Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қаланың тас көмкерген тірлігінен) » ZHARAR

0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қаланың тас көмкерген тірлігінен) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қаланың тас көмкерген тірлігінен) на казахском языке

Қаланың тас көмкерген тірлігінен,
жаныма жай таба алмай зыр жүгірем.
Биікке талпынсам да, тырп еткізбей
әйтеуір тұмшалайды түрлі жүген.
Жеткендей бір сәулеге шам жақпай біз,
алшаңдап «азатпыз» деп айға аттаймыз.
Бас ұрып жалтаңдаймыз көрінгенге,
әкімге жағынамыз, жалбақтаймыз.
Сүт, нан деп шал мен кемпір, қара бала –
кезекте дірдектейміз таң ағара.
Тар үйде бала-шаға шүпірлесіп
күтеді кезек дәретханаға да.
Әбжылан жылжып еніп кемемізге,
азабын өмір бойы шегеміз бе?
Тәңірім Хауа шешем қылмысының
жазасын тартқызады неге бізге?!
Тыпырлап тар бөлмеде тұншығамын,
жалпылдап сөне береді жыр-шырағым.
Ұрынған теріс ағынға қайықтаймын,
білмеймін құтқарам деп кім шығарын

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com