп атайды.

ӨҚТПА-н жіктеу (классификация). ӨҚТПА-н жіктеу (топтау) өте күрделі жұмыс, өйткені аталмыш аурудың әржақты көрінісін (клиникалық түрлерін, асқынуларын т.б.) бір жобамен қамтып, сипаттау оңай емес. Бүгінгі танда ӨҚТПА-ның хирургтердің көшілігін толық қанағаттандыратындай топтау жобасы жоқ деуге болады. Әдебиет көздерінде жарияланған топтаулардың бірі (Зайцев В. Т., 1979) Бұл сырқаттың әржақты көріністерін толық қамтымайды, ал екіншілерінің топтау жобаларында (Виноградов В.В., 1971, Савельев B.C. және басқ., 1983, т.б.) ӨҚТПА жедел холециститпен қоса жіктеледі. Ал енді біз «Ауруларды, жарақаттарды және өлім себептерін Халықаралық топтау» кітәбінде келтірілген деректерге көңіл аударсақ, онда аталған авторлардың топтау жобалары кітәптегі мәліметке сәйкес келмейді. Өйткені аталмыш анықтамалық құралда ӨҚТПА және жедел холецистит жеке аурулар, яғни әрбіреуі жеке дара нозология ретінде келтірілген. Демек, олардың өздеріне тән этиологиясы мен патогенезі, анықтау және емдеу жолдары, топтау жобалары болуы керек.

Осы жағдайды ескере отыра біз (Нұрмақов А.Ж., Поташов Л.В., Санкт-Петербург, 1989 ж.) ӨҚТПА-ның өз көзқарасымызға орай топтау жобасын ұсынған болатынбыз. Әрине, біз ұсынған топтау бұл проблеманы толық шешті деген пікірден алшақпыз, дегенмен ол күнделікті жұмыста сырқатгың түрін, асқынуларын, емдеу жолдарын және оның барысын болжауда қолайлы деп ойлаймыз. ӨҚТПА-ның ұсынылып отырған топтау жобасы уақытында жарық көрген монографияларымызда (Нұрмақов А.Ж., Поташов Л.В., 1993 және Нұрмақов А.Ж., Тәжиев Е.Б., 2004 ж.) толық келтірілген, ал төменде оның негізгі принциптері аталып отыр.

ӨҚТПА жіктеу (топтау) жобасы

(Нұрмақов А.Ж., Поташов Л.В. ,1989)

  1. Асқынбаған түрі:

а. Клиникалық көрінісі туғанға дейінгі сатысы.

б. Клиникалық көрінісі туғаннан соңғы сатысы.

  1. Асқынған тұрі:

а. Қайталанатын (рецидивті) холецистит және одан туатын әртүрлі құбылыстар (перихолецистит, өт қуығының пішінінің өзгеруі, өт қуығына су толу (водянка), өт қуығының жиырылып, кішіреуі, өт қуығы мен қуысты ағзалар арасында пайда болатын ішкі жыланкөздер, өт өзектерінің тыртықты тарылуы, холедохолитиаз, механикалық сарғаю, өт қуығының обыры (рагы) т.б..

б. Жедел обтурациялық холецистит және одан туатын әртүрлі құбылыстар өт қуығының деструкциялық қабынуы флегмонозды, гангренозды холецистит, өт қуығы айналасындағы қабыну ісігі (перивезикальді инфильтрат), перивезикальді абсцесс, өт қуығының эмпиемасы, өт қуығының тесілуі, өтті перитонит, т.б.

Аталған топтау жобасында ӨҚТПА-ның асқынбаған және асқынған түрлері бөлек ажыратылған. Оның себебі аурудың аталған түрлерін анықтау жолдары, емдеу тәсілдері мен олардың нәтижелері, өлім пайызы, аурудың барысын болжау (прогноз) т.б. әрқилы. Сонымен қатар, аурудың асқынбаған түрінде оның клиникалық көрінісі туғанға дейінгі сатысы алғаш рет жеке бөлініп керсетілген. Аурудың асқынбаған түрін және клиникалық көрінісіне дейінгі сатыларын жеке бөліп, оларды бөлек көрсету оның хирургиялық емдеу нәтижелерін жақсартудағы және аурудың қауіпті асқынуларының алдын алудағы маңызы зор. Өйткені аурудың әртүрлі асқынулары туған сатысында жасалған операциялардың нәтижелері, оның асқынбаған сатысында жасалған oпeрациялардың нәтижелерінен әлдеқайда нашар және сырқаттың асқынған түрінде жасалған операциялардан соңғы кезенде байқалатын өлім пайызы тым жоғары. Осыған орай ұсынылған топтау жобасы ауруды ерте анықтап, қажетті операцияны неғүрлым ерте жасау керек деген белгілі пікірді дөлелдей түседі. Осы топтау жобасына орай ӨҚТПА-ның асқынбаған түрін, оның клиникаға дейінгі сатысын жеке бөліп көрсету тәжірибелік хирургияда өте тиімді.

#Өт #қуығында #тас #пайда #болу #ауруы