Орманға саяхат
Орманға саяхат
Автор: Ильясова Айгүл Өмірзаққызы
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-02
Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада істейтін мұғалімдерге, тәрбиешілерге қажет болады
Білім беру саласы: «Қатынас»Бөлім: «Қазақ тілі»Тақырыбы: Аңдар.Орманға саяхатМақсаты: А) Ақпарат көздері арқылы ормандағы саяхаттың ерекшеліктерін балаларға меңгерту. Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру.Ә) Әртүрлі әдістер арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Б) Берілген сұрақтарға өз бетінше жауап беруге ынталандыру . Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа,көпір,ағаштар,қар бүршігі ,слайд,себет, текше ,сыйлық
Әдістер: АКТ,проблемалық,сұрақ-жауап,жұмбақ жасыру,дыбыстық жаттығу,тыныс алу жаттығуы,ойын
Түрі: саяхат
Сөздік жұмысы: Қасқыр,түлкі,қоян ,кірпі,тиін ,орманда мекендейді
Әрекеттің кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалармен сәлемдеседі.Мұғалім балаларды өзіне қаратып, жылулық шеңберіне шақырады.Күннің өзі ашылды,Көкке шуақ шашылды,Құтты қонақ келіпті,Төрімізге еніптіАмандасу үлкенге,Тәрбиенің ісі ғой,Ал,қанекей,бәріміз«Сәлеметсіздер ме!» дейік әркімге!Мұғалім балалардың назарын торғайға аударады.Балалар торғайдың аузындағы хатты алып қарайықшы, бұл ашықхат жай ашықхат емес екен балалар, торғай бізді өзімен бірге саяхатқа шақырып жатыр. | АмандасадыНазар аударады, қызығушылық танытады.Мұғалімнің артынан қайталайды.
Назар аударады, қызығушылық танытады. |
Ұйымдастырушы —іздену |
Балалар торғаймен бірге саяхатқа барамыз ба?Қай жерге баратынымызды білу үшін мына дыбысты тыңдайықшы.Балалар орманға барғанша жолда әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін, сол кедергілерден жайлап жүріп өтейік.Балалар мына жердің бәрі қалың қар екен , осы қарға құлап қалмай мына көпірден ақырындап өтейік.Балалар міне орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза? Ауамен аздап демалайықшы . Таза ауада демалған қандай жақсы.Балалар мында қараңдаршы, жаңғақтарды бір аң шашып кетіпті, осы жаңғақтарды себетке салып жинап кетейік.Жаңғақтарды шашып кеткен қандай аң екенін білу үшін жұмбақты шешейік.Орманда тағы қандай аңдар бар екен,оны білу үшін мына жұмбақтарды шешейік.(Қоян,түлкі,кірпі,қасқыр)Қоян қыста үйілген бұталардың,ағаштын қуыстарында қыстайды.Құрғақ шөптер мен ағаш қабығымен қоректенеді.Мынау түлкі ,онын мұрны иісті жақсы сезеді ол қардың астынан тышқандарды аулап жейды,құстармен олардың жұмыртқасымен де қоректенеді.Қасқыр- өзінің азығын жүгіріп жүріп аулайды .Қасқыр құстармен дала жануармен қоректенеді.Сергіту сәті: «Көңілді күн».Дид.ойын: «Суретті сөйлет».Әртүрлі суреттерден бірнеше сурет таңдап алып,сөйлемдер құрастыру. Фонетикалық жаттығу.Да-да-да бұл сиқырлы орманда.Ян-ян-ян секіріп жүр қоян.Пі-пі-пі алма жинап жүр кірпі.Қыр-қыр-қыр жортып жүр қасқыр.Ін-ін-ін жаңғақ тереді тиін.Дид.ойын: «Текше».Мұғалім қысқа сөйлем құрастыруға ұсыныс жасайды. | Балалар сұраққа жауап береді.
Мұқият тыңдап алып,орманға баратындары туралы айтады. Балаларды қалың қарды айналып өтіп,көпірден өтеді. Ойын ойнайды. Балалар мұрынмен демалу жаттығуын жасайды Мұғалімнің артынан қайталайды.Балалар қызығушылық танытады,жаңғақтарды себетке жинайды. Балалар жұмбақты шешеді. Балалар қызығушылық танытады, жұмбақтарды шешеді. Сергіту сәтін орындайды.Балалар суретерді тандап алып,сөйлемдер құрастырады. Балалар сөйлемдер құрастырады. |
Рефлекситі түзету | Мұғалім балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін.көңіл күйлерін ,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп,хормен қайталайды.Бүгінгі сабақта барлығы ұнаса ,сендер себетке алма саласыңдар.Егер сабақ ұнамаса , сендер себетке жаңғақты саласыңдар.Балаларды мадақтап, сыйлықтарын таратады . Балалармен қоштасады. | Балалар сұрақтарға жауап береді. Белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.
Балалар себетке алманы немесе жаңғақты салады. Балалар қуанады.Балалар мұғаліммен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:Білулері керек: Берілген жұмбақтарға тез, әрі нақты, дұрыс жауап беру Түсінігі болу керек: Жануарлардың ерекшеліктерін , үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра алады.Істей алулары керек: Берілген сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. Табиғат байлықтарын қорғап, сүйіспеншілік сезімдері артады.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.