Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрегім)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрегім) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрегім) на казахском языке

Кейде суық, кейде жылы,
Кейде тәтті ләззат тілі.
Кейде бейне көңіл нұры,
Кейде махаббат өнген гүлі.
Сұрғылт дүние теңізінен,
Сұстана қорқып жиренген.
Тақуа тіршілік негізінен,
Өшпейтін өнер үйренгем.
Жүрегім менің жүйткіп жүзген,
Долы мұхит кемесі.
Шабыт туып шаттық жүзден,
Келешек өмір елесі.
Жүрегім менің — дәл соққан
Уақыты өмірдің,
Талабыма нұр жаққан
Қуанышы көңілдің.
Жүрегім менің — жанған от,
Жылуы бітпей сөнбейтін.
Жүрегім менің — ұшқан оқ,
Тастауға қағып көнбейтін.
Кейде мұңлы, кейде шат,
Жүрегім менің қат-қабат.
Аяулысы сол жүректің
— Ләззәтті махаббат

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!