Орман дәрігері ертегісі ашық сабақтар

0

Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Орман дәрігері» ертегісі
Мақсаты:      1.Ормандағы құстар жайлы,олардың пайдасы туралы айту
2.Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу
Көрнекілігі:     Ертегі кездесетін құстардың,ағаштардың,орманның  суреті.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 Меңгерілетін сөздер:Бұғана,кемеліне,семіп,құрап,сарнап ,сая,пана,науқас,құр сүлдері,құйқылжыта,ежелгі,кәсіп,айдын көл,келте ,быртық,шіріңкіреген,қауырсын,олақ,т.б.
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
•    Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
•    Психологиялық сәт
«Ақ көгершін» әні орындалады.
IV Мақсат қою
          Балаларға  орман дәрігері ертегісін өтетінімізді ескерту.
 V Жаңа сабақ
  Құстардың суреті.
-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-Қандай құстар?
-Тағы қандай құстарды білесіңдер?
Дидактикалық ойын «Орман ағаштары».Ойынның шарты:Салынған суреттегі ағаштарды атай білу. (қарағай,шырша,қайың)
      Әңгімені оқып беру.
      Сергіту сәті:   Кел,балалар,тұрайық 
                        Үлкен шеңбер құрайық
                         Шаңырақты көтеріп
                        Керегені құрайық
                        Уықтарша иіліп
                         Шаңыраққа қосылып,
                          Қазақ үйді құрайық.
VI Бекіту
     -Терек қандай ауруға шалдықты ?
-Терек көмекті қалай сұрады?
-Теректің дауысын естіп,не ұшып кеді?
-Көгершін қандай құс?
Аққу көгершінге қандай кеңес берді?
-Көгершін қандай белгісіз құсты терекке алып келеді?
-Теректі емдеп берген қандай құс ?
VII Қорыту
«Үй құстары» ойыны.Ойынның шарты:үй құстарын және олардың пайдаларын толық атай білу.
        
VIII Бағалау
           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!