Өлең: Мұқағали Мақатаев (Оспанхан Әубәкіровке)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Оспанхан Әубәкіровке) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Оспанхан Әубәкіровке) на казахском языке

Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай,
Күн көзін тұман тағы қаптағаны-ай!
Аяз Атаң тәттісін үлестіріп,
Ащысын екеумізге сақтағаны-ай!
Тұрғызбастай тұмшалап қаралықты,
Жердің бетін ақ ұлпа қар алыпты.
Кеше біздер жылатып тастап кеткен,
Ойнатып жүр сәбилер балалықты.
Toп шымшық тал басына үймеледі,
(Көрінген сауысқаннан именеді.)
Бір орында бір биді мың қайталап,
Секектеп олар қашан билегелі…
Аяңдайық ауылымыз жаққа қарай
Қайың да ақ, терек те ақ, ақ қарағай,
Пай, пай, шіркін! Демін-ай жігіт-қыстың!
Қарғыма-ау, күйдіре ме-ау, от па, қалай?

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз