Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кең дүние төсіңді аш мен келемін)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кең дүние төсіңді аш мен келемін) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кең дүние төсіңді аш мен келемін) на казахском языке

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар — бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар — бусанып терлегенім.
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған»
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!