Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Туған ұлдан не пайда)

0

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Туған ұлдан не пайда) казакша Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Туған ұлдан не пайда) на казахском языке

Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Әлпештеп қолда өсірген,
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса?!
Алаштың байлығынан не пайда,
Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары даладан
Екіндіде құлаған,
Тарығып келген ерлерге
Қайыры оның болмаса?!
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда,
Қаріп пенен қасірге
Туралық ісі болмаса?!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!