Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұзау мен Тоқты) » ZHARAR


Бұзауға қарны ашқан соң Токты келіп,
— Шөбіңнен бір жейтіндей берші!— деді.
Ал Бұзау өтірікті соқты келіп,
— Сұраған сенен бұрын көрші,— деді.
— Япыр-ай, қандай сараң шырақ едің,
Бұлай деп ойласамшы!— деді Тоқты,—
Әшейін сынайын деп сұрап едім,
Берсең де алғым келіп тұрған жоқ-ты!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com