Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кейіме інім)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кейіме інім) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кейіме інім) на казахском языке

Кейіме, інім,
Сен тартқан мұңды мен емгем,
Кеткенмін сосын,
Өзімді-өзім жебеумен.
Анамыз жомарт,
Бабамыз жомарт дегенмен,
Жыламай жатсақ,
Жарылқап, емшек берер ме.
Кейіме, інім,
Кездескен мұңға алғашқы,
Кесірлі шақтың болмасын тіле алды ащы.
Қып-қызыл шоқтан суырып алып зергерлер,
Салмай ма суға сертке ұстар семсер-алмасты.
Кейіме, інім,
Керемет күндер алдыңда.
Кемсіне берме,
Керенау тартса, тағдырға.
Сүрініп кетсең, қарғып тұр қайта, даярлан
Кедергілерден екінші рет қарғуға.
Келіпсің інім,
Кеңесіп қайттың көктемде.
Кейітпес едім,
Болмады билік тек менде.
Жұлмалап, тонаи, қалдырып мені шеткеріге,
Жымысқы-уайым жылысып саған жеткен бе?!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!