«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер»

0









«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер»

Автор: Сарсенбаева Асылгул Мусаевна

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Семинарлар Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-02-02



Материал туралы қысқаша түсінік

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер»
тақырыбындағы қалалық семинар. Оқушылардың функционалдық сауаттылығына көп көңіл бөлу қажет. Оқушының қабілеті оның функционалдық сауаттылығын арттырмасақ ешқашан дамымайтындығын барлық мұғалім қауымы өте жақсы біледі. Сол үшін қалалық көлеміндегі семинарда функционалдық сауаттылығын арттырудағы әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша өзімнің іс-тәжірибеммен ой бөлістім.







1 бет

Коучинг сессия тақырыбы
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер»

2 бет

От су күн

3 бет

Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар. Су Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар адамдар.Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

От

4 бет

Оқыту және оқу дегеніміз не?

5 бет

Оқыту — оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Оқу — теория мен тәжірибені байланыстыру арқылы адамзат тарихындағы ғылыми білімдердің маңызын ашу.

6 бет

І кезең «Ой қозғау»

7 бет

Майданнан хат
Хат жазамын майданнан,Мейірімшіл ғазиз-анама«Жақыным-жарым» дегенмен,Анаңдай жақын бола ма?Көңіліңде тілек, көзде жас,Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,Сарғайдың ба санаға?Сағынған соң мен ойлап,Жүрегің отттай жана ма?Ет бауырың елжіреп,Қайғыра берме балаңа.

8 бет

Мен бір жырды жырлайын,Жырласам нені жырлайын?Ертеде өткен Абылай,Ханымды жырлайын!Онымен қоймайын,Оның атысқан жауынЖырлайын.Қосқан малын жырлайын.Мінгенде аты кер еді,Есенқұл мен ЕрсадырҚырғызда даңқы бірге шыққанер еді.Анау бір Сәдір аттанды,Аттанды да баптанды.Қазақ бір ойға түскендеТыныш ұйықтап жатпады.

9 бет

Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп туысқан
Отан — ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша — бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз

10 бет

ІІ кезең «Ең алғыр»

11 бет

Ертегілер
Тазша балаАй мен КүнБір үзім нан

От
Су
Қаңбақ шал Алтын сақаМұрагер
күн
Ғажайып бақОлжа Ер төстік

12 бет

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, етінен кемпір мен шалға бір түйір де берместен, арқалап кетіпті. Келе жатса бір өнерші байдікіне келеді. Бұл байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты. Өнерші бай қатты жауыз адам екен, ол жалданған жігітті бір сандыққа салып қойып, аштан өлтіріпті. Үйінде қалған ортаншы баласы, бұл да өнер үйренбекке талап етіп, олда ағасының кеткен жолымен кетіп, ол да өнерші байға келіп жалданыпты. Өнерші бай оны да ағасынша аштан өлтіріпті. Үшінші ұлы баласы, ол да ағаларындай өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, жарты етін әке-шешесіне беріп, олардан рұқсат алып, арқалап кетіпті. Келе жатса бір қора қойға ұшырапты. Бұл қора қойдың қойшысына жолығып сұраса, бұл қойлар өнерші байдікі екен.

13 бет

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:-  Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:-  Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді.Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:-  Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,—дейді.Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:-  Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес,—дейді.Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кішіұлына бұрылып:-  Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді.Сонда кенжесі:-  Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат-жігерге толы жүрегім бар,— дейді.

14 бет

Бір күні жолбарыс, қасқыр және түлкі жиналып алып, бірге азық аулауға шығыпты. Олар бір ешкі, қарақұйрық пен қоянды аулап алып жолбарыстың үйіне алып келіпті. Қасқыр мен түлкі жолбарыс қалағанын алып, қалғанын әркімге бөліп береді деп үміттенеді. Жолбарыс олардың ойын түсініп қояды да, ішінен “Сендер солай ойлай беріңдер, ал мен басқаша істеймін. Ал енді не боларын көрейік!” дейді. Алайда аңдардың әрқайсысы өз ойын ешкімге білдіртпейді. Барлығы жатып қалған кезде жолбарыс қасқырға қарап былай дейді:
— Сен менің көмекшімсің ғой, біздің мыналарды бөлші!
Қасқыр іске кірісе жөнеледі.
— Сен үлкенсің, — дейді ол жолбарысқа, — ешкі де үлкен, яғни ол сенікі. Мен үлкен емеспін, қарақұйрық та үлкен емес. Ол менікі болсын. Ал түлкі кішкентай, қоян да кішкентай. Ол түлкіге бұйырсын.
Жолбарыс ашуланып:
— Байқаймын, сен бәрінен бұрын өзіңді ойлайды екенсің: “Мен мұндаймын… Бұл мені­кі…”. Ал сен кім едің? Сен өзіңді кім деп санайсың? Өзіңді кім деп ойлап жүрсің? Сен, байқұс, кіммен таласқалы тұрғаныңды білесің бе?! Қане, маған жақын кел!
Қасқыр жолбарысқа жақындай бергенде жолбарыс ақыра жөнеліп, байқұсты бір соққаннан өлтіреді.
  

15 бет

«Ойлы болсаң,озып көр!»  

ІІІ кезең

16 бет

Ертегілер
Шыншыл ертегілерҚиял-ғажайып ертегілерТұрмыс-салт ертегілерЖан-жануарлар ертегілері

17 бет

ІV кезең «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау)

18 бет

Қазіргі ұстаз
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. 
Мұғалімнің бір ғана сыры — оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам — кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнайды.

19 бет

Қазіргі ұстаз қандай болу керек?
Мұғалім өз пәнін терең меңгерген білімі мен білігі жоғары болу керек;кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай алатын, шыдамды болу;Мұғалім тілді жақсы меңгерген тіл шебері болу керек; Өйткені сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі — өнер. Себебі, тіл — тәрбие құралыМұғалімнің бойында байқағыштық сезімталдық қасиет болу керек;Шәкірт жүрегіне білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін тұлға болу қажет;Мұғалім жан-жақты дарынды болу қажет;Мұғалім үздіксіз, тынымсыз ізденетін, шығармашыл болу керек;Мұғалім үлгі-өнеге көрсете алатын, мәдениетті тұлға болу; Себебі, мұғалімнің келбеті-сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. 








Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.