Өлең: Мұқағали Мақатаев (Интервью)


(Шет елдік әріптеске)
Біз мына қоғамменен бірге өсеміз.
Тілдесеміз, үнімен үндесеміз.
Ақиқатты айтуды бізден сұра,
Ақиқатты айтуды білмесеңіз.
Әкелер салып кеткен іздерменен,
Келеміз анық басып біздер деген.
Біздер деген — қоғамның қолқанаты,
Біздер белек жандармыз сіз көрмеген!
Солдатпыз Отан үшін жанын үзген,
Арымызбен, қаламмен, қанымызбен.
Өз дәуірін өзгеге билетпейтін,
Күрескерміз!
He керек тағы бізден!
Біз — солдаты Ленин қоғамының,
Иесіміз Балға мен Орағының.
Біз — Отанның қаруы, дарынымыз,
Ақынымыз Советтер Одағының