Оқыту принциптерінің сипаттамасы | Скачать Курстық жұмыс

0


Кәсіби лицей сабақтарында оқыту принципін енгізу

Кіріспе
1 Оқу процесінің ғылыми теориялық негіздері
1.1 Оқыту принциптерінің сипаттамасы
1.2 Отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған оқыту принциптеріне талдау
2. Кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптері
2.1 Кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптерінің мазмұны мен ерекшеліктері
2.3 Кәсіби колледждің сабақтарындағы оқыту принциптерін салыстыру тәжірибесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануда. Мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре жүргізу және жаңа талаптар қойылуда. Яғни, бұл дегеніміз – мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын құру болып табылады. Өзінің көшбасшылығын көрсете отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп тапсырмаларды түрлендірудің, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қандай тәсілдер арқылы қалыптастыру жолдарын, оқушының өзін-өзі реттей отырып өз жұмысына баға беруін, сабақта сұрақ-жауап әдістерін қолдануды, оқушылардың түсіну дәрежесін тиімді бағалау, сабақ барысында оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында тапсырмаларды топтық және жұптық жұмыстар арқылы өрбітудің жолдарын, талантты және дарынды балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту мақсатында өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай отырып тәжірибесіне енгізеді. Оқушының жүрегіне жол табу, әр оқушыға көңіл бөлу, әр оқушыға тапсырманы түрлендіріп берудің жолдарын жаңаша тұрғыдан ойлаудың өзі біздің жаңалыққа бет бұрғандығымыздың айғағы деп айтуға тұрарлық.
Қазақсан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Мектепте аса маңызды міндетті шешуде Дидактиканың атқаратын қызметі айрықша.
Білімді игерудегі негізгі міндет – оқушылардың машықтануын, сонымен қатар олардың шығармашылық қақабілеттерін, ізденістерін дамыту. Осы мақсатпен білімнің қандай да бір саласында бар қорытындыға және олардың негізінде жаңа ерекше бұйымдарды, жобаларды, т.б. жасауға байланысты шығармашылық сипаттағы жұмыстардың сан алуан түрлері қолданылады.
Әр пәннің сипатына қарай шығармашылық жұмыстар сан алуан бола алады: баяндап жазу, есеп құрастыру және шығару, конструкциялау, тәжірибиелік жұмыстар, т.б. Оқытудың алғашқы жылдары оқу материалдарын игеруге көп көңіл бөлінеді,бірақ бұл үрдісте де оқушылардың шығармашылықпен келуі едәуір орын алады. Балалардың есепті басқа амалдармен шығаруға, мақалаларды өзінше атауға, материалды өзінше баяндауға, суретке жапсыруда, қайсыбір қолдан жасалған бұйымдарды даярлауда өзіндік элементтерді негізуге тырысуларын мақтаудың өзі – мұның бәрі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытудың ықпалын едәуір күшейте түседі.
Оқушылардың абстракциясын, өзіндік ойлау мүмкіндіктерін арттыру жолдарын іздестіру, қарастыру қажет.
Әр тарауға, әр тақырыпқа әр қырымен келуге болады.Бұл дипломдық жұмыста ол мәселелердің бәрін қамту қиын, мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімнің сабақ өту барысында дидактикалық принциптерді, ережелерді, әр түрлі дидактикалық ойындарды тиімді қолдануда оқушылардың өзіндік ойлауға қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Оқушыларды ойлай білуге дағдыландыру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, еліміздің керекті мүшесі болуды саналарына сіңіру, дарынды болуға тәрбиелеу мақсатымен осы зерттеу жұмысымдытаңдадым.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Зерттеудің нысаны: колледждің оқу процесі.
Зерттеу пәні: кәсіби лицей сабақтарында оқыту принципін енгізу процесі.
Зерттеудің мақсаты: оқыту принциптерін, ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
oo оқу процесінің ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу;
oo оқыту принциптеріне сипаттама беру;
oo отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған оқыту принциптерін талдау;
oo кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптеріне сипаттама беру
oo кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптерінің мазмұны мен ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Оқу процесінің ғылыми теориялық негіздері
1.1 Оқыту принциптерінің сипаттамасы

Оқу үрдісі дегеніміз- білімдік мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушы бірлескен іс- әрекетіндегі ықпалдастық және оның нәтижеге жетуін ұйымдастыру жолдары. Педагогика ғылымын зерттеушілер оқу үрдісіне түрлі- түрлі анықтама бергеніменде, бәрінің тоғысар негізі- оқушының көзқарасын қалыптастырып, қабілетін дамытып, белсенділігін жетілдіріп, оқуға деген ынта ықыласын көтерудегі ыждаһаттылыққа келіп саяды.
Білім берудің жалпы мақсаты тұрғысынан келгенде оқу үрдісінің атқаратын негізгі қызметі- білім беру, дамыту, тәрбиелеу, сонымен қатар оқуға деген ынта- ықыласты жебеп, оны ұйымдастыру. Әрине, мұның бәрі бірлікте қаралатын тұтас құбылыс, алайда білімдендірудің практикалық жолдарын, оқытуды жоспарлаудағы іс- әрекет жүйесін өз алдына қарастырған жөн деп саналады.
Оқыту үрдісіндегі білім берудің атқаратын қызметі оқушының білім, білік, дағдыларын қалыптастырып, ғылым саласындағы заңдар мен теориялардың негіздерін меңгеру болып табылады. Сонда білім– оқушының ғылыми деректі, теорияны, ұғым- түсініктерді қабылдап, есіне сақтап ұғына білуі болса, білік алған білімін,меңгерген, танып- түсінген ұғымын өмір практикасында қолдана алу тәсілі, жолы болып шығады. Ал дағды- алған білім, білігін іс-әрекетке келтіру, ешбір бөгелместен автоматты түрде жүзеге асыру.
Оқыту үрдісіндегі тәрбие болса, оқушының меңгерген білім, білігі барысында оның сезімдік, танымдық көзқарас құндылықтары, тұлғалық болмыс бітімі, мінез- құлқының қалыптасуына ықпалды әсер ете білу. Оқушының оқу үрдісіндегі дамуы- шәкірттің болмыс бітімінің барлық жағынан жетілуі. Саралай айтқанда, тұлғаның психологиялық жағынан өркендеуіндегі ерік қасиеттері, сезімі, қабылдауы, түсінуі, эмоциялық әсерлену шеңбері, сонымен қатар танымдық түйсінуі, іскерлігінің өркендеуі тұрғысынан қаралады. Дамудың жүзеге асуындағы тиімділік- оқыту прнициптеріне және оның әдістері мен тәсілдеріне тікелей байланысты екендігінде [1].
Оқыту принципі дегеніміз дидактикалық үрдісті жүзеге асыруда басшылыққа алынатын жетекші идея мен оны ұйымдастырудағы қағидалық ұстаным және тиісті деңгейлік мөлшерге қойылатын негізгі заңдылық талаптар. Бұл оқыту үрдісін реттеп, ереже белгілеп, деңгейін айқындауға ортақ жалпылама нұсқау арқылы сипатталады. Оқыту принципі қабылданған дидактикалық тұжырымдамаларға байланысты. Оқыту принциптері ілкі тарауда көрсетілген және осы саладағы оқулықтар мен оқу құралдарында жан- жақты сипатталған. Сондай-ақ орталыққа бағынған кеңестік кезеңдегі оқытып білім берудің бірыңғай жүйесі бойынша жазылған педагогикалық еңбектер мен ғылыми зерттеулерде оқыту принциптерінің қағидалары мен заңдары және оның бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары әрбір саладан ашылған.
Оқытудағы ғылымилық принципі оқушыға берілетін білімнің мазмұны ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сәйкес деректерді, теорияны, заңдарды қамтырлықтай болуын талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламасында, оқулықтарда және оқылатын басқа материалдарда да көрініс табатын болса, оқыту барысында оларға ғылыми әдістеме мен ғылыми зерттеудің қарапайым жолдарын да білгізу керек.
Оқытудағы жүйелілік пен бірізділік принципі- берілетін білімнің белгілі жүйеге құрылып, оқу үрдісінде меңгерілетін білімнің логикалық жағынан бірізділік тәртібін сақтау талап етіледі.
Көрнекілік принципі – дидактика саласындағы әріден келе жатқан байырғы принциптердің бірі. Көрнекілік адамның тиісті түсінікті қабылдауына, терең сезінуіне әсер етуімен бірге сол мәселені пайымдау жасай білудің арнасын кеңейтеді. Педагогикада дидактиканың «алтын ережесі» деп аталған бұл принцип оқыту үрдісінде оқушының көрнекілікті бақылап, байқап, көріп, қолымен ұстап, танып- білуі олардың ойлануына деген мүмкіндікті арттырады.
Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos – үйретуші, didaskalos- мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұныны, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады [2].
1.Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.
4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.
Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты- жастарды жан- жақты дамытып, өмірге, еңбек іс- әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау. Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі- оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін,»- деп мектеп реформасында жазылған.

1.2 Отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған оқыту принциптеріне талдау

Жалпы, оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі – оқыту процесінің бөліктері – оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді.
Кез кел-ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады [3].
Оқыту принциптері – мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады.
Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Коменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі – табиғатқа сай болу принципі. Дидактиканың ғылыми негізін салды. Оның «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
VII ғ. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) дамытып оқу принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
IXғ. Неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу.
К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамытуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский,С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Педагогика ғылымының Дидактика саласында белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері ЫбырайАлтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәрапи Әлжанов т.б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Дамытып оқу принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
IXғ. Неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу.
Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан. Ол қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері – бұл балалардың сабаққа, ғылымға өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.
Ы.Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтармен оқу құжаттарын мектептерде ұтымды қолдануда ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, «принцип» сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық – қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар» – деп тұжырымдалады.
Н. Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
В.Е. Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру. Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.
Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.
Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады [4].
Ынталандыру принципі бойынша оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді.
Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше.
3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.
4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы зор.
5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.
6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.
11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.
Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой – пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.
Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері дидактикалық проблемаларды шешудің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қазіргі замангы педагогикада оқыту принциптері оқытудың белгілі объективтізаңдылықтарын өрнектейді және бастапқы ереже есебінде тұсіндіріледі, ол өз кезегінде оқытушы, мұгалімнің қызметін аныктайды, оқушылардың танымдыққызметін көрсетеді. Окыту принципі оқыту стратегиясы мен тактикасын камтамасыз етеді, оқу процесінің кұрылуына, жұмыс істеуіне қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқу-тәрбие процесін интенсификациялау – оқуды күшейту және арттыру, еңбек өнімділігін арттыру оқу процесіне қатысушылардың белсенділігін, даярлығын, салалығын талаптарга лайықтау, оқу процесіне керек кұрал-жабдықтармен камтамасыз ету, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін оқытуға қажет компьютерлермен, окытудың жаңа техникалық құралдарымен қамтамасыз ету. Педагогикалық процесс- оқыту мең тәрбие жұмыстарынық бірлігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңаруы білім берудің концептуалдық базасын негіздеуге және айқыңдауға ерекше мәнділік сипат берді. Педагогикалық білім беру тұжырымдамасы(авторлары Т.С.Садықов, Н.Д.Хмель, Қ.Қ.Жанпейісова, С.Қ.Қалиев, А.А.Бейсенбаева, Н.Н.Хан, С.А.Ұзақбаева, А.Н.Ильясова) Қазақстан Республикасында терең қызығушылық тудырды.

2. Кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптері
2.1 Кәсіби лицей сабақтарындағы оқыту принциптерінің мазмұны мен ерекшеліктері

Конец формы
Начало формы
Конец формы
Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.
Оқу процесі – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:
1. Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім.
2. Білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі.
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:
:: бастауыш кәсіптік білім;
:: орта кәсіптік білім;
:: жоғары кәсіптік білім;
:: қосымша кәсіптік білім.
Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.
Кәсіптік лицей – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Оның мақсаты – азаматты жұмысшы мамандығына дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы оқушылырға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін -1,5 жыл.
Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз – инженер-педагогтық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудың негізі – табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты болды. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық жəне белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік жəне бірізділік; 4) беріктік; 5) түсіністік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен практиканың байланысы [5].
Оқудың дəстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық жəне белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік жəне бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық жəне белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мəні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де əрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тəуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-əрекетті басқару жəне оқу тəрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған əдістер мен оқу жабдықтары жəне т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең əрі берік игеруде пəрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық жəне белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:
– алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну- саналы оқудың қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету маңызы мен мəнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;
– оқыту барысында оқушы не, неліктен жəне қалай істеу керектігін түсінуі, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мəн, мағынасын ұғынуы;
– оқу барысында танымдық іс-əрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану, талдауды біріктіру тəсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-қарсы қоя, біріктіру, сəйкестікті жиі пайдалану, балалардың жасы кіші болса, индукция тəсілін жиі қолдану;
– оқушылар əр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мəн-мағынасын түсінуі; оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тəжірибесіне сүйену, бейнелі салыстыруларды пайдалану, мəн-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болу;
– балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз ету, мұғалімнің түсіндірмесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасының əңгімелеп бергені тиімді де, əрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіне алуы, бала белсенділігін тəрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбау. Есте болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі;
– оқушыларға белгісіз мəліметтерді бұрынғы белгілілерімен логикалы ұштастыру: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында логикалы байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.
– Есте болсын, оқудағы басты нəрсе – оқытылып жатқан пəн емес, ол мұғалім тəрбиесімен қалыптасып жатқан тұлға. Оқушыны пəнге қосалқы элемент болмайтындай етіп оқыту əрі тəрбиелеу, керісінше, оқушыны сол пəнді мұғаліммен бірге белсенді игеретін субъект дəрежесінде тану. Тұлғаны қалыптастыратын пəн емес, пəнді оқытумен байланысқан мұғалімнің өз əрекет-қимылы.
– оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындағы айырмашылықтарды тауып жəне оларды түсіндіруді талап ететін жағдайлар жасау;
– егер əр ереже тиімді сандағы мысалдармен қамтамасыз етілсе жəне сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады.
– игеріліп жатқан материалдардағы басты жəне екінші дəрежелі ақпараттарды табуға жəне ажыратуға үйрету. Оқушыны ең алдымен өзекті проблемаларды түсініп, игеретін дəрежеге жеткізу. Сабақта келтіретін дерек жəне мысалдардың негізгі мəселе мəнін көлеңкелеп тастамауы.
Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді əртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез жəне берік бейнеленіп қалады. Оқу тəжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған [6].
Солардың кейбірін еске салайық:
– сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл əрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу процесінде пайдалану.
– есте болсын, сəби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құралмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.
– оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдалану, дəлірек айтсақ, көз қабылдауына – көретінді, құлақ қабылдауына – естілетінді, иіс, дəм қабылдауға тиісті мүшелерді;
– бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік – мақсат емес, оқушының ойын дамыту жəне оны оқыту құралы;
– оқыту жəне тəрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар жəне бейнелер негізінде жеткізілсе, тез əрі жеңіл қабылданады; олардың мəнін ашуға əрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану;
– көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық ситуацияларда өз бетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді ізденіс жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
– көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық жəне дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жəрдемін беретінін оқу жəне тəрбие барысында естен шығармау;
– оқушы бақылауларын жүйелестіріп, себеп- салдарлармен сəйкестендіру;
– көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын жəне екінші дəрежелілерін өз алдына, содан соң – қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету.
– əртүрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мəн-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
Жүйелілік жəне бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тəсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен жəне оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді əрі жоғары нəтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сəттердің болмауына жəне бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тəуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-əрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік жəне бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бəсеңдейді [7].
Мұғалім практикасында жүйелілік жəне бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:
– оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін схемаларды, жоспарларды орынды пайдалану. Оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге ажырату, оларды бірізді іске асырып бару, балаларды бірізді оқу əрекеттерін жасауға үйрету;
– егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі жетсе, ондай сұрақтарды немесе мəселелерді сабаққа қоймау;
– материалдың мазмұндық жүйесін, сондай-ақ оқу тəсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзету;
– əрдайым пəн аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ оқу əдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
– оқу əдістемелерінің жетістіктерін пайдалану: оқушылармен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды – логикалық схемасын түзу, білімдерді игеру процесін жеңілдететін шараларды қолдану. Оқу барысында жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру жəне жетілдіріп бару;
– қысқа жəне қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі проблемаға орай, сонымен бірге жеке мəселелерді баяндаудан соң да пайдалану, жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болу, сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тəрбиелік) дəріс нəтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идеяларды оқу мазмұнына жəне балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тəрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу.
– өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім мен ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің əрбірінен соң, сабақ барысында іске асып баруы шарт;
– оқушылардың ой өрнектеу тəсілдері мен формаларын бақылап бару, тұрақты əрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделеніп барсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беру.
– оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізу;
– сезімдік тəжірибе мен тірек білімдерді орынсыз əрі жиі жаңғыртуға əуесқой болмау, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріп, əркімге белгілі əшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.
Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады жəне ұзақ сақталады.
Игерілген білімдердің бекуіне жəрдемші оқу іс-əрекеті механизмдерін түсінуден дəстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:
– қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады. Сондықтан аса … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз