Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен) на казахском языке

Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен,
Кейбіреуге қарыздар емеспін мен.
Пейілімді теңізбен таластырып,
Тереземді аспанмен теңестірем.
Досқа сыйын, заһарын шашар жауға,
Қарыздармын халқыма қашаннан да.
Қабырғасы қайысып қарт әжемнің,
Қалай тұрам, көзіне жас алғанда.
Қайғы түссе басына бір ағаның,
Қалай ғана шыдап мен тұра аламын.
Жасын сүртіп солардың, бірге жылап,
Бірге күліп солармен, жұбанамын.
Ести тұра шырылын жас баланыц,
Қалай ғана алшаңдап, мастанамын.
…Тік көтеріп сәбиді уатпасам,
Сәби-халқым, саған мен масқарамын.
Сәби-халқым, сарыла сыр ақтарам,
Жалған ой, жасырын күй жырақ маған.
Сенің үнің мендегі, сенің жырың,
Сенің ойың санамда тұрақтаған

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз