Өлең: Қадыр Мырза Али (Ұсыныс) » ZHARAR

0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ұсыныс) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Ұсыныс) на казахском языке

Класкомға лайық
Бір оқушы табайық,
Деп бәріміз жиналдық,
Келісе алмай қиналдық.
Күләш тұрып Ұмсынды
Бірінші боп ұсынды.
Жатып тұрып мақтады,
Жамандығын таппады.
Бірі ұсынды Манапты,
Бірі ұсынды Данапты.
Едім мен де үмітті,
Бірақ мені ұмытты.
Бұған өзім төзбедім,
— Сөз беріңдер, сөз!— дедім.
Бәрі маған қарады,
Көздер тесіп барады.
Алдым да бір жөтеліп,
Даусымды сәл көтеріп:
— Достар!— дедім,— Осыған
Мен өзімді ұсынам!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз