Шымкенттегі өзбек театры туралы мәлімет: тарихы мен қызықты деректер

0
159

Театр қалай құрылды

Облыстық өзбек драма театры 2003 жылдың 14 наурызында құрылды. Театр директоры – Икрам Хашимжанов, ал режиссері – Қуандық Қасымов.

Кең-байтақ көпұлтты Қазақстанда қазақ театрларымен қатар орыс, ұйғыр, корей, неміс және өзбек театрлары жұмыс істеп келеді. Осы театрлардың ішінде Шымкент қаласы Сайрам ауылында шаңырақ көтерген өзбек драма театрының ашылуы Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзбек ұлты өкілдерінің тарихында үлкен оқиға болды. Театрдың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп қатысты.

Өнер ордасының қойылымдары

Бүгінгі күні театр репертуарында «Темір қатын», «Опасыз ақшалар», «Сиқырлы алмалар», «Ескерткіш», «Талдар көлеңкесінде», «Қызметтеміз – қызметте!», «Қашан таң атады», «Жұлдызшы», «Кураж ана», «Келіндер көтерілісі»,  «Күшік күйеу», «Қырмызы алма», «Инабатты келіншек», «Сусамбил», «Улы тамшылар», «Өмір соңындағы бақыт», «Үйлену», «Халала», «Құдалар», «Зордан зор шықса», «Қызыл қалпақша», «Қарыз», «Тойлар құтты болсын!», «Нан батыр», «Абай», «Кетпеңіз, әке!», «Аспандағы періштелер», «Өмір қуаныштары», «Бала мен қайыршы», «Зумрет және Қымбат» және тағы басқа спектакльдер бар.

Тағы оқыңыз: Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры

2010 жылдың мамырында Ташкент қаласындағы жасөспірімдер театрының танымал режиссері А. Салимов  Ш. Башбековтың «Зордан зор шықса» спектаклін сахналауға шақырылды.

Театр труппасының жастығына қарамай, классикалық шығармаларды сахналауы – үлкен жеңіс. Театр аз уақыттың ішінде гастрольдік іссапармен Алматы, Астана, Түркістан, Тараз, Қызылорда, Көкшетау қалалары, облыстың барлық ауданында өнер көрсетіп үлгерді.

Өнер ордасының жетістіктері

Театр әртісі А. Тоғанбаев 2005 жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімі стипендиясының иегері атанды. 2006 жылы С. Махмудов «Мәдениет қайраткері» атағын және театр актері Р. Сайтходжаев облыстық театрлар фестивалінде «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді.

Р. Сайтходжаев Өзбекстан жасөспірімдер театрында танымал режиссер А. Салимовтың қарамағында біліктілігін шыңдап келді.

Бүгінде театр әртістері А. Тоғанбаев, С. Махмудов,  Р. Сайтходжаев, С. Розыметова, В. Нишанбаева, З. Тоғанбаева, З. Қадирметова, Ш. Хадиметов, Ұ. Насыров, А. Ерханов, Д. Халметова, Ф. Мансуров, А. Эргешов, Ж. Сайитов, М. Заббарханов, Б. Искандаров өз өнерімен халықты тәнті етіп жүр.

«Театр көктемі – 2011» республикалық фестиваліне отандық 11 кәсіби театр қатысқан болатын. Өзбек драма театры фестивальде Ж. Б. Мольер пьесасының желісімен жазылған Ш. Башбековтың «Зордан зор шықса» қойылымымен қатысты. Қызметші рөліндегі Р. Сайтходжаев екі кейіпкерді шебер сомдап, қазылар алқасының назарына ілікті. Сол үшін де Р.Сайтходжаев «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын иемденді.

Тағы оқыңыз: Александр Островский атындағы драма театры

Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен 2011 жылдың 24-26 сәуір аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған  ұлттық театрлардың республикалық фестиваліне облыстық өзбек драма театры И. Зайырдың «Қарыз» спектаклімен қатысты. Облыстық өзбек драма театры ұжымы «Ең үздік спектакль» дипломымен, театр әртісі Д. Ибрагимжанова «Ең үздік әйел адам бейнесі» номинациясымен марапатталды.

2011  жылдың  17-18 мамыр күндері Көкшетау қаласында өткен Орта Азия, Грузия және Балтық елдерінің жас режиссерлеріне арналған шығармашылық лабараториясының аясында қазақстандық жас режиссерлер  қойылымдарының халқаралық байқауында театр ұжымы Р. Сайтходжаев сахналаған У. Хашимовтың «Тойлар құтты болсын!» спектаклімен қатысты. Р.Сайтходжаев шілде айында Мәскеу қаласына барып, біліктілігін арттырып келді.

2012 жылдың қорытындысына сәйкес театр әртісі А. Тоғанбаев – «Жылдың үздік әртісі» номинациясына  ие болды.  2013 жылдың 25-26 наурыз күндері театр ұжымы Мақтарал ауданы Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен «Театр көктемі – 2013» облыстық театр фестивалінде Ғ.Шермухаммадтың «Жаназадағы той» спектаклімен қатысып, облыстық мәдениет басқармасының арнайы номинациясы дипломымен марапатталды. 2013 жылдың 15-19 сәуірінде Тараз қаласында өткен «Оңтүстік Қазақстан облысының Жамбыл облысындағы күндері» атты іс-шарасында театр ұжымы И. Зайырдың «Қарыз» спектаклімен қатысты.

Тағы оқыңыз: Ақмола облыстық орыс драма театры

2013 жылдың 20-25 мамыры аралығында Қарағанды қаласында өткен Қазақстан ұлттық театрларының ІІ республикалық фестивалінде өзбек драма театры ұжымы Ғ. Шермухаммадтың «Жаназадағы той» спектаклімен қатысып, Қарағанды облысының әкімі Б. Әбдішевтің алғыс хатымен марапатталды. Театр ұжымы «Қазіргі заман ұлттық драматургиясын игергені үшін» номинациясы бойынша дипломымен, 240 000 теңге сертификатпен  марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан  халқы ассамблеясы аясында өтетін ұлттық театрлардың ІІ фестивалінде  труппа жетекшісі С. Махмудов алғыс хатпен пен марапатталды, театрға көмек ретінде 250 000 теңге ақшалай сыйлық берілді.

2013  жылдың  қараша айының 1 жұлдызында театрдың 10 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті.

2014 жылдың қаңтар айында өзбек драма театрының 18 актеры кәсиби біліктілігін артыру мақсатында Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Рахилям Машурова шақырылды және театр актерлеріне кәсиби біліктілігін артыру бойынша сабақ берді. 18 театр актерлері «Драма театры және кино әртісі» мамандандыру бойынша аяқтап Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Актерлік өнері» мамандығы бойынша сертификат алды.

2014 жылдың қаңтар айында Өзбекстан Республикасының танымал режиссері Тожи Мухаммад Исраилов шақыртылды.

Ағымдағы жылдың 2-4 сәуір аралығында Шымкент қаласы, Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында  өткен «Театр көктемі – 2014» облыстық  театр фестивалінде «Кейіпкер бейнесін шынайы кескіндеу» номинациясымен, 100 000 теңге сертификатпенпен  марапатталды.

Тағы оқыңыз: Серке Қожамқұлов атындағы театр туралы мәлімет

9 мамыр күні театр ұжымы Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық орыс драма театрында «Күйеуіңді бере тұр»  спектаклімен гастрольдік іссапарға барды.

2015 жылдың қаңтар айында танымал режиссер Аскер Құлданов шақыртылды. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Мұхаммед Хайдар Дулати» тарихи трагедиясын сахналады.

27-28 ақпан күндері аралығында театр актері Махмудов Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық фестиваліне қатысып, ІІІ орын иегері атанды.

2018 жылдың 30-31 наурыз күндері аралығында театр ұжымы жылдық жоспарға сәйкес гастрольдік іссапармен Созақ ауданы, Созақ ауылына барып қайтты.

14 тамыз Шәмші аллеясында өткен «Арыс жағасында» VI ретро-фестиваліне қатысты. 28 тамыз театр ұжымы ҚР конституциясының 20 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік  тірегі – Ата Заң» салтанатты іс-шараға қатысты.

Театр ұжымы 2015 жылдың 16 қыркүйек күні ХІІІ театр маусымын «Ғажайып құдалар» комедиясымен ашты.

Өнер ордасы Шымкент қаласының «Абай» саябағында 26 қыркүйек күні ОҚО өзбек мәдени орталығымен бірлесіп, «Өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлері» күніне арналған іс-шараға қатысты.

Тағы оқыңыз: Шымкент облыстық опера және балет театры

2016 жылдың қаңтар айынан бастап өзбекстандық танымал режиссер Сайфиддин Мелиев шақыртылды. Шыңғыс Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты» аңызын сахналады.

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен конференцияға Шымкент қалалық өзбек драма театрының директоры Икрам Хашимжанов, театр әртістері Адилжан Тоғанбаев пен Сайдыкарым Махмудовтар да қатысты.

2018 жылдың 27-30 қараша күндері Атырау қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың ІІ халықаралық театр фестиваліне қатысып, өзбек драма театры 500 000 теңге, диплом жəне Рақымжан Отарбаевтың 60 жылдық мерей тойына арналған төсбелгімен марапатталды.

Қазіргі таңда штатта 53 адам жұмыс істейді. Шығармашылық қызметкерлер саны – 30, оның ішінде әртістер саны – 17 адам. Театр бүгінгі күнге дейін өзінің 15 жылдық тарихында дүниежүзілік, классикалық шығармалар мен қатар заманауи қойылымдарды жоғары деңгейде сахналап келеді.



sputniknews.kz