коммуналдық қызметте істейтін жұмысшыны көлік қағып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

КамАЗ-дан секіріп түскен ер адамды көлік қағып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Алматыда коммуналдық қызметте істейтін жұмысшы көлік астына түсіп, көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты Тілендиев және Шәкәрім көшелерінің қиылысында болған.

Volkswagen Passat солтүстік бағытта Тілендиев көшесімен кетіп бара жатады. Шәкәрім көшесімен қиылыста қаланы тазалау жұмыстарына пайдаланылатын КамАЗ тоқтап тұрған.


©
Sputnik / Стрингер.

Коммуналдық қызметте істейтін жұмысшы көлік астына түсті

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы КамАЗ-дан секіріп түскен кезде, Volkswagen Passat көлігінің үстіне құлаған.

Тағы оқыңыз: Алматыда тәртіп бұзған жүргізуші полицейді 200 метрге сүйреп әкетті

Volkswagen Passat тұрақта тұрған Nissan Cefiro көлігін де қағып кетеді.

Жұмысшы көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.



sputniknews.kz