Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Алтын қызға)

0

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Алтын қызға) казакша Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Алтын қызға) на казахском языке

Алтынжан, сен де Керей, мен де Керей,
Ән салсам бүлкілдейді айыр көмей!
Алтынжан, домбыраңды маған берші,
Тағы да істеп берер арық Керей.
Алтынжан, домбыраңды сұрағаным,
Домбыраң маған тіпті ұнағанын.
Құбылтып неше түрлі әнге қоссам,
Қояр еді жас бала да жылағанын.
Алтынжан, домбарыңды берсең маған,
Риза боп жүрер едім мен де саған.
Дәм жазып бір жат елге бара қалсаң,
Еске алып, барып жүрер Біржан ағаң

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз