Өнертану — өнерді зерттейтін қоғамдық ғылымдар жиынтығы

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге

Таңдаулыға:   




Өнертану — өнерді зерттейтін қоғамдық ғылымдар жиынтығы. Өнертану тұтас
алғанда қоғам тудыратын бүкіл көркем мәдениеттің  бірін зерттейді және
өнердің әр саласын өзінше жеке-жеке қарастырады, олардың ерекшелігі мен
болмысқа қатынасын тексереді. Өнердің пайда болуын, өркендеу қалыптасу
сатыларын, адамзат тарихынан алатын орнын, атқаратын қызметін, мәдениеттің
және де басқа құбылыстардың арақатынасын нақтылайды, көркем шығармалардың
мазмұн мен түр мәселелерін анықтайды.
Өнертануға әдебиеттану, музыкатану, театр тану, кино тану ілімдері
жатады. Өнертану ғылымы мұнымен бірге көркем өнердің кеңістіктік және
пластикалық түрлері (архитектура, сәндік қолданбалы өнер) кіреді.
Демек, өнертану бейнелеу өнердің, архитектура мәселелерін, сәндік
қолданбалы өнер мен дизайнды зерттейтін ғылым болып табылады. Сонымен
өнертану ғылымы бірімен-бірі  тығыз байланысты өнер теорияс, өнер тарихы
және көркем сын деп аталатын негізгі үш саланы қамтиды.
Өнер теориясы дәуір талабын, эстетикалық талғам-тілекті ескере отырып,
қоғамдық пластикалық өнер және оның жеке түрлері жөніндегі әлеуметтік-
философиялық көзқарастарды қорытып әрі дамытып отырады. Ол өнердің идеялық
мазмұны, көркемдік тәсілі, көркемдік формалары, бейнелеу құралы, өнер
техникасы мен технологиясы, түр мен жанр ерекшелігі т.б. мәселелерді өзара
байланысты күйінде алып зерттейді.
Сонымен қатар өнердің жалпы заңдылықтарын, объективті логикалық
дамуын, қоғаммен ара-қатынасын, ұжым мен жеке адамдарға әсерін жан-жақты
қарастырады.
Өнер тарихы өнердің даму жолын дүние жүзі көлемінде тұтас, не кейбір
елдің немесе жеке дәуірдің өнерін де зерттеп бағалайды, өнердің белгілі бір
түрі немесе бүкіл бір бағыт пен ағымның пайда болу, жетілу-тоғысу
себептерін түсіндіреді. Көркем сын замани көркем өмір құбылыстарын, қазіргі
өнердің жанрлары мен түрлерін, бағытын, оның шеберлерінің шығармашылығы мен
жеке көркем шығармаларды талдайды және бағалайды.
Өнер құбылыстарының өмір мен уақыттың қоғамдық идеалдарымен қатысын
тап мүддесі тұрғысынаналып тексереді. Өнертану зерттеулерінің нәтижелері
теориялық немесе тарихи проблемаларға арналған теориялық трактат, суреткер
парызы жөнінде толғаныс, теориялық немесе тарихи зерттеу, жалпы немесе
арнаулы еңбектер (монографиялар), мақала немесе баяндама, күнделікті көркем
өмірдің аталған немесе басқа да мәселелерін қамтитын шолу-сын немесе этюд.
т.б.болуы мүмкүн. Өнертанудың негізгі салалары мен жанрлары ретінде
айтылмыш міндеттерді жүзеге асыру қызметін атқарады.
Ғылымның жеке бір саласы ретінде өнертану әділ әрі дәл сөйлеу қасиеті
тұрғысынан қоғамдық және нақты ғылымдар тәсілін де қолданады.  Бірақ,
негізгі мән артатыны шығармашылық болғандықтан, эстетикалық түйсік пен
талғам және танымға көбірек бой ұрады. Мұның бәрін зерттеуші – ғалым өз
шама-шарқынша дәуір, тап түсінігі деңгейінен көруге күш салады. Өнер сыны,
тарихы, теориясы бір-біріне және эстетикаға тығыз байланысты болып
табылады. Өнертану ғылымының барлық салаларында да көркем шығармаға белгілі
бір эстетикалық баға беру үшін оның мазмұны мен түр ерекшеліктерін, оның
біртұтастық сипатын анықтау мақсатында талдау тәсілін қолданады.
Өнер тарихының нақты фактілерін жинап ұқыпты өңдеуге және қорытуда
өнертану ғылымы зор жұмыстар жүгізе алады.
Қазба жұмыстарын жүргізу, және экспедициялар шығару арқылы қалпына
келтіру, өңдеу жұмыстарын ұйымыдастыру, ескерткіштерді анықтау, оларды
тіркеу және жүйеге түсіру,  суреткер немесе шығармалар жөнінде мәліметтер
жинау, музейлік және көрмелік каталогтар, өмірбаяндық және басқа да
анықтамалар жасау, суреткердің әдеби мұраларын, мемуарларын, хаттары … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

Дереккөз: https://stud.kz