Home›Білім›Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері және түрлері
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері және түрлері
11 Қаңтар, 2019, 16:56
0
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері және түрлері
Автор: Амержанова Жанар Балтабекқызы
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: 2 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-11
Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды.Оқыту әдісінің міндеті-кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру,өздігінен жұмыс істеуге баулу.Білім алуда оқушылардың белсенділігі мен саналылығын,білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қасиеттерден туады.Осы қасиеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды.
Оқушылардың таным әрекеті білім алу қасиетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері және түрлеріӘрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды.Оқыту әдісінің міндеті-кішімектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру,өздігінен жұмыс істеугебаулу.Білімалуда оқушылардың белсенділігі мен саналылығын,білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қасиеттерден туады.Осы қасиеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адамбелсенді әрекет жасайды.Оқушылардың таным әрекеті білімалу қасиетімен ұштасып жатады. Кішімектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігінарттырады.Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыну меңгеру ғана емес,оларды өмірде,практикада пайдалана білуге,үйренуге, істейтінсаналы әрекет.Мысалы,мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін,оқушының зейін қойып таңдауы,ал оған білімін кенейтіп,толықтыру үшін,өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы,жазып,сызуы сияқты жұмыстар орындау қажет.Өйткені,өткен материалдысаналы қайталау,білім алу,дағдыларын үйрену,белсенділікті қажет етеді.Яғни, оқушылардың белсенділігіауызша,жазбаша жұмыстарда,бақылау жүргізу барысында қалыптасады.Оқу барысында оқушының белсенділігіекі түрлі сипаттаболады.1-Сыртқы белсенділік: 2-Ішкі белсенділік:Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері.Олар мыналар-белсенді қимыл-қозғалыстары,практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы,мимикасы.Оқушының ішкі белсенділігіне-оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.Белсенділікжеке басқа тән,маңызды бір қасиеті болып саналады.Оқушы белсенділігі бірқалыпты болмайды.Оқушының жасерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасады дамиды.1-Қимыл және сөйлеу 2-Ойын және оқу 3-Өзін—өзі тәрбиелеуОсыдан шығатын қарытынды оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту әдіс де, оқыту принципі де емес, ол оқушының күрделі әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайыбірформасыболыптабылады.Оқыту процесіекі жақты процесіболғандықтан,оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен,сонымен қатарОқушылардың дербестігін, олардың қызығын өз ықыласымен жасайтын әрекетінде керекетеді.Р.Г.Лемберг,М.Н.Скаткин,В.А.Занковсынды педагог психологтар оқушылар өзіндік жұмыстарының негізгіерекшелігі олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауынабайланыстыдеп санайды.Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын терең түсіну үшін оның атқаратын рункциясы мен міндетттерінатапайтуға болады.1.Оқушылардың дербестік қасиетін арттыру2.Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету3.Оқушыларда оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру4.Оқушылардың таным ақыл ой қабілеттерін дамыту5.Оқушыларды сыныптан,мектептентысдербесбілім әзірлеу6.Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып,үлгірмеушілікті болдырмауға әсер ету.Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан.Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе.Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнешешарттар мен белгілердіескеру керек.Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушының даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады.Оның негізгіжиікездесетінбір тобы-сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері.Олар мыналар:Жаңа білімдімеңгеруіЖаңа білімдібекітуБілім мен дағдыларды қайталау,бақылау және тексеру.Кішімектеп жасындағы оқушылардың өздік жұмысы білік пен дағдыны қалыптатырудың тиімдіжолы болғандықтан В.А.Сухомлинский «Оқушылар оқуға қажетті білім дағдылар меңгеру қажет» деді.Оқушы міндетті түрде мынандайбіліктер мен дағдыларға иеболуытиіс.1.Сыртқы қоршаған ортаның құбыластырын бақылай білу.2.Ойлай,қиялдай білу.3.Оқушы өзінің көргенін,байқағанын,істегенін,ойын тұжырымдап айтабілуі.4.Өзіне керектікітаптытабаалу.5.Оқу үстіне тақырыпқа байланыстыматериалдыкітаптан өз бетіншетауыпалуы.6.Мәтінді оқи отырып мұғалімнің берген нұсқаларын орындыайбілуі.7.Оқығаны, көргені туралы өз бетінше мазмұндама,шығарма жазабілуі.Оқушыларда осындайшеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда ойдағыдай оқып өз бетінше оқып жұмыс істейалмайтынын В.А.Сухомлинский ескерген.Кішімектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарының екіншітобына оқыту әдістеріне байланыстыіскеасырылатын жұмыстардың түрлері жатады:оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу:шығармашылық жаттығулар,бақылау, эксперимент.Оқушылардың дербестігін даму дәрежесіне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болыпекі топқа бөлінеді.Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеунегізіндежасайтын жұмыстары.Мысалы, жай жаттығу,көшіріп жазу,мұғалімнің берген сұрақтарына жауапберу,берілген жоспарға сәйкес оқулықтардағы мәтінмен жұмыс істеу,сабақта анатілінен өтілген тақырыпқа ұқсас мәтінді қарастырып оқу.Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиістіжерінде қолдануға міндетті.Және оның біререкшелігі оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.Анатілі пәнін оқытқан да оқушыларды мынандай жұмыстарды орындауға үйрету пайдалы.1.Оқу: түсіндірмелі ,мәнерлеп,рөлдерге бөліп жаттау, баяндау,сұрақ жауап бұлар көбнесе анатілі сабағында ауызша жүргізіледі.2.Жоспар: мазмұндама,шығарма,жазу,талдау жұмыстары жазбаша жүргізіледі.Осы жұмыстарды түрлендіріп,күрлендіріліп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмысы етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігінебайланысты.Сондай-ақ оқушылардың өзіндік жұмыстарын олардың таным,іс әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады.Ақмола облысыБурабай ауданыЖасылауылыЖасыл ауылының негізгі мектебі«Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері және түрлері»(баяндама)Амержанова Жанар Балтабекқызы