Өрт қауіпсіздігінің сипаттамасы. Өрттің алдын алу жүйелері

0

Өрт қауіпсіздігі. Өрт қауіпсіздігінің сипаттамасы. Өрттің алдын алу жүйелері

Ауыл шаруашылығында ағаш отын,шөп,егін,орман,түрлі жанар-жағармай сияқты жанғыш заттар көптеп пайдаланылады. Сондықтан,ауылшаруашылық өндірісі өртке қауіпті болып есептеледі.

Өрттің шығу себептері қандай?

-тыйым салынған жерлерде от жағып,шылым шегуден;

-электр желілері мен қондырғыларының ақауларынан;

-электр жүйелерінің нормадан артық күш түсіп,сымдардың,қондырғылардың қатты қызуынан;

-тез жанатын сұйықтарды дұрыс сақтау мен пайдаланудың ережелерін бұзудан;

-жылу жүйелерін,пештерді дұрыс пайдаланбаудан;

-тракторларды,комбайндарды өртке қауіпті жерлерде пайдаланудан;

-адамдардың жауапсыздығынан,ұмытшақтығынан,жеңіл мінезділігінен;

-найзағайдан,кейде өздігінен жануы мүмкін;

Жану дегеніміз-жанатын заттың оттегімен,жылу және жарық шығаратын химиялық реакциясы.

Егер ауаның құрамында 0,7%-ға дейін бензиннің буы болса,ондай қоспа жанбайды.0,7-ден 5,03%-ға дейін бензиннің буы болса,ол қопарылыс жасайды. Ал 5,03%-дан жоғары болғанда кәдімгідей жалындап жанады.

Сондай-ақ,ауаның құрамындағы оттегі 14-16%-ға дейін азайғанда жану тоқтайды,ал оттегі 8-10%-ға түскенде шоқ сөнеді.

Кейбір заттар күннің ыстығынан,әйтпесе  өзінің ішкі үдерістерінің әсерінен өздігінен от алуы (жануы) мүмкін.Олар: шымтезек (торф),көмір,түрлі майлар,майланған шүберектер,т.с.с.

Керосиннің өздігінен жану температурасы 380-425о, басқа жанармайларда 300-700о аралығында,қатты отындарда 4150-700о C,газдың жану температурасы 200-600оС.

Өндірісте пайдаланылатын заттарды олардың жану қабілетіне қарай үш топқа бөлуге болады:жанатын заттар,жанбайтын заттар,жануы қиын заттар.

Құрлыстың салынған материалына байланысты,оның отқа төзімділігі де әр түрлі болады.Құрлыстарды отқа төзімділігіне қарай бес топқа бөледі:

I және II тобы-отқа жанбайтын материалдан жасалған құрылыстар.

III тобы-отқа жанбайтын материалдан жасалады.Бірақ плиталардың,қабырғалардың,төбенің арасын қосқан жері қиын жанатын материалдан жасалады.

IV  тобы-қабырғалары қиын жанатын материалдардан,ал арасын қосқан жерлері жанғыш материалдардан жасалады.

V тобы-толығынан отқа жанатын материалдардан жасалған үйлер.

құрылыстарды – оның ішінде және сыртында атқарылатын жұмыстардың өртке қауіптілігіне қарай таңдайды.

Құрылыс салғандағы өрт қауіпсіздігінің басты талабы үйлер мен ғимараттардың салынатын материалдарының отқа төзімділігіне қарай арақашықтығын сақтау болып табылады.Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес өндірістік ғимараттардың,мал қораларының,құс өсіретін объектілердің өртке қарсы арақашықтықтары: отқа төзімділігі III дәрежедегі үйлер үшін – 12 м; III және IV дәрежедегі үйлер үшін – 15 м; IV және V дәрежедегі үйлер үшін  18 метр болуы тиіс. Шөп,сабан жиналған ашық қоймадан отқа төзімділігіне қарай III дәрежедегі үйлердің қашықтығы 39 м, IV және V дәрежедегі үйлерден қашықтығы 48 м орналастырылады. Сұйық жанармай сақтайтын ыдыстардан отқа төзімділігі III дәрежелі құрылыстар кем дегенде 12-20 м,IV және V дәрежедегі құрылыстар 15-25 м, ауруханалар,мектептер,мәдениет үйлері 25-50 м қашықтыққа орналасуы тиіс.

5000 адамға дейін тұрғындары бар елді мекенде сыйымдылығы 50 м3 суат,10000 адамға дейінболса сыйымдылығы 100 м3 суат жасалып қойылуы тиіс.

Ауылшаруашылық машиналарды сақтайтын сарайлар мен ықтырмалар,гараждар,шеберханалар және техникалық қызмет көрсету бекеттері бөлек аулаға орналастырылады.

Техникаларды 200 машинадан топтастырып,әр топтың  арақашықтығын 20 м етіп ашық аулаларда сақтауға болады. Мұндай жағдайда машиналарды жеке-жеке алып шығуға мүмкін болатындай етіп орналастыру қажет.Техника сақталатын ашық аула үйлерден 15-20 м қашықтықта болуы тиіс.

Ауылшаруашылық өнімдерііі сақтайтын қоймалардың өртке қауіпсіздігіне ерекше талап  қойылады.Шөп елді мекеннен қашық жерге  маялануы,оның ауданы 150 маспауы және ол электр желілерінің астына орналастырылмауы тиіс.

Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің де өрт және қопарылыс қауіптілігі бар.Сондықтан оларды сақтау мен пайдалануда белгіленген нормаларды сақтау қажет.Оларды сақтайтын қоймалардың ауданы 300 м аспауы тиіс және ол бөлмелердің екі қапталына да шығатын есік салынады. Пестицидтер салынған ыдыстардың сыртына «от қауіпті!» немесе «қопарылысқа қауіпті!» деген жазулар жазылады.

Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру және техникалық шаралар деп екіге бөлуге болады.

Ұйымдастыру шаралары:

— тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

— көрнекі үгітпен насихаттау;

— ерікті өрт сөндірушілерін жасақтау;

— ашық от жағыуға, темекі шегуге, жарамсыз пештерді пайдалануға, т.с.с. тыйым салу жұмыстары жатады.

Барлық жұмыс істейтіндер өртке қарсы күрес жөнінде инструктаж алуы, ал дәнекерлеушілер, пісірушілер, электриктер, қоймашылар арнайы курстарда оқудан өткізілуі тиіс.

Техникалық шараларға;

— құрылыстарды өртке төзімді материалдардан салу;

— құрылыстардың талапқа сай арақашықтығын сақтау;

— қыстақтарды суға жақын  жерге орналастыру;

— барлық құрылыстарда өрт кезінде кететіндей арнайы есіктер болуы тиіс және олар сыртқа қарай ашылатын болуы қажет;

— пештер, қыздырғыш, құбыр желілері талапқа сай болуы тиіс;

— су жүретін қатып қалғанда оларды ыстық сумен, болмаса ыстық құммен еріту қажет;

— қоймалар, жанармай сақтайтын жерлер, егістіктер айналдыра соқамен жыртылып қойылуы тиіс;

— тракторлар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс;

— электр жүйелерінде жерге тұйықтау, нөлдік сымға қосу істері жасалуы тиіс;

— шөпті, астықты кептіргенде желдеткіш айдайтын ауаның температурасы 110-120°С-тан аспауы қажет;

— от сөндіргіш, күрек, құм салған жәшік, киіз болуы тиіс;

— жайтартқыштар жасалуы қажет.

Жануды тоқтату әдістері және от сөндіргіш заттар

Жануды тоқтатудың үш жолы бар:

  1. Жанатын заттың отқа келуін тоқтатып,басқа жаққа алып кету;
  2. Жанып жатқан жерге оттегінің келуін тоқтату немесе оны азайту;
  3. Жанып жатқан затты салқындату.

Отты сөндіру үшін өрт сөндіргіш заттар пайдаланылады. Олар:су,көбік,көмір қышқылы,инертті газдар,құм,ұнтақтар және түрлі жапқыш құралдар:брезент,киіз,асбест.

Су – өрт сөндіру үшін көп қолданатын зат. Судың ағыны жалынды бөліп,тұншықтырады.Сондай-ақ , су жанып жатқан затты салқындатып,отты сөндіреді.Су отқа тигенде буға айналып,ол жерге оттегінің қатысуына жол бермейді,сөйтіп жануды тоқтатады.
Бірақ суды барлық уақытта пайдалануға болмайды.Ол ток өткізгіш,ол арқылы адамды ток ұруы мүмкін. Қатты қызған темірге тигенде су сутегі мен оттегіне бөлініп,қопарылыс пайда етеді. Сондай-ақ,су кальций карбидне тигенде ацетилен бөлінеді,әктасқа тигенде жоғары жылу бөлінеді. Мұның бәрі адамның денесін күйдіруі мүмкін.

Судың салмағы жанармайдан ауыр.Сондықтан су жанып жатқан майды сөндірудің орнына оны ұлғайтып жіберуі мүмкін.Су төмен температурада қатып қалады.

Көбік – жақсы от сөндіргіш зат. Көбікті қысылған ауамен немесе химиялық жолмен алады.Қысылған ауамен алынатын көбік ауаның түйіршіктерінен тұрады, ал химиялық жолмен алынатын көбік газдан тұрады. Көбік жеңіл болады, оны жанар-жағрмайларды сөндіру үшін пайдаланады. Көбік бензиннің бетінде қалқып жүреді және отқа ауаның, будың, газдың баруына жол бермей,сөндіреді.

Көбікпен еріткіш сұйықтар, электр тогы жүріп тұрған желілерді, адамның үстіндегі киімді сөндіруге болмайды. Ол үшін түрлі жапқыш заттарды пайдалану керек (киіз, брезент, асбест).

Көмірқышқыл газын түрлі отты сөндіруге пайдалануға болады. Олток өткізбейді, ауаны келтірмейді. Оған қоса, көмірқышқыл газының қар сияқты массасы -72°С температурасымен отты салқындатады. Олауадан 1,5 есе ауыр. Демек, ол оттың арасына кіріп, тұншықтырады.

Көмірқышқыл газымен этилді, спиртті, целлулоидты, термитті сөндіре алмаймыз. Өйткені олар оттегінің қатусыз жанады.

Отты сөндіруге, сондай-ақ инертті газды, өрт сөндіргіш ұнтақтарды пайдаланады.

Құм да отқа оттегіні келтірмей салқындатады.

               

Өрт сөндіргіш құралдар

Өрт сөндіру үшін түрлі техникалық құралдарды пайдаланады.Олар жарамды күйде болуы тиіс.

Олар:

-орт сөндіру жабдықтары(су құятын бактар, өрт шелектері, құм салатын жәшіктері, өрт сөндіргіш аспаптардың тақтасы, өрт қауіпсіздігінің белгілері);

— өрт сөндіру қондырғылары (өрт гидранттары, гидрант-колонкалары, өрт крандары, сорғылары, көбік араластырғыштар;)

— өрттен құқару құралдары (сатылар, арқандар);

— өрт сигнализациясы (автоматы немесеқолмен қосылатын қондырғылары – дыбыс, жарықты аралас);

— от сөндіргіштер- олардың ауа мен көбіктің қоспасын, химиялық көбікпен, сұйықпен, ұнтақпен, қышқылмен сөндіретін болады.

— өрт сөндіретін қондырғылар-бөлменің ішіндегі отты сөндіру үшін пайдаланылады. Олар аэрозолды, сұйықты, сулы, газды, булы, көбікті, ұнтақты болады;

— өрт машиналары (өрт сөндіруші автомобильдер, мотомпалар).

Ауыл шаруашылығы өндірісінде төмендегідей от сөндіргіштер көп пайдаланылады:

— қолмен іске қосатын көбікті от сөндіргіштер: ОП-5, ОХП-10;

— көмірқышқылды от сөндіргіштер: ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8;

ОП-5 от сөндіргіштің қаңқасына 400 грамм натрий бикобранатының ұ литрлік ерітіндісіне 50 грамм мия сығындын (солодковый экстракт) қосып толтырылады. Ал стаканға 120грамм күкірт қышқылды темір тотығын көлемі 250 см³ ыстық (85-95°С) суға ерітіп құяды. Стаканға құяр алдында ерітіндіні 30-35°С салқындатады.

Бұл от сөндіргіш 1 минут жұмыс істейді. Сол уақытта 50 литр көбікті 6-8 м қашықтықта шаша алады. Әрбір 3 жылда от сөндіргіштің жағдайын тексеріп тұру қажет.

ОУ-2 от сөндіргіштің сауытының сыйымдылығы 2,5 және 8 литр болады.

Оны көмір қышқылды газбен толтырады.

Бұл от сөндіргіштердің шұрасына су тигізуге және оның өзін ыстық жерде сақтауға болмайды.

   

Өрттен қорғау жұмыстарын ұйымдастыру

Өрт қауіпсіздігінің нормаларын, ережелерін, нұсқауларын, Ішкі істерминистірлігінің өрттен қорғау бас басқармасы дайындайды және оларды оырындалуын жергілікті жердегі өрттен қорғау басқармалары арқылы іске асырады.

Әрбір ауданда өртке мемлекеттік бақылау жасайтын инспекция жұмыс істейді. Оның көрсеткен кемшіліктерін белгіленген мерзімде орындау әрбір мекеме, жеке адам үшін міндетті. Орындамаған жағдайда инспекция айып салады немесе басқа шара көру жөнінде ұсыныс жасай алады.Ауылдық жерлерде ерікті өрт жасақшылары үлкен рөл атқарылады. Оның құрамына өндірістің басшысы, еңбек қоғау инспекторы (инженері), жасы 180-ге толған, денсаулығы жарамды әрбір ерікті азамат мүше бола алады.

Жасақшылар өрт техникасының құрлысын, жұмысын, оларды пайдалануды, өрт сөндірудің әдістерін оқып үйренеді және өрт сөндіруге қатысады.

Оларға жылына 6 күнге дейін ақылы демалыс беріледі, тегін арнайы киіммен қамтамасыз етіледі және олардың өмірі мекеменің есебінен сақтандырылады.

Жасақшылардың санын мекеме басшылығы бекітеді және олар негізгі төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды: сөндіру тобы, сумен қамтамасыз ету тобы, қорғаныс тобы, қорғау тобы.

Әр түрлі орындардағы өрт сөндірудің ерекшеліктері

Әр түрлі орындардағы өртті әр түрлі жолменен сөндіреді. Өрт кезінде ерікті өрт жасағының бастығы өрттің себебін анықтап, оның адамдарға, мал-мүліктерге тигізетін қауіпін анықтап, оларды көшірудің мүмкіндіктерін жасап, тиісті нұсқау береді. Оның нұсқауларын өрт сөндіруге қатысушылар міндетті түрде орындауы тиіс.

Жанып жатқан майлы сұйықтарды (мұнай, май, мазут) көбікпен немесе судың майда тозаңымен сөндіреді.Көбіктің ағысын жанып жатқан сұйықты шашыратпайтындай етіп бағыттау қажет. Егер жаныпи жатқан сұйық ыдыстың ішінде болса, онда ыдысты қақпақпен немесе басқа жапқышпен жауып сөндіреді.Ол кезде ыдыстың қопарылуынан немесе ыдыстық заттың ыдыстан шашырауынан сақтану кежет. Жанып жатқан ыстық шалшығын жел жағында тұрып көбікпен  жауып, құм шашады. Жақын жердегі ыдыстарды сумен суытып тұрады.

Жанып жатқан электр жабдықтарын бойында ток бар кезде көмір қышқылымен сөндіруге болады. Желіден токты ажыратқаннан кейін сумен немесе көбікпен сөндіреді.

Ағаш заттарды сумен, оның ағысын жоғарғы жағындағы күшті жанып жатқан жеріне бағыттап сөндіреді.

Астық қоймасындағы өртті сумен, оның ағысын ағаш құрлымдарға, ал шашыранды суды астыққа бағыттап сөндіреді.

Гаражда, машиналарды қоятын қалқаларда өрт шықанда оны сөндірумен бірге машиналардыкөшіру қажет. Машиналарды көшіргенде жанармай багының жарылуы қауіпінен сақтану қажет. Астық алқабында жанып жатқан комбайнды немесе тракторды ол жерден алып шығып топырақпен немесе от сөндіргіштің көбігін шашып сөндіруге болады. Егер от комбайнның бастырғыш аппаратын шарпыған болса, онда оны ажыратып ең алдымен өрттің ошағын сөндіру қажет.

Жанып жатқан астықтың түбірін топырақ шашып, су құйып, таптап,жапқыштармен жауып сөндіреді. Егер ол үлкен аумаққа жайылып кеткен болса астықты орып алып өртеген жерді 100-150 м қашықтықта айналдыра жырту қажет. Өртті сөндіріп болғаннан кейін барлық өртенген жерді айдап тастау керек болады.

Көмір және шымтезек қоймасында болған өртті сумен сөндіреді.Өрттің ошағын сөндіріп, оның қатарын ажыратады, бульдозермен, эксковатырмен айналдыра ор қазып тастайды.

Минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймасы өртенгенде оны сөндіру үшін су, көбік немесе көмір қышқылын пайдаланады. Олар жанғанда улы газдар мен булар бөлініп шығады. Сондықтан олорды жел жағында тұрып сөндіру қажет.

Қой мен ешкілерді өрттен шығарғанда алдымен оларды жол бастаушыларын айдау керек, қалғаны соңынан ереді. Сиырды біртіндееп шығарады;егер ол жүрмесе көзін байлау керек. Шошқаны біртіндеп артқы аяғынан көтеріп айдайды. Жылқыны ауыздық, ер, қамыт салып айдаса тез шығады. Егер қарсыласса оның да көзін байлау керек.

Өрт сөндіру кезінде қауіпті аймақтардағы адамдар арнайы кастюмдер, резіңке етіктер мен қолғаптар киюі және тыныс алу мүшелерін қорғайтан құралдарды пайдалануы тиіс.