Қазақстан екінші жолдастық матчта хорваттармен тең тарқасты

0

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық аясында Хорватия құрамасымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде қос құраманың да футзалшылары есепті аша алмай, ойын тең есеппен аяқталды – 0:0.

Естеріңізге салсақ, кеше Қазақстан мен Хорватия арасында алғашқы жолдастық ойын өткен еді. Бұл кездесуде қазақстандықдар 2:1 есебімен жеңіске жетті.



prosports.kz